400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәні бойынша қысқа мерзімдік сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа

Күні:

Мектеп: №17 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні : Кусаинова Г.А.

Қатысқандар: 21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы


Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау


Осы сабақта қолжеткізілетін

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтемеу)

3.2 Ауа

2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күй, түстің, иістің болуы)

2.1.2.6 тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау

2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Ауаның кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Тәжірибе жүргізу арқылы ауаның кейбір қасиеттерін анықтайды, тәжірибе жүргізеді, жоспар құрады, нәтижесін анықтап кесте түрінде көрсете алады.


Жетістік критерилері

  • Ауаның кейбір қасиеттерін (агрегаттық күй, түстің, иістің болуы)

сипаттай алса,тәжірибе жүзінде анықтай білсе.

Тілдік мақсаттар

  • Ғаламшар, ауа, тазалық;


Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім


1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау


Сабақбарысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин








I.Ұйымдастыру бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір,таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!
Сабақтың мақсатымен таныстыру. 

Қызығушылықты ояту”

Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату.

Бұл ненің дыбысы?

-Жел дегеніміз не?
Жұмбақ
Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді.

Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. Бұл не?


  • Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

  • Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


Презентация















https://www.youtube.com/watch?v=8J6EZYsvrqE

Сабақ ортасы


3 мин









2 мин


















2 мин















5 мин



































2 мин







2 мин




2 мин





5 мин













3 мин






5 мин







(Ж,Ұ,Қ) Проблемалық сұрақ.

  1. Ауа деген не, ол қайда, неге ұқсайды – талқылау.

  2. Ауаның негізгі қасиеттері туралы жазу.

/Әрбір оқушы ауаның негізгі қасиеттерін жазады, және жұп бойынша тексеріледі.

  1. Мұғалім тақтаға ауаның негізгі қасиеттерін жазып қояды.

Оқушылар қате жауапқа «-», дұрыс жауапқа «+» таңбасын қояды/.



(Ө, Т) Тәжірибе.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді де, әрбір топқа түрлі пішіндегі шарларды береді.

  • Шарларды үрлеу және уақыт көлемін есептеу.

  • Шарлар неліктен көлемін өзгертті? (Себебі, шарлар ауаға толтырылды).

  • Неліктен шарлар түрлі уақытта ауаға толтырылды?(Себебі, шарлардың көлемі әр түрлі болды) ?

  • Шарды босатқанда, ауаға не болады? (Ауа кеңістікке тарап кетті)

  • Қалай ойлайсыздар, ауаның көлемі бола ма?

(Ауаның нақты көлемі болмайды)

  • Шардағы ауа қайда кетті? Ол көзге көріне ме?

(Ауа барлық жерде, ол көзге көрінбейді).


(Ө) Ауаның маңыздылығын анықтау.   


  1.   - Деміңізді ұстап қанша уақытқа дейін тұра аласыздар?

/Оқушыларға секундомер таратылады. Оқушылар өздері уақытты есептейді/.

  1. - Демді сақтағанда қандай күйде (сезімде) болдыңыздар?

/Оқушы жауабы тыңдалады/

  1. - Бұл жағдайдан қандай қорытынды шығаруға болады?

/Адам ауасыз тіршілік ете алмайды./


(МК, Ұ)Қосымша материалдарды түсіндіру.

Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.

Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы:


Азот-78%Оттегі-21%

Көмір қышқыл газы-1%


Тәжірибе жасау

Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз. Ол үшін сіздер осы тәжірибе арқылы не көргендеріңді дәптерлеріңдегі парақшаға жазып отырыңыздар.

1 тәжірибе .

Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.

Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.

Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз.


2 тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады. 


3 тәжірибе.  Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. 


4 тәжірибе.  Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

 А) Оның біреуін стақанмен жабу.

Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.

Б) Үшіншісін ашық қалдыру. 


Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.


Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса,  су құю керек.

Ү. Бекіту

Яғни бүгінгі тәжірибе арқылы көп нәрсе білдік осы білгенімізді кестеге толтырайық.

Тәжірибені сипаттау

Тәжірибедегі зат

Тәжірибеден білгенім

Менің ойым

 

 

 

 


Суреттер


Постер құрастыру






Шарлар




























Презентация












































зерттеу жұмысына қажетті құралдар





























Кесте

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Ең басты сабақта не ұнады?

  • Қай кезең сендерге қиындық туғызды?

-Өздерін бағалау

Шапалақ арқылы бағалайды.

Шапалақтау арқылы бағалау

Дифференциацияоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Оқушылардың білімдері бағаланады


Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі