Материалдар / "Ауа-газдар қоспасы" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ауа-газдар қоспасы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар: - aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады; - ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді; - жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді; - жану өнімдерін анықтай алады;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2018
923
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: Ауа –газдар қоспасы

Мектеп: Балқаш қаласы ЖББ № 5 орта мектеп


Күні: 01.02.2018

Мұғалім: Торебекова С.С.


Сынып: 8

Қатыспағандар


Қатысқандар




Сабақ тақырыбы

Ауа. Ауа құрамы.


Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

ауаның құрамын білу;

атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру


Сабақ мақсаты

Ауа газдар қоспасы екенін біледі.

Жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді

Жану кезінде атмосфера ауасының ластанатының түсінеді


Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады;

- ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді;

- жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді;

- жану өнімдерін анықтай алады;

- жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді;

-жұмысқа ғылыми қорытынды жаза алады;

- 7-8 сұраққа дұрыс жауап береді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен май шамның ауада жану сынақ нәтижелерін ауызша сипаттайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ауа, ауа құрамы, азот, оттек, көмірқышқыл газы, инертті газдар, көмірсутек, су буы, жалын, күйе, жану, жану өнімдері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Ауа құрамы .... газдардан тұрады.

  • ..... жанған кезде ..... өнімдер түзіледі.

  • ..... бірден өшпейді, ...... тікелей өшер алдында сары түске еніп ......түзіледі, бұл жағдайда стаканның ішкі бөлігі .......... бөленеді.


Пәнаралық байланыс

География.

Атмосфераның құрамын сипаттау

(үй тапсырмасында география пәнімен байланыс)


Құндылықтарды дарыту


Бір-біріне құрмет

Жауапкершілік

Өмір бойы оқу


Бастапқы білім


Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар



Жоспар


Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

3











(4 минут)




























Сергіту сәті

Оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал тудыру.Химиялық терминдерді қатыстырып,өз есімдеріне байланысты сөз айту.. Оқушыларды 3 қатарға отырғызу:

  1. Қатар: ауа-air

  2. Қатар: оттек - oxygen

  3. Қатар: жалын- flame

Жедел сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау:

1. Оттек элементіне жалпы сипаттама бер

2. Оттегінің атмосферада таралуы және қолданылуы

3. Озон-оттектің аллотропиялық түрөзгерісі.

Атмосфераның құрамын сипаттау

Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабақ тақырыбы және мақсаттары айтылады және жаңа сөздер беріледі.

Белсенділік тапсырмасы.

Ауа құрамының диаграммасын құру

Мұғалім әр оқушыға газдар мен массалық үлестері жазылған карталар таратады. Тақтағы оқушылар ауа құрамының диаграммасын құрады.

(Б) Бағалау: ынталандыру сөздерімен бағалау.

1-тапсырма

Фосфордың (Ү) жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата

2-тапсырма

К, Са, АІ –дің оттекпен реакция теңдеуін жазу

3-тапсырма

Ca + O2 =

C + O2 =

Na + O2 =

4- тапсырма

24г магний қанша грамм оттекпен әрекеттеседі

Қосымша тапсырма:

Есеп.

  1. NO2 ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есепте.

  2. Массасы 20 г сутек газының стандартты жағдайдағы көлемін есепте.

  3. KMnО4 құрамынан оттегінің массалық үлесін есепте.

Үш тілде атауларын тауып тақтаға ілу.











Инсерт әдісі арқылы берілген мәтінді оқып өз ойларын айту

v- білемін

+-жаңа

- - келіспеймін

?-сұрағым бар


Қосымша 1

Презентация

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/10276-aua_zhane_onyng_quramy

https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=11331

Ортасы


15 минут



















5 минут










10 мин






(Э) (Жж) Ауаның құрамын зерттеу зертханалық жұмысы орындалады.

Алдымен оқушылардан қауіпсіздік техникалық ережелері сұралады.

Видео-бейне көрсетіледі

Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Жұмыс мақсаты, жұмыс барысымен танысады. Жұмыс барысы бойынша жұпта зертханалық жұмыс орындалады.

Оларға стаканмен май шамды жапқан кезде, май шам жалыны баяу өшетінін түсінулеріне мұмкіндік беріледі. Судың көтерілу деңгейіне назар аудару керектігі айтылады. Оқушылар судың деңгейі 1/5 бөлікке көтерілгендігін түсіндіреді.

Оқушылар мұқият бақылап, жаңа сөздерді қолдана отырып өз қорытындыларын жазады.

(С) Нәтижелер сыныппен талқыланады және оқушылардың бастапқы белсенді тапсырма бойынша құрған диаграммасын эксперимент жүзінде анықталған оттектің массалық үлесімен салыстырады.

(Б) Бағалау: бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

(Т) Оқушылар атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жайында постер дайындап, сыныптың алдында баяндайды.

Постерге қойылатын талаптар:

  • Тақырыптың мазмұның аша білу (3 балл)

  • Ғылыми тілде жеткізе білу (3 балл)

  • Эстетикалық көркемділігі (3 балл)

  • Қолданылған ресурстар тізімі (3 балл)

(Б) Жоғардағы талаптар бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Ең жоғарғы 12 балл

Cабақ бойынша қорытынды тапсырмасы беріледі.

(Б) Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Қосымша 2


майшам, шыны, стақандар, шыны бет, петри табақшасы, маркер, сіріңке

Балауыз шаммен тәжірибе үшін оқушыларға арналған жұмыс парақтары:










майшам, шыны, стақандар, шыны бет.





https://bilimland.kz/kk/content/lesson/10276-aua_zhane_onyng_quramy






https://www.youtube.com/watch?v=m5f-_AS7TZk




Соңы




(3 минут)

Кіріктірілген үй тапсырмасы- «Оттек-тіршілік тірегі» эссе жазу беріледі

«Бес саусақ»
Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз:

  • 1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

  • 2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

  • 3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

  • 4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

  • 5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

Мен нені зерттеп білдім?

Мен нені үйрендім?

Қандай нәрсені маға әлі де жақсырақ үйренуім керек...?




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!