Ауа райы және климаттық өзгерістер БЖБ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауа райы және климаттық өзгерістер БЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлім бойынша жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты


7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру



Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы Көкшетау», «Жер жаннаты Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық

болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады


1.Берілген мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр...

  1. ____________________________________________________________


  1. ___________________________________________________________(2б)



2.Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.

______________________________________________________________________ (3б)



3.Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді, тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, түбір қосымшасын ажыратып көрсетіңіз. (5б)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2024
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі