400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ауа қалай қозғалады?

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныптың Жаратылыстану пәніне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4


Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар:

Күні

29.11.2019

Тақырыбы

Ауа қалай қозғалады?

Оқу мақсаты

4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

ауаның табиғаттағы орын ауыстыру үдерісін сипаттайды;

ауаның қозғалысына мысал келтіреді.

Бағалау критерийі

Ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін сипаттайды

Ауа қозғалысына мысал келтіреді.

Тілдік мақсат


Пәндік терминология мен тірек сөздер

ауа қозғалысы, жел


Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

АКТ қолдану дағдылары


Алдыңғы меңгерілген білім

Ауаның құрамын, оның қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы







Сыныппен амандасу

Психологиялық ахуал.

- Балалар мен сендердің бүгінгі көңіл - күйлеріңді білуім үшін ойын ойнауға шақырамын.

"Тамаша күн" ойыны

Ойынның шарты : Балалар мұғалімнің қойған сұрақтарына бас бармақтарын көрсете отырып, "Тамаша" деп жауап береді.

- көңіл күйлерің қалай?

- ауа - райы қандай?

- қыс мезгілі қандай?

- қармен ойнаған қандай?

- біздің сыныбымыз қандай?


- Олай болса дәл осындай Тамаша көңіл - күйімізбен бүгінгі сабағымызды бастайық.

- Үй жұмысын сұрау. "Сұраққа толы доп"


Тақырыпты ашу: "Көрінбейтін сиқыршы"

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездеседі. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенің сезесің. Ол есікті тарс жабады. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенің көресің, оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқаның сезесің. Ол сенімен бірге жүреді. Барма, жоқ па анық білмейсің,

Ол жоқ жерде, өмір мүлде сүрмейсің. Ол не?

"АУА"

Жедел жауап.

- Ауа деген не? (Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап түр. Осы қабатты атмосфера деп атаймыз)

- Ауаның құрамын ата. (оттегі, көмірқышқыл газы, азот,)

- Ауаның қандай қасиеттерін білесің? (түссіз, иіссіз, серпіледі, жылуды жай өткізеді, өсімдіктер өседі, мөлдір, от жағу үшін)

Ауаның қасиеттерін тақтаға жазу.


























.

Сабақтың ортасы






























































"Ауа қозғаласын анықтау"

- Олай болса, қазір ауа жанымызда барма екен, қолымызбен бетімізді желпіп көрейік! Нені байқадық?

(суық ауаның соққанын сезінгенін айтады)


- Дұрыс, бұл ауаның қозғалысы.

Күтпеген сәт. есік қағылып шарды беріп жібереді.

- Балалар, бізге мына шарды поштасы алып келіпті. Бұны жіберген досымыз - Самал жел екен.

"Шардың ішінде не жасырғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?" шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығарамыз.


Ауаны не үшін салқындатады?

Желдеткішті ашып көру немесе салқындатқышты қосу.

Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу.

- Суық ауа қандай бағытта қозғалады? Ол қандай түспен көрсетілген?

- Жылы ауа ше? Ол қандай түспен берілген?

- Салқындатқын неліктен есіктің жоғарғы жағына, ал батарея терезенің астына орналастырылған?

- Салқындатқыш не үшін қолданылады?


- Қане балалар, енді ауа жайлы түсініктерімізді іс - тәжірибемен толықтырайық.


Зерттеу жұмысы.

Шағын топтарға біріктіру.

Ресурстар тарату: А4 қағаз, қайшы, жіп, қарындаш, қағаз қыстырғыштар, электрлік жылытқыш құрал (радиатор) немесе майшам, зерттеу нәтижесін тіркейтін парақ пен маркер. Егер сынып бөлмесіндегі радиатор жабық болса немесе электрлік жылытқыш құрал әкелуге мүмкіндік болмаса, майшам қолдануға болады, алайда мұндай жағдайда тәжірибені мұғалімнің басшылығымен жүргізу ұсынылады.

Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру.

1. А4 парағына үлгі бойынша тұйықталмаған шеңберлерден спираль суретін салу.

2. Спираль суретін қайшымен қиып алу.

3. Спиральдің бір ұшына (шеңбердің ең ортасындағы) жіп тағып, қағаз қыстырғышпен (скрепка) қыстыру не степлермен бекіту.

4. Спиральді жылу батареясы немесе электрлік жылытқыш құралдың үстіне жібінен ұстау. Сәлден соң қозғала бастаған спиральді бақылау.

5. Бақылау нәтижесін тіркеу.

6. Қорытынды жасау.

Зертте бойынша жылы ауа жоғары көтеріледі, пайда болған ауа қозғалысы спиральді де қозғалысқа келтіреді, ауаның жылиды және жылы ауаның жоғары көтеріледі деген қорытынды жасайды.


Ойын: "Кім тапқыр?"

Оқушыларға ауа туралы мәліметтер айтылады, дұрыс болса отырып, бұрыс болса тұрады!

- Ауа мөлдір (отыр)

Ауаны көреміз (тұр)

- Ауасыз өмір жоқ (отыр)

- Ауаны иіскейміз (тұр)

- Ауамен тыныс аламыз (отыр)

- Ауамен ойнаймыз (тұр)

- Ауаны жұтамыз (отыр)


Жел қалай пайда болады?

Мақсаты – желдің қалай пайда болатынын инфографика арқылы түсіндіру.

Ұсынылатын жұмыс түрлері:

  • инфографиканы өздігінен зерделеп, қорытынды жасау

  • жетекші сұрақтар арқылы түсіндіру


"Жел қалай пайда болады?" - мәтінді оқу.

Сыныппен ортақ жұмыс үшін сұрақтар:

  • Бірінші суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Тәуліктің қай мезгілі?

  • Жалауша қай бағытта желбіреп тұр?

  • Екінші суретте қай мезгіл?

  • Бірінші суреттен қандай айырмашылығы бар? Не өзгерді?

Жылы ауа мен суық ауаның қозғалысынан жел пайда болады деген қорытынды жасалады.

Өздік жұмыс.

Инфографикамен өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларды екіге бөлу. 1 бала - күндізгі, 2 бала - түнгі желдің пайда болуын зерделейді.

"Бос орынға тиісті сөзді жаз"

Күндіз

1. Күн сәулесі жер бетін ......................

2. Жылынған ............. өзіне жақын ауаны ..................

3. Жылы ауа .............. көтеріледі

4. Жер бетіндегі жылы ауа ............... көтерілгенде,оның орына су бетіндегі ................. ауа ауысды. Осылай ....... пайда болады.

5. Күндіз .......... судан ............ қарай соғады.


Түнде

1. Құрлық беті ......... суынады.

2. Оның бетіндегі ....... да .................

3. Ал су әлі ..................

4. .............. бетіңдегі ауа да....... Ол ................ көтеріледі.

5. Оның орнына .................. салқын ауа келеді.

6. Түнде жел ............... суға қарай ..............


Ықтимал жауаптар

Күндіз

1. Күн сәулесі жер бетін қыздырады.

2. Жылынған құрлық өзіне жақын ауаны жылытады.

3. Жылы ауа жоғары көтеріледі.

4. Су баяу жылынады, сондықтан оның бетіндегі ауа әлі салқын.

5. Жер бетіндегі жылы ауа жоғары көтерілгенде, оның орнына су бетіндегі салқын ауа ауысады. Осылай жел пайда болады. Күндіз жел судан құрлыққа қарай соғады.

Түн

1. Құрлық беті тез суынады.

2. Оның бетіндегі ауа да салқындайды.

3. Ал су әлі жылы (себебі ол баяу салқындайды).

4. Судың бетіндегі ауа да жылы. Ол жоғары көтеріледі.

5. Оның орнына құрлықтағы салқын ауа келеді. Сонымен, түнде жел құрлықтан суға қарай соғады.

Дәптерге желдің анықтамасын жазу.

Жел дегеніміз – жер бетіндегі ауаның қозғалысы.

ҚБ. "Дұрыс - Бұрыс" белгілері арқылы.



















/Оқулықтағы сызба/

Қатты қағаз, шар, целлофан қапшық, түтікше, т.с.с.



Ватман парағы, маркерлер


















Үлестірме парақшалар,

А4 қағаз, қайшы, жіп, қарындаш, қағаз қыстырғыштар, электрлік жылытқыш құрал (радиатор) немесе майшам, сіріңке













































Оқулық







Жұмыс дәптері







Сабақтың соңы


Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

«Жетістік баспалдағында» өзін-өзі бағалау (Слайдқа немесе баспалдақ суретіне стикер жапсыру)

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы


Қосымша тәжірибелік жұмыстар

1 - тәжірибе: "Апельсинмен"

- Апельсиннің қабығын ашып, ненің иісін сезгенін айтады.

Нәтижесі: апельсиннің иісі ауаға тез тарап кетіп, иіс біздің мұрнымызға барады,бұл иіс ауа арқылы бізге жетіп тұр.


2 - тәжірибе: "Ауаны ұстап алайық"

Полиэтиленді целофан қалтамен.

- Мына қалтаны алындар, ішінде не бар? ештене

- Қараңдаршы ол өте жұқа. Қазір осы қалтаның ішіне ауа толтырып аузын мықтап ұстаймыз. Қалтаның іші ауаға толды. Ол көпшікке ұқсайды. Енді оның аузын ашып, ауаны шығарамыз. Ол қайтадан жұқа болып қалды, неліктен?

Нәтиже: себебі, оның ішінде ауа жоқ. Ауаны сыртқа шығарып жібердік, көрінбейді, оны дорбамен ұстап байқадық, сезіндік.


3- тәжірибе: "Бөтелке ішіндегі қағаз қиындыларын үрлеп көрейік"

- Балалар, біздің тынысымыздан бөтелке ішіндегі қағаз қиындылары көтеріліп ұшады, себебі ол жеңіл.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
10296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі