400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аялайық гүлдерді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ән айту,есту Қабілеттерін әрі қарай дамыту.Ырғаққа сай қимыл жасауға үйрету.әдемілікке,әсемдікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 6 Тәрбиеші

Назараова Ажар Хасеновна


Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:  Пішіндер,доптар.

- Балалар, жылу шеңберіне тұрайық.

Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
- Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық.

Picture 3





Балалар бізге ерекше қонақтар келіпті қанеки амандасайық

-Қонактарымызбен таныс болайық

- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?

Балалар, міне дөңгелек. Ол неге ұқсайды? (Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктің доңғалағына. Қараңдаршы: дөңгелек домалайды.
- Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? ( Пирамидаға, үйдің шатырына).
Балалар, сендер білесіңдер ме, Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар. Кәне санаймыз: бір, екі, ұш. Ұшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды.
- Ал мынау пішін: шаршы. Терезеге немесе үйге ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда домалай алмайды, өйткені шаршының да бұрыштары бөгет жасайды.

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық.

Picture 2 Д/о. «Ұксас пішіндерді тап"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту,

мен бір затты корсетем кандай пішін екенін айтасындар.




ІІ. Тәрбиеші:

– Балалар, конактарымыздын«Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмасы бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.

Тәрбиеші тексереді.


Picture 1


Тәрбиеші:

- Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді,

Бой сергітіп алайық.

«Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.


Тәрбиеші:

–Балалар, Қонақтарымыздың мынадай тапсырмасы бар, «кормей табу» деген.

Шарты: құм арасынан ұксас,керек пішіндерді табу.


Қорытынды:

- Балалар,сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?Бүгінгі сабаққа барлықтарын жақсы қатыстыңдар, мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі