Аялы маған алақаны
анамның.
Кішкентайдан
мәпелеп
Аялап мені
өсірген
Тұсауымды
кестіріп
Тәй-тәй басып
үйреткен
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса
алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де
анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз
ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Өмірдегі ең асыл, ең қымбат
әрі ешқашан қайталанбас адам ол – ана. Өміріңнің мәні де, сәні де,
барың да, нарың да ол менің ақ жаулықты анам. Қиналғанда сырласың
болар, жылағанда жұбатып, көңілімді табатын жан әрине ол ана.
Ананың ақ алақаны, оның ыстық құшағы, жылы сөздері әлемдегі баға
жетпес байлық. Сол аналардың ақ алақанына зәру болып жүрген жандар
қаншама. Олардың қасында мен шүкіршілік етемін. Анамның асыл
сөздерінен, ісінен тәрбие аламын. Ана деген сөзді естігенде
жүрегіміз жылып, мейірбан күйде боламыз. Ол әрине ананың
құдыреттілігінде. Ана өмірдің ашылығын да, тұщылығын да көре тұра,
сәбиіне бақыт тілейтін, өзі қиналса да баласын аялайтын, өзі жыласа
да баласын көрсе жымиятын, баласына өз өмірін арнаған адам. Әрбір
ана баласының жолында құрбан. «Анаңды меккеге үш арқалап
барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ
халқы. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана
алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге
әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын
ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый
– құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір
ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың
қызығы – ананың қолында. Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді
сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды
адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай
ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Ана - ол
бейбітшілік патшайымы. Өйткені аналарымыз болмаса мұндай
бейбітшілік заманда өмір сүрмес едік. Ұлы тұлғаларды, батырларды ,
батыл бабаларды өмірге әкелген асыл аналарға айтар алғысымыз
шексіз. Қазіргі жетіп жатқан
жетістігіміз аналардың арқасы. Осыншама құрметке лайық адам ана, ол
әрқашан қарапайымдылығымен ерекшелене түседі. Өмірде осындай
адамдар барына ризамын. Түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеп өсірген
аналарымыздың өмірі ұзақ болса екен деп тілеймін. Ананың аялы
алақаны – ол менің өмірімнің мағынасы. Анам барда мен әрқашан бала
болып қала беремін. Анам барда мен ешқандай қиындықтан тайсалмай
өсемін. Қасымда болғанда жігерлімін. Бүкіл әлемге жарық силаған,
бізге бақыт, шаттық нұрын дарытқан, өмірімізге нәр берген аналар
ұлы тұлға, қайталанбас жан. Ана туралы жазып отырып өз анамды
жазбау дұрыс емес деп ойлаймын. Менің анам мен үшін әлемдегі асыл
жан. Мен өз анамды жақсы көремін, себебі ол маған бүкіл әлемнің
байлығын, яғни өмірді силады, Түн ұйқысын төрт бөліп, жыласам
уатып, «Бесік жырымен» сусындатқан асыл жан. Анам өте мейірімді
жан. Менің отбасымда үлкені менмін. Қандай жағдайда анама көмек
қолын созып тұруға тырысамын. Аяулы анамды ренжітпеуге, оның
айтқанын бұлжытпай орындауға тырысамын. Өзімнен кейінгі інілеріме
қамқор, жанашыр болып жүремін. Оларға да анамызды құрметтеуді,
силауды үйретемін. «Ана» деген қасиетті ұғым, мен оны құрмет
тұтамын. Менің анам өте сабырлы, салмақты адам. Ол адам бойындағы
барлық адамгершілік құндылықтарды біздің бойымызға сіңіріп келеді.
Анам маған үлкенді силауды, құрметтеуді үйретіп келеді. Отанымды
қадірлеуді, құрмет тұтуды, достықты бағалауды үйретіп келеді. Менің
анамнан үйренерім өте көп. Анамның нәзік үні, жұмсақ, аялы алақаны,
жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатуы бізді әрқашан қуантады. Анамыз
өз өмірін ұмытып барлық өмірін бізді тәрбиелеуге сарп етеді. Біздің
анаға деген махаббатымыз жеткіліксіз. Ананы барынша сыйлап,
қадірлей білу әр баланың міндеті деп
білемін.
«Егер әкең мен анаң бірдей үн
қатса әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Өмірімізге
жарық берген, бақыт пен шаттық силаған ана – ұлы тұлға, қайталанбас
жан. Қамшының сабындай қысқа бұл жалған өмірде анамыздың қадірін
білген дұрыс деп санаймын. Ана – өмірдің шуағы, көңілдің қуаты. Иә
мен қазір кішкентай қызбын, өмірде аларым да, білерім де әлі
алдыда. Алар белестерімде алда. Осы уақытқа дейін маған тек жақсы
жақтарымен көрінген анам, менің пірім. Мен анамды сүйемін. Анамды
қанша мадақтасамда шаршамаймын, талмаймын.
Қорыта айтқанда, барлық адам
ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ
түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын! Сөзімнің соңын анама деген
мына шумақ өлең жолдарымен аяқтағым
келеді.
Аялы маған алақаны
анамның
Жақсы көрем бұл өмірде
анамды.
Қамқор болып, тәлім берген
саналы,
Аялайық адамдар асыл
ананы.
Аялы маған алақаны
анамның.
Ақ тілегі осы болсын
балаңның
Сізбен бірге бақыттымын,
еркемін.
Сізбен бірге бақытты ән
салармын.
Аялы маған алақаны
анамның
Жүрегіңнен жылылық та
табармын.
Мейірімің, махаббатың
ерекше.
Сіз ғанасыз ғаламаты
ғаламның