Материалдар / Аялай біл сен деп соққан жүректі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аялай біл сен деп соққан жүректі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына, сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тренинг

Мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды отбасы мүшелері, құрбы- құрдастар, достарын сыйлауға құрметтеуге үйрету.

Барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Нұрға бөлену.

2. «Сиқырлы сөздер» ойын

Бұл ойында әрбір оқушы бір біріне сиқырлы сөздерді қолдану арқылы немесе сыпайы түрде сөйлемдер айтады.


3. Әңгімелеу.

Бір ананың жеті қызы

Бір ананың жеті қызы болды. Бірде ол алыста тұратын ұлының үйіне кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

-Мен күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,- деді біріншісі.

-Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім,- деді екіншісі.

-Мен енесін сағынып шырылдаған балапандай болып жыладым,- деді үшіншісі.

-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын ,- деді төртіншісі.

-Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,-деді бесіншісі.

-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.

Жетінші қыз үндеген жоқ. Ол анасының туфлиін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

Сұрақтар:

-Қыздар аналарына деген сағыныштарын қалай білдірді?

-Сендерге қай қыздың іс- әрекеті ұнады?

-Сендер аналарыңа деген сүйіспеншілікті қалай білдіресіңдер?

Өзін – өзі тану журналы №9(57) қыркүйек 2014

4. Жағдаяттарды шешу

1. Саят өз ата - анасын басқа балалардың ата - аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата - анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
-Саяттың іс - әрекеті дұрыс па?
-Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

2. Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Типті ол бәйек болып жүретін ата - анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
-Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
-Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

3. Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да, қалай ашуланғанын сезбей қалады.
-Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
-Ерболға қандай кеңес бересіңдер?

4. Жаннұр сабақ оқып отыр еді. Анасы оған тұрып үстіне қалыңдау көрпе жауып жберуін өтінді. Жаннұр ашуланып, тарс- тұрс етіп тұрып, анасына көрпе жапты.

-Жаннұрдың анасына деген қарым – қатынасы қандай?

-Оған қандай кеңес берер едіңдер?

Оқулықтағы 68 бет.

5..Шығармашылық жұмыс

«Анаға сый» тақырыбында постер қорғау,сурет салу.

6. Ән: «Көңілді күн»

Көңілді күн

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы:

7. Қорытынды.

Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі –қайырымды ісі, екіншісі – жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір –бірімізге жылы сөздер айтып, бір –бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек –орындалар тілек.































Отбасы жарастығы

Мақсаты: балалардың отбасына және қоршаған ортасына жауапкершілікті қарым – қатынасына тәрбиелеу.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Ата – аналар үш топқа бөлінді.

І.Автобус

ІІ. Жүк машинасы

ІІІ. Трактор

Автобус-көпшіл, адамдарға иланғыш, ақкөңіл шулы ортаның адамдары.

Жүк машинасы –жүкті арқалайтындай қабілеті бар, барлық ауыртпалықты көтере алатын қайратты да, жігерлі адамдар.

Трактор –қажымай, талмай еңбек ететін қызметтің адамдары.

2.Кіріспе

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. 
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. 

Ата –аналардың міндеті
1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға;
2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 
3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 
4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 
5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 
6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 
7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 
8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 
9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға. 

3. «Еңбек ағашы» жаттығуы

Ата – аналарды үш топқа бөліп, жапырақтар, жемістер, гүлдер болып, өз ойларын жазып, өз орнына ілу.

Жапырақтар

Ата – ана қандай болу керек ? Ата –ананың мақсат –мұраты.

Жемістер

Ата –ана еңбегінің нәтижесі.

Гүлдер

Бала қандай болу керек ?

4. Қорытынды

Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі –қайырымды ісі, екіншісі – жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір –бірімізге жылы сөздер айтып, бір –бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек –орындалар тілек.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!