400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ауа райын болжау

Материал туралы қысқаша түсінік
Өте жақсы мəлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау; 2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау; 3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. Гидрометеорология орт-нда ауа райынан басқа ауыл шаруашылығы дақылдардың өсуі, өнімділігі болжанады, сондай-ақ мал ш-на да қатысты болжаулар жасалынады.[1Iрі масштабты атмосфералық процестердің, ең алдымен, қысым өрісінің, температураның және желдің дамуын талдау негізінде жасалған ауа райының алдағы уақыттағы жайы туралы жорамал. Қысқа мерзімдік (бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін), біршама ұзақ мерзімдік (3—10 тәулік) және тым ұзақ мерзімдік (бір ай және одан да астам) деп ажыратады. Ауа райы болжамы арнайы (шаруашылықтың әр түрлі салалары үшін) және жалпы пайдалануға арналған деп бөлінеді. Ауа райы болжамы аумаққа (облыс, өлке, ел, теңіз айдыны және тағы да басқалары), сондай-ақ жеке елді мекендер, аэропорттар үшін және синоптикалық карталарды талдау негізінде (синоптикалық ауа райы болжамы) жасалады.[2]

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі. Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Себебі интернет дамыған заманда әлемнің кез келген түкпірінде қандай ауа райы екенін немесе алдағы аптада күн райы қандай болатынын үйде отырып та білетін болдық. Әйтсе де бұл болжамдар табиғи апаттар мен зілзалалардан кейде сақтап, кейде бармақ тістетіп жататыны да бар. Ал ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» ғылыми-зерттеу еңбегінде осы ауа райы болжамдарын да жазып кеткен. Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі