Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:№25


Группа 1

Мұғалімнің аты- жөні:

Жумаканова С.

Сынып:

Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы

2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері

Күні: 06.09.2018 жыл

Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны: 0

Тақырып:

Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?

Оқыту мақсаттары

3.2.2.2 ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру;

3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • катаклизмнің не екенін біледі;

  • катаклизмнің түрлерін ажырата алады;

  • табиғат катаклизмдері туындаған кездегі мінез-құлық ережелерін құрастырады. Көптеген оқушылар климаттық жағдайлардың адам өміріне қалай әсер ететінін анықтайды. Кейбір оқушылар адамның өміріне катаклизмдердің тигізетін әсерін талдайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Пән: Дүниетану №2 сабақ





Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Катаклизм, геологиялық катаклизм, апат.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Катаклизм дегеніміз – жойқын табиғи процестердің әсерінен жер бетіндегі өмір жағдайының күрт бүлінуі.

Талқыланатын мәселелері:

Катаклизмнің қайдай түрлері болады? Катаклизмдер адам өміріне қалай әсер етеді?

Табиғи катаклизм кезіндегі қауіпсіздік ережелері қандай?

Алдыңғы білімдер

Климат және климаттық белдеулердегі ауа райының ерекшеліктері жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік

тәжірибелері

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау 7 мин.

Уәждеме. Стартер. Мұғалім:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастаймыз.

  • Өткен сабақта қандай тақырыпта әңгіме қозғадық?

Климат дегеніміз не?

Әр климаттағы ауа райының ерекшеліктері қандай екен?


1. (Ұ) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Мұғалім-оқушы диалогі

  • Қандай сұраққа жауап іздеу керек еді?

  • Қандай жауап дайындадыңдар? Ақпаратты қайдан іздедіңдер?


Табиғат процестері мен ауа райы жойқын күш көрсете бастаса, не болады? Бүгінгі сабағымызда осы сұраққа жауап алатын боламыз.

Сабақтың тақырыбын түсінуде «Сөзді жина» ойыны көмекке келеді. Әріптерден сөзді құрастырыңдар.

  • Сендерге «катаклизм» сөзі таныс па? Ол қандай мағынаны білдіреді? «Катаклизм» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

  • «Катаклизм» сөзін естігенде сендерде соған қатысты қандай ассоциациялар туындайды?









К, А, Т, А, К, Л, И, З, М

әріптері

Жаңа сабақ 30 мин

1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.


Shape2 Shape1












  • Адам өмірі қандай табиғат құбылыстарына тәуелді?

  • Жаңбыр мен қардың жаууы, қатты желдің соғуы адам өмірі мен оның жұмысын қалай өзгертеді?


2. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

  • Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар (кестеге дейін).

(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

  • «Сұрақтар мен тапсырма», «Талқылау», «Сөздікпен жұмыс» айдарындағы тапсырманы екіден отырып, орындаңдар.

Тапсырма орындалған соң мынадай сұрақтар қойылады:

  • Болуы мүмкін катаклизм жайындағы ақпаратты біз қайдан аламыз?

  • Қандай табиғат апаттарының түрлерін білесіңдер? Олар қандай қиратушы күшке ие?

  1. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Кластер

Тапсырмаларды орындаңдар.


Өздік жұмыс

Бағалау критерийлері Дескрипторлар

Венгр сөзжұмбағын шешеді. 1. Табиғат апаттарын білдіретін 4 сөзді

табады.

    1. Табылған сөздерді ерекше түске бояп, бөліп көрсетеді.

    2. Катаклизмнің ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама береді.

«Катаклизм» терминіне анықтама береді. 1. «Катаклизм» терминінің мағынасын

анықтау үшін 1-2 қосымша әдебиеттерді пайдаланады. 2. Анықтаманы жұмыс

дәптеріне жазады.

3. Жазуға түсініктеме береді.

ҚБ: Өзара бағалау

Қай анықтаманы дауыстап оқуға болады? Кім қосымша ақпараттарды қолдана

отырып, жаңа анықтама құрастыра білді? Өздерің құрастырған анықтаманы бізге оқып беріңдер.




Оқулық





Сөздіктер, электронды қосымша



Дәптер





4. Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып /Б.Бөрiбаев/


5 (Ж) Кестемен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Кластер

Екіден жұмыс істей отырып, катаклизмнің түрлері берілген кестені оқып шығыңдар. Біздің елімізде катаклизмнің қандай түрлерін байқауға болатынын айтып беріңдер?



Қорытынды: Катаклизмнің бірнеше түрлері бар. Біз оның екі түрін оқып жатырмыз: геологиялық (жер бетінің жағдайына байланысты) және табиғи-климаттық (ауа райының жағдайына байланысты: жел, температура, жауын-шашын).

Біздің елімізде, цунамиден басқа, кестеде аталған құбылыстардың барлығын байқауға болады.


6. (Т) Оқушы-оқушы диалогі. «Табиғи апат кезіндегі қауіпсіздік ережесі» жобасы

Топта электронды қосымшадағы, оқулықтағы материалдарды оқи отырып, табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырыңдар. (Әр топ белгілі бір табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырады).

Жұмыстың нәтижесін сыныпқа көрсетіңдер.















Дәптер









Электронды қосымша, қағаз, маркерлер,


Оқулық


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар


Табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырады.

  1. Ережелерді постерге жазады.

  2. Үйдегі су құбырымен, электрмен, газ құбырымен жұмыс істеуге қатысты іс- әрекеттердің ретін көрсетеді.

  3. Қандай заттарды өзімен бірге алу керектігін көрсетеді.





Жұмыстарды көрсету

ҚБ: Топтың өзара бағалауы


Рефлексия 3 мин

  • Сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

  • Ауа райы адамға қалай әсер етеді?

  • Катаклизм дегеніміз не?

  • Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.

Сабақтағы атқарған жұмысыңа баға бер және жауаптарыңды түсіндір.

  1. Мен бәрін түсіндім. Сабақ ұнады.

  2. Сабақ қызықсыз болды.

  3. Мен ештеңе түсінбедім, сабақтың бітуін сабырсыздықпен күттім.


Үй тапсырмасы

Оқулық тапсырмасын орындаңдар.

Дәптер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12