400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ауаның ластануы.Ауаны қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Мақсаты: 1. Білімділік: ауаның ластану көздері мен ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру
2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: тазалыққа, жанашырлыққа, адамгершілікке

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бірігу:

Суреттер арқылы топқа бірігеді

1 топ: Жаңбыр

2топ: Қар

3 топ: Бұршақ

Әр топ бір-біріне сәттілік тілейді.


Психологиялық ахуал

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Сарамандық жұмыс»

1 топ: Жаңбыр

    1. Шарды үрлеп, бүйірінен қысу-бұл ауаның сығылу яғни ауа сығылады.

2топ: Қар

    1. Допты еденге ұрып, оның секіргенін байқау олай болса ауа серпімді

3 топ: Бұршақ

Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оның қабырғасынан бүршіктер пайда болады.


ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

«Сұрақ-жауап әдісі» Топпен жұмыс

1)Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?

Ауа райын бақылау үшін не қажет?

2) Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

3) Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

Топтастыру стратегиясы

1 топ: Жаңбыр

Shape1

Shape3 Shape2


Shape4

Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?



Shape5

Shape6



Shape8 Shape7


Shape9 Shape10




Жауаптары

1)Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
2)Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуы болды.

3)Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.

4) Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.

5)Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.


2топ: Қар


3 топ: Бұршақ Ауаның қасиеті

Shape11

Shape12

Ауа





Shape14 Shape13



Сергіту сәті:(Видео ролик)

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Құпия шарды жарайық,
Таң - тамаша болайық.
Ішіндегі жұмбақтың,
Шешуін тез табайық.
Жауабы: ауа

Мұғалім:

Таза ауа – денсаулық кепілі.Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.

Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.

Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.

Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Топ басшыларының түсіндірме жұмысы

1 топ: Жаңбыр

Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.

Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын.Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар ,улы га




2топ: Қар

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

3 топ: Бұршақ

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

Рухани жаңғыру ( слайд)

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Дәптермен жұмыс.Топпен жұмыс

1 топ: Жаңбыр

Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?

2топ: Қар

Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?

3 топ: Бұршақ

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

«Полиглот» ойыны

Зая-аяз-мороз-frost

Қра-қар-снег-snow

Уаа-ауа-воздух-air

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін Б)екіден бірінӘ) үштен екісін В(төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш Б)түссіз, дәмсізӘ)аққыш В) иісі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) тұщы Б) қышқыл Ә) минералды В)салқын

4.Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл Б) Балқаш Ә) Байкал В) Зайсан

5. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) теңіздің тасуынан Б) судың көп булануынан

Ә) дауылдың соғуынан В) жиі жауған жаңбырдан

6.Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады?

А)тұман Б) кемпірқосақӘ)нөсер В)жел

7.Біздің жерімізге суық ауа қай жақтан келеді?

А)таудан Б)солтүстіктен Ә)бұлттан В) оңтүстіктен

8.Ауаны тазартудың ең тиімді жолы?

А)газдандыру Б) сүзгіштер қою Ә) көгалдандыру В) желдеткіш орнату

Сұрақтар: «Шар жару» шардағы сұрақтарға жауап беру

1. Ауа деген не?

2. Ауаның қасиетін ата?

3.Ауасыз адам қанша уақытқа шыдайды?

4.Ауа- райын болжау деген не? Метеорология нені зерттейді?

5.Ауа райын білу не үшін керек?

6.Біздің елімізге суық ау ақай жақтан келеді?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 50,51,52- беттерді оқу, мазмұны.

Бағалау. Бүгінгі сабақтағы сенің көңіл күйің? Шарларғасуретін салу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі