жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Сынып: 4 |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау |
|
Жалпы мақсаттар |
Тақырыптың негізгі ойын ұғындыру, сыни тұрғыдан ойландыра отырып, негізгі ойды талдату,шығармашылығын дамыту. |
|
Көрнекіліктер |
Оқулық, таратпа қағаз,маркер, таратпа суреттер,карта. |
|
Оқытудың нәтижесі |
Ауаның табиғи және жасанды жолмен ластанатынын біледі, ауаны қорғау жолын үйренеді. |
|
Оқыту әдісі |
Диалогтік әдіс, топтық жұмыс. |
|
Түйінді идеялар |
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру.Таза болса ауамыз , дені сау ұрпақпыз. |
|
Бағалау түрі |
Топтық бағалау,өзін-өзі бағалау |
|
Кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе |
Сәлемдесемін. Психологиялық тренингтен кейін, сыныпты таратпа суреттер арқылы үш топқа бөлемін.1-топ Экологтар2-топ Ғалымдар 3-топ Тілшілер Топтық ереже құруға нұсқау жасаймын, бағалау парағын таратамын. Бағалау критерийін нақтылаймын. |
менің көңіл күйім жақсы, мен мұғілімді зейін қойып тыңдаймын, мен білгенімнің барлығын есімде сақтап қаламын, мен сабақ оқығым келеді, мен сабаққа дайынмын. Топбасшы сайлайды, топтық ереже құрады. |
Негізгі
бөлім |
«Көрінбейтін
сиқыршы» Жер бетінде көзге көрінбейтін
бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ,
күнделікті кездесіп отырады. Сен оны
көрмейсің, бірақ маңайында екенін
сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты,
терезені ашты. Көшемен келе жатқанда
жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай
жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін
сиқыршының алып бара жатқанын сезесің.
Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді
байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең
де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге
таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен
бірге жүреді. 3.Сергіту сәті Дыбыстық гимнастика А- барлық ағзаға жайлы әсер етеді; Е- қалқанша безге әсер етеді; И- миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді; О- жүрекке, өкпеге әсер етеді; У- асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді; Я- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді; Х- ағзаның тазаруына көмектеседі; ХА-көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Әрқашан сені мен бірге Дем алу үшін - ауаң, Жылыну үшін - отың, Шөлің қану үшін- суың, Өмір
үшін –жерің ...болсын! |
|
Кері байланыс 3мин |
-Сабақтан алған әсерің?- Қандай тапсырма ұнады? -Бүгінгі сабақтан не білдің?- Нені білгің келеді? |
Көңіл-күй парақтарын «Даму» ағашына іледі. |
Бағалау |
|
Топтар бір-бірін бағдаршам түстерімен бағалайды.Топбасшы әр топ мүшесін бағалап отырады. |
|
Психологиялық жаттығудан кейін оқушылар таратпа суреттер арқылы топқа бөлінді.Топқа бөліну кезеңінде қиындық туындаған жоқ. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында ауаға байланысты тәжірибе көрсетіп, ауаның қасиеттерін дәлелдеп берді.Тақырыпқа байланысты бейнефильмді талдауда өз ойларын айта білді, пікірлесті.Топтық тапсырма орындау кезінде оқушылар белсенділік танытты. Оқушыларды мақтап, ынталандырып отыру олардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Оқушылар бір-бірін бағалауды үйренді.Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың бірін-бірі оқытатынына көз жеткіздім. Жалпы сабақ қарқыны жақсы болды. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың қабілеті анықталды. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген