Ауа райына қатысты қазақ халқының танымы. Отамалы. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауа райына қатысты қазақ халқының танымы. Отамалы. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Арман ПВ баспасы. Жаңа оқулық. Оқу мақсаттары: 7.1.5.1-проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау; 7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім:

Ауа райы және климаттық өзгерістер


Педагогтің аты-жөні:

Көрпебаева А.

Күні:

4.09.24 ж.

Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ауа райына қатысты қазақ халқының танымы. Отамалы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.5.1-проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау;

7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Комплимент» әдісі

Оқушыларды түгелдейді, оқу құралдарын тексереді.

Үй тапсырмасы сұралады.

Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын дайындайды.


Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне комплимент айтады. Комплимент досыңныңы есімінің бас әрпінен басталуы керек. Мысалы, Серік сен сабырлысың, т.б.) Бір-біріңе қарап күлімдеңдер. Күндерің сәтті өтсін!


Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады


Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа сабақ

Ойқозғау.




1-тапсырма

Сынып


2-тапсырма.

Сынып

Батар күнге емес, атар таңға қарсы жүр.

Осы мақалдың мағынасын қалай түсіндіріп бере аласыңдар?

QR-кодтан мәтін үзіндісін тыңдап, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжа.

Picture 1

Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер.

Сұраққа жауап берген оқушының жауабы туралы келесі оқушы кері байланыс береді.

  1. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген сөзді өзің қалай түсінесің?

  2. 13 жасар Абайдың табиғаттағы өзгерістер мен күн райының құбылуын байқауы қазақ баласына тән қандай мінезді танытады?

Дескриптор:

- мәтін үзінділерін тыңдай отырып, ойларын жалғастырады, болжайды;

-мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

-сұрақтарға жауап береді

«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

.


Теориялық материал.

Оқушылар ережені оқып, жұппен талқылайды. Сұрақтар қояды, жауап береді.









3-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс.


Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері

Интонация көркем мәтінді бейнелеу қызметін атқарады, мәтінді әртүрлі мағыналық бөліктерге бөледі, тыңдаушыға эмоционалды-эстетикалық қырынан әсер етеді, сөйлеу ағынына сай сөйлем құрамындағы сөздердің байланысын қамтамасыз етеді.


Мәтінді оқып, проблемалық сұрақтар құрастырыңдар.

(Оқушылар проблемалық сұрақтар құрастырып, бір-біріне қояды, талқылайды)

Мәтінді оқы. Әрекеттің себебі мен салдарын анықтауға бағытталған 3 проблемалық сұрақ құрастыр.


Мәтін тақырыбы: Отамалы – қыстың соңғы суығы.

Топтық жұмыс. Әр топ 1 сұрақтан құрастырады.


Дескриптор:

- сөйлеу тіліндегі интонация туралы біледі, түсінеді.

- проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды












Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сергіту сәті

«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.



Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.



Сабақты бекіту

5-жаттығу. Жұптық жұмыс





6-жаттығу.

Жеке жұмыс



7-тапсырма.




Ізденіс тапсырмасы.

Дарынды оқушымен жұмыс8-тапсырма.

Жазылым

Берілген сөздерді синонимдерімен ауыстырып, жи нақы мәтін жаз.

Бөктер, беткей, өңір, тыныс, мерзім, көкек айы, бұрынғылар, жазға салым, әнеугүні, соңғы, жайылыс.

Тыңдалым мәтініндегі интонацияға мән бер. Дауыс ырғағын өзгерте отырып, сұрау, таңырқау, дәлелдеу, сипаттау интонациясымен диалогті қайталап көр.

Оқылым және тыңдалым мәтіндерінен 5 хабарлы сөйлем алып, лепті сөйлемге айналдыр. Сөйлемдерді лепті сөйлемге тән интонациямен оқы.

Тапсырмалардың бірін таңдап, жұбыңмен не топта орында.

  1. Өз бетіңше ізденіп, «Ай тоғамы», «Өлара» туралы хабарлама жаз.

  2. «Қыргүйек» деп неліктен қойылғаны туралы таныстырылым дайында.

Дескриптор:

- сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады

Оқулық

Үй тапсырмасы


10-тапсырма.

Жылдың 4 мезгілінің ауа райына байланысты халқымыздың таным-түсінігі туралы мәтін жаз.


Оқулық

Сабақ соңындағы рефлексия

«Көңіл-күйді салу»әдісі.

Оқушылар көңіл-күйін әр түрлі фигуралар салу арқылы бейнелейді.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2024
1450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі