Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аялай біл сен деп соққан жүректі. Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аялай біл сендеп соққан жүректі»

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: «Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болды, оны өзі-ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С.А. Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүціспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім берудегі жаңа «Өзін-өзі тану» пәні әр баланың жүрегінің төрінен орын алғаны сөзсіз. Әр баланың жүрегінен жол таба білген мейірімді жан туралы білеміз ба? (оқушылардан С.А. Назарбаева турала сұралады.)

Ендеше біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналмақ.» «Даналық шыңы – махаббат» десек балаға дегенұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық. ( Слайд).

Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен отасқанына 51 жыл толды. 3 қызы бар,немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.

1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

1994 жылдан бастап « SOS – Қазақстан балалар ауылдары» қорының президенті 1999 жылы наурыз айынан «Демографиялық қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы.

Мұғалім:Бар жақсылық бір өзіңнен табылар

Ұстазға тән қасиеті бәрі бар

Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған

Шәкіртіңнің жыр – пейілін қабыл ал дегендей ендігі кезек тақпақтар:

Оқушылардан Сара Алпысқызына арнап жатаған өлеңдерін айтады.

Сара Алпысқызы - қоғамның , адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы,бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды.

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымынның бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылдады. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылуда. (Видио үзінді көрсетіледі)

Сара Алпысқызы көптеген кітаптардың авторы. Атап айтсақ:

  1. «Өзіңе жол» Порфирий Корнеевич Ивановтың ілім сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде (1999 ж)

  2. «Өмір этикасы» (2001 ж)

  3. «Сүйіспеншілікпен» (2011ж)

Сара Алпысқызы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін:

«1 – дәрежелі орденімен (2001 ж).,

«Алтын жүрек» Халықаралық сыйақысының лауреаты (2006 ж).

«Ш. Айтматов атындағы «Алтын медаль» (2003 ж)

«БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі»(2007 ж)

«Ихсан дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы».

«Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін – «SOS – Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 ж)

- «Unity» халықаралық сыйақысы.

-«Курманджан Датка» сыйақысының лауреаты.

- ҚР құрметті білім қызыметкері.

- «Звезды содружества» мемлекетаралық сыйақының лауреаты (2010 ж)

Ойын ойнатылады. Ойын шарты: Тақтада ілінген жүрекке оқушылар Сара Алпысқызына тілеген тілектерін үлкен жүрекке жабыстырады.

Ән: «Бір үйдің баласындай»



Жүргізуші: «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» демекші бар баланың анасы болып,әр баланың болашағына ізгі жол сала білген,әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш,мейірімді, адал, Отанымыздың туын биікұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2021
897
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12