400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ауа райы және климаттық өзгерістер. Күз келді. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі

Уақыты: 15 қыркүйек 2017 жыл

Мұғалім: Сеитова Майгуль Кабдыгалиевна

Сабақтың тақырыбы:

Ауа райы және климаттық өзгерістер. Күз келді

Сыныбы:

7

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре алады.

Көптеген оқушылар:

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре алады, дәлелді жауап береді.

Кейбір оқушылар:

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре алады, дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды

Бағалау критерийлері:

  • проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіреді;

  • дәлелді жауап береді;

  • өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды.

Тілдік мақсаттары:

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминалогия: сұр бұлт, дымқыл тұман, шуда жіп, құржаң қағу, күзеу, оты жоқ дала, мырза күз, алтын күз, жылауық күз, қоңыр күз, қара күз, боқырау, зат есімнің жалғаулары.

Сабақта қамтылатын құндылықтар:

Ұлттық құндылық, адамгершілік мәселесі; барды бағалай білуді ұғындыру

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім:

Жаз мезгілінің ерекшеліктерін, ауа райы, климаттық өзгерістерге байланысты мақал-мәтелдерді біледі.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

























5 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

  2. Психологиялық ахуал туғызу.

«Мүмкіндік». Ертеде бір жігіт әлемдегі бар жақсылықты өз бойынан көруді армандапты. Бір күні ол таңғажайып түс көріпті. Түсінде Жаратушы базарда сауда жасап тұр екен. Қуанғаннан есі шыққан жігіт бара салып:

  • Маған бақыт, денсаулық, табыс, атақ, құрмет беріңізші, - депті. Сол кезде Алла тағала оған кішкене ғана қорапты ұсыныпты.

  • Бара осы-ақ па? – депті жігіт.

  • Иә, бары – осы. Бұл – «мүмкіндік» деп аталатын тұқым. Бұны «еңбек» деген құнарлы топыраққа отырғызып, «мейірім» деген сумен суарсаң, ыждағаттылық, мақсат қоссаң, қалаған жақсылықтың бәрі сенде болады, - депті.

Әр сабақ – сіз бен бізге берілген мүмкіндік. Олай болса, бүгін де сіздер қалғанына қол жеткізеді деп сенемін!

  1. Топқа бөлу.

Түрлі жапырақтар арқылы бөлу

  1. Ой шақыру.

  1. Релаксация. Ф.Шопен «Күз ырғағы».

Оқушыларға еркін отырып тыңдауға кеңес беріледі.

  1. «Болжау» әдісі. Осы көрсетілімнің сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

  1. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары таныстырылады.



www.youtube.com сайты









www.youtube.com сайты


Сабақтың ортасы

2 минут



20 минут



































































8 минут

































Сабақтың соңы

2 минут


Топтық жұмыс.

Тыңдалым

А.Құнанбайұлының «Күз» өлеңін өзім жатқа оқып беремін.

Топтық жұмыс

1-тапсырма

Тыңдалым тапсырмасы.

«Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі

І топ

«Төрт сөйлем» тәсілі

Пікір. Тыңдаған өлең бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жеткіз

Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығар.


Дескриптор - мәтіннен деректер келтіреді;

- дәлелді жауап береді;

- өзге оқушылардың

жауабымен салыстырады,

талқылайды.


ІІ топ

«ПОПС» әдісі

Бірінші сөйлем. «Менің ойымша...».

Екінші сөйлем. «Себебі, ...».

Үшінші сөйлем. «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем. «Осыған байланысты мен... қорытындыға келдім...»


Дескриптор - өз пікірін дәлелдейді.


ІІІ топ

Графикалық органайзер


Сұрағы

Дерегі

Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?


Күзде өсімдіктер өсе ме?


Жас әйелдер енесіне шуда жіп иіртіп алып, не істейді?


Үйдің иті қайда кеткен?


Күн суық болса да, қазақтар неге от жақпаған?



Дескриптор - сұрақтарға мәтіннен

деректер келтіреді


ІV топ

Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді табыңдар.


Дескриптор - мағынасын анықтайды


Қалыптастырушы бағалау. Топтар бірін-бірі бағалайды.

«Трансфертті бет» әдісі


Белсенділік көрсеткен топ

Ең сәтті (жетістік)

Ескерту:


Ұсыныс:


2-тапсырма

Халық аузындағы күз атауларының тұсына мағынасын сәйкестендір.

Мырза (жомарт) күз – дәнді дақылдар мен

жеміс-жидектер пісіп,

молайған шақ.

Сары (алтын) күз - ағаштардың, өсімдік-

тердің жапырақтары сарғайып,

түлеген кез.

Жылауық күз - күн салқындай бастаған,

жауын-шашынды мезгіл.

Қоңыр күз – күн бұлыңғыр тартып, қара

суық түскен кез.

Қара күз – күздің нағыз суық түскен кезі.

Боқырау – қар жауып, суық түскен кез, күздің

соңғы айлары.


Дескриптор - дәлелді жауап береді;

- өз жауабын өзгенің

жауабымен

салыстырады;

- асты сызылған сөздер-

ден жалғауларды

табады.

Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі.


Рефлексия.


«Алма ағашы»

 Қызыл алма-мен бәрін түсіндім, көңіл-күйім тамаша.

Сары алма- үйрендім, жақсы.

Жасыл алма-мен ештеңе түсінбедім,

көңіл-күйім жоқ .



Г.Қосымова, Р.Рахметова

«Қазақ тілі» оқулығы

7-сынып

Алматы «Атамұра»-2017

Қосымша ақпарат:

Саралап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолданып, оқушылардың білім деңгейін саралауға күш саламын.

Графикалық органайзерлер арқылы оқушы қабілетіне қарай тапсырмалар-ды саралай-мын.

Уақытты тиімді пайдалану арқылы мақсаттар толықтай жүзеге асады.

1-тапсырмадан кейін «Трансфертті бет» әдісін қолданамын.

2-тапсырмадан кейін «Басбармақ» әдісімен бағалаймын.

Жалпы әр тапсырмадан кейін дескриптор беріп отырамын.



Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану.

АКТ-мен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ұлттық құндылық, адамгер-шілік мәселесі, адам бойында болуға тиіс асыл қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап береді.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
65 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі