жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Аяласаң,табиғатты аяла!
«Қарасу орта мектебі» КММ
Аяласаң,табиғатты
аяла
Өткізген: Елькенова А.Р
2019-2020 оқу жылы
Т
Мақсаты:
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі
туралы ой, ынта туғызу. Туған жер
табиғатына деген сүйіспеншілігін
арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре
білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз
ортасында сымбатты да шыныққан тұлға
болуға баулу, экологиялық мәдениетті
қалыптастыру.
Тәрбие сағатының
құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ.
Тәрбие сағатының тақырыбын айтып,
мақсатын хабарлау;
ІІІ.Табиғат
дегеніміз не?
1.Тіршілік атаулының
бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3.
Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман
сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні
–жануарлар
Мұғалім: – Армысыздар
оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла»
атты сынып сағатымызды бастаймыз.
Табиғат,
Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен
деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке
шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі
сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер
– Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе
білу оны аялау – адамның азаматтық
борышы.
Табиғат адамзаттың,жалпы
тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп
келе жатқан ортасы, алтын бесігі.
Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше
біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен
амандасудан бастаймыз.Барлығымыз
орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтайық!
І слайд
Қайырлыкүн,
күнім, далам, орманым,
Қайырлыкүн,
гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлыкүн,
өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлыкүн,
бар тіршілікиесі!
Кіріспе:
Адам
табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат
аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз
күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі
жоқ » деген сөздері көп жағдайды
аңғартатыны анық.Табиғат –бізді қоршаған
орта.Адамдар тіршілік етіп отырған
ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір
сүреді.
Сөздік жұмыс
Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.
— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.
(талдау жұмысын жүргізу)
— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
3.
Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер
кінәлі деп ойлайсыңдар?
Ендеше, табиғатты қорғау
дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды
аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға
қамқорлық жасау.
Өте жақсы!Барлығымыз
орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы
табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер
жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер,
хайуанаттар, құстар,балықтар…
Олай
болса,оқушылардың өлең –шумақтарына
кезек берейік.
1.Назерке:Атамекен
жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә
болар табиғатты аямау.
Қанымызға
сіңген екен сүтімен ананың
Туған
жердің табиғатын аялау.
2.Есіл: Сұлу
дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны
жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай
жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған
жер, тамашасың, көркемсің!
3.Інжу:Табиғатты
қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір
ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай
жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін
терімізді төгейік.
4.Еркежан:Қадір
тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің
алдында бас иетін.
“Мал қалғанша
атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан
орынды өсиетін.
5.Исмаил: Ашық болса
менің байтақ аспаным,
Туған жерім
бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты
қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі
не басқаның
6.Ақниет :Туған жерім
өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп
тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш
перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай
селдетеді.
ІІІ.Ендеше, саяхатымыздың
бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының
бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі
оқушыларға беріледі.
1-оқушы: Табиғат
байлықтарының ішіндегі тіршілік
атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте
не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте
адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға
ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат,
алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан
қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы
бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады.
Сондықтан дана халқымызда « Ауадай
қажет» деген сөз бар.
Мұғалім: Ия,
балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін
емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың
борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету
мүмкін бе?
ІІІ слайд
Ендігі екінші
аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп
аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы
бар екен ?
2-оқушы:Табиғаттың көркін
ажарландырып , жер бетін саялы баққа
айналдыратын байлық көзі –су.
Ойлау
керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат
тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді
асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық
арыңменен аялауға тұр дайын!
Мұғалім:Сонымен
су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні
дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп
тұрған не? Ол –өсімдіктер.
Келесі
үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы
–өсімдіктер» деп аталады.Табиғат
байлығының бір тобы –жер бетіндегі
әдемі өсімдіктер.Олар туралы не
айтамыз?
3-оқушы: Өсімдіктер, ағаштар
табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті
кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір
өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш
аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал
қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы.
Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды
өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп,
оларды қорғауға шақырамын.
Мұғалім:
Расында да, өлкемізді саялы баққа
айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан
келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды
әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
V
слайд
Олай болса келесі аялдамамыз
«Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл
туралы не айтасыңдар?
4-оқушыТабиғаттың
сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың
әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз
еліктіреді. Олар –біздің қанатты
достарымыз. Олар–табиғат сақшылары.
Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі.
Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп,
құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға,
сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақтар
құстарға қарап ауа райын да болжай
білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр
жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары
шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
•
Қарға қарқылдаса –қар жауады.
• Жыл
құсы қаптап кетсе-көктем ерте келеді.
•
Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн
жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ
келеді.
• Ерте көктемде қарға суға
шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз,
ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі
құстарды қорғау әрқайсымыздың
парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні
десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы
да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
Ендеше
келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу
мүсіні жануарлар» деп аталады.
5-оқушы:
Табиғаттың сұлу мүсіні ,көрікті келбеті
–жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ
жануарларды көзінің қарашығындай аялап,
қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп
тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.
Мана,
күндіз тәуіп шал не деп кетті?
Әлде
өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққу
мен баланы аластаңдар –
Деді – дағы,
жәйімен жөнеп кетті.
Тұрсаңшы, таяу
қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз
жаратылған?
Манағы тәуіп шалдың
айтқан сөзі.
Ұмытылып кетті ме
санатыңнан.
Айналайын аққудың
қанатынан,
Қайтейін, ол да адамға
бола туған
«Жетімкөлге» барып қайт
таң жамылып.
Апыр-ай, қалай барам?!
Атармын
аққу құсты қалай ғана?
Оқ атам қасиетке
қалай ғана?
Бармаймын, бара
алмаймын,
Қалай барам?!
Жалғыз
ұлдан артық па, жалған бәрі,
Балам
өлсе бақыттың керегі не?
Топан су
басып кетсін қалғандарын.
Құрысын
онсыз сенің жалған бағың!
Мылтықты
әкел! Атты ертте!
Жалған бәрі.
(Мылтықты
алып, белін түйіп шығып кетеді.)
бір
кезде тарс еткен мылтық үні естіліп,
Әй,
балам!
Болмады ғой, болмайды
ғой…
Қасиеткетті көлден, сорлады
ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі
өтірік,
Атқамін, ауылға қайт, олжаны
қой…
Әйел мылтықты лақтырады.
Ауыл.Әкесі қайтыс болған баланы алып
шығады да, ақ төсекке салады.Ана қолын
соза аққуды көрсетеді.
Мына жатқан
жетімкөл, мына аққуды
Өз қолыммен
өлтірдім, аттым жаңа…
Жоқ, мен емес…
Мен атпадым.
Кеше гөр, кешірегөр,
жаратқаным!
Қазір ботам…
Мінеки,
таңатады…
Қазір ботам аққумен
ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным…
балапаным!
Тиме аққуға!
Мендейлердің
атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға,
аққудың киесі бар.
Мендейлердің
затын, биесін ал,
Тиме аққуға, аққудың
киесі бар.
Мұғалім:
Өте жақсы,
балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына
саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат
баласына бар қажетті нәрсенің барлығын
да беріпті.Ол бізге демалсын деп ауа
берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп
мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем
сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын
деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы
біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат-
Анадан алады екенбіз.
Күн сәулесі
төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл
гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір
суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да
әдемі.
Айдын
көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың
самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген
құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген
көздері киігім қандай әдемі
Ақ
көрпеге оранған қысым қандай
әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем
қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын
жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған
күзім қандай әдемі.
Осылайша
табиғатқа бір қарап
Табиғатпен
сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң
жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де,
дүниедегі ең әдемі!
Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?
1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;
2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,
ластамаймыз
3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
Сабақты
қортындылау кезеңі:
Гүлдей
бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды
бұлт торламасын!
Тоғайыңаң мен құсқа
толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен,
көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың
қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің
жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат
сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген