400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Аяласан табигатты аяла

Материал туралы қысқаша түсінік
Табигатты коргауымыз керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Аяласаң табиғатты аяла.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып әсем табиғатымызды қорғай білуге үйрету .

Өзі өмір сүріп отырған ортаның табиғат байлығын тану және мақтаныш сезімін паш ету арқылы , іздемпаздыққа , мейірімділікке, жанашырлыққа , ұйымшылдыққа ,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Табиғат , машина , өндіріс суреттері , даналық сөздер , машина , өндіріс суреттері

Барысы : Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр .

Қазіргі экология табиғаттағы адамның мінез – құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырып отыр. Экология деген сөз – тіршілік ету мекені , өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Судың да сұрауы бар дейді халық . Осы мол судың есепсіз , мөлшерден тыс көп жұмсау , судың да азаюына әкеп соғады . Қазіргі жағдайда Арал – Балқаш аймағының экологиясы ауыр жағдайда . Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеліп қоректендіріп отырады . Тартылған су астынан су шығып , кеуіп ауаны ластауда . Табиғаттағы тамаша туындыларымыздың бірі – халық.

1- бөлім : Таныстыру . (әр топ ,тобын , ұранын таныстырады )

1- топ : Жас экологтар

2- топ: Табиғат тал бесігі

2- бөлім : Табиғатпен үндесе, өмір сүреміз . ( өлеңдер, ұлағатты сөздер айту)

« Атамекен » әні .

3- бөлім : Табиғат тылсымы .(көрініс ойнау )

4- бөлім : Табиғат – тіршілік көзі . Жағдаятты шешу.


1- жағдаят :

Арман бақ ішінде келе жатыр еді , терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де тұрып қалды ...

2- жағдаят :

Арман достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді . Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер , босаған ыдыстармен, бітеліп қалғанын көрді...

3- жағдаят :

Сынып жетекшісі сабақ соңында « Жасыл ел » шарасына қатысу үшін өз еріктерімен мүшелікке өтуге болатынын айтты.

Арман ойланып қалды...

4- бөлім : « Аяласаң , табиғатты аяла » шығарма жазу .

5- бөлім: « Жас зкологтар » жарнама көрсету.

6- бөлім : « Табиғат өз алақанымызда » атты газеттерін қорғау.

Қорытынды бөлім : Денсаулық - баға жетпейтін асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты , не күш – жігерді , не еңбекті , тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлігін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір – қызықсыз әлем деп есептеймін .


« Ақшаға төсек сатып алуға болады , бірақ ұйқыны сатып алуға болмайды. Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды . Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды . » Олай болса осы тәрбие сағатымыздан түйгенімізді ойға тоқып , күнделікті өмірде іске асырсақ , өмірлік дағдыға айналдырсақ құп болар еді .







Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаңа жыл ,жаңа жыл!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл мерекесінің шығу тарихыен таныстыру.

Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түн) — Жаңа Жыл түні. Жаңа Жыл мерекесін байланысты болатын демалыс бірінші қаңтар күні болады. Ал ескі жылдың 31-желтоқсаны ешқандай мерекелік демалыс күні емес.

Католиктік христиан дінін ұстанатын Еуропа елдерінде Жаңа Жыл мерекесінің маңыздылығы 25-желтоқсанда тойланатын Рождество мерекесінің дәрежесімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Қытай өзінің жаңа жылын кейінірек тойлайды.

Тарихи деректер Жаңа Жыл мерекесінің біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта өмір сүрген Мессопотамия халқы арасында тойланғанын айтады.

1-қаңтар б.з.д. 46 жылы Рим императоры Юлий Цезарьдың бұйрығымен жаңа жылдың бастауы болып бекітілді. Бірінші қаңтар ежелгі Рим Империясы кезінде болған мифологиядағы есік-тесіктің, кіріс-шығыс жолдардың және басталу мен аяқталудың құдайы саналған Янус атты құдайдың құрметіне жаңа жылдың басы болып бекітілді. Аңыз бойынша Янустың екі басы болған: бір басы алға, бір басы артқа қарап қалған.

Қазіргі кездегі Жаңа Жыл мерекесі григориан күнтізбесіндегі бірінші қаңтардан басталады.

1936 жылы КСРО-да Жаңа жылды мереке ретінде қарсы алу шешім қабылданды. Арнайы жарлықпен мемлекеттік мекемелерде және қалалық алаңдарда шыршалар орнатып, оларды қызыл бес жұлдызбен безендіруге рұқсат етілді. Алғашқы шыршаның ашылуы 1937 жылы 1 қаңтарда Москвада Одақтар үйінде өтіп, бір мезгілде барлық КСРО бойынша шарша шамшырақтары жағылды. Ал Алматыда ұзындығы 10 метр болатын жасыл шыршаны Коминтерн алаңына, қазіргі Абылай хан мен Мәметованың қиылысына орнатты.


“Жаңа Жыл — христиандардыңкі” дейтіндерге

Жаңа Жыл, яғни, 1-қаңтар түні тойланатын мереке христиандардыңкі емес. Оның тарихы осыдан бес мың жыл бұрын басталған. Ал ол уақытта христиан діні болмаған еді. Олай болса, “Жаңа Жыл — христиандардың мерекесі” деп, халық арасында дау туғызудың қажеті жоқ.

Қазақтың Жаңа Жылы — Наурыз мерекесі. Ал бүкіл әлем тойлайтын Жаңа Жыл мерекесі тойлаймын деген халыққа мереке болады. Мұсылмандар діни сеніміне байланысты Жаңа Жылды тойламайды.

Әрбір адамның өз таңдауы бар. Өзіміз қаламадық екен деп, Жаңа Жыл мерекесін тойлаған қазақ бауырларымыздың барлығын христиан қылып қоймайық, ағайын! Жаңа Жылдың христиандардан басталмағанын білмей тұрып, артық сөз қозғамағанымыз жақсы. Орыстан жұққанның барлығы христиандарға тиесілі емес.

Сіз білесіз бе?

Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз. Жаңа жылды тойлағандар қамауға алынып, жазаланады.

Бүгінгі Жаңа Жылдық символы 21 ғасырдың технологиясымен жасалған мүлдем басқа ойыншықтар мен жарықтандырулардан тұрады. Жыл бойы күтетін ең сүйікті мереке ғасырдан ғасырға, жылдан жылға өткен сайын өз дәстүрін өзгертпеген. Біздер сол бұрынғыдай Жаңа Жылдық шырша аясында балалар сияқты арман тілектерімізді айтып, Жаңа жылды күтеміз, әрі қарсы аламыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі