Жаратылыстану: Ауаның қасиеті*
Оқу қызметінің мақсаты
Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыра отырып, оның бар екенін шар
көлемінің өсуін немесе азаюын көзбен көрсету арқылы түсінік беру; ауаның адам
өмірінде алатын маңызы жөнінде білімдерін кеңейту. Балалардың
байқағыштығын, қабілеті мен танымын, тілін, эмоциялық сезімі мен түйсіктерін
дамыту.
Сөздік жұмыс
"Ауа", "алақай", "сопақ", "домалақ", "жеңіл", "үлкен", "кішкентай", "түк
жоқ" сөздерін пайдалану.
Әдіс-тәсілдер
Сурет көрсету, көркем сөз, ғажайып сәт, сурет салу амалдарын көрсету, сергіту
сәті, аудиожазба тыңдау, дайын сурет үшін мақтау, қозғалмалы ойын
рефлексиясы.
Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Жіпке байланған түрлі түсті шарлар; қораптағы көк шар немесе оның суреті; үш-
төрт негізгі түстегі шар суреттері; төрттің бірі (не қызыл, не көк, не жасыл, не
сары) жоқ төрт сурет сериясы; "Шарлар" аудиожазбасы.
Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Ғажайып сәт.
1
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Педагог әуен жазбасының дыбысын бәсеңдетеді.
- Балалар, бүгін біз көптеген ғажайыптарды көреміз
Image not found or type unknown
- Қараңдаршы, балалар, мен қорапты тауып алдым.
- Қорапта не бар екен? Көрейікші.

- Алақай! Бұл не?
- Барлығымыз бірге айтайықшы: "Алақай! Шар ұшты!". Жарайсыңдар.
- Бәрекелді! Бұл шарымыз ұшып кетсе де, мен тағы біреуін дайындап қойдым.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ауа қасиетін бақылау.
Image not found or type unknown
Үрленген көк түсті шарды көрсету.
- Балалар, мынау не? Иә. Шар (көрсеткішпен сілтеп көрсету).
- Шардың түсі ақ па? Жоқ (саусақты бұлғау).Түсі көк. Қайтала. Жарайсыңдар.
- Шардың пішіні қандай? Шар домалақ Жарайсыңдар.
- Шар ауыр емес (саусақты бұлғау). Шар жеңіл (жіпті сәл босату, ұшайын дегенін
көрсету).
- Балалар, шардың ішінде не бар? Түк жоқ па?..
2
- Не бар екен? Көрейік (шарды ауыздан алу, шардың көлемі кішірейеді).
- Балалар, шар қандай болды? Иә. Кішкентай. Жақсы.
- Шардан не шықты? (Ілінген ленталарға қарсы ұстап тұру). Ауа шықты.
Қайталайық. Жарайсыңдар.
- Енді мен шарды қайта ауаға толтырамын (үрлеу). Шар үлкен болды.
- Шардың ішінде не бар? Ішінде ауа бар. Қайталайық. Жарайсыңдар.
2.2. Сергіту сәті. "Мереке күні" (Д.Ахметова).

Мереке күні шар үрлеп (сап түзеп, бір орында жүру),
Шығамыз ұстап көшеге (қолдарды жоғары сермеу).
Шапалақтап, айналып (шапалақтау, айналу),
Былай-былай би билеп (бас пен денені оңға-солға шайқау).
Қимылдарды ырғақты, темпі орташа көңілді әуені жазбасына сай орындау.
2.3. Көркем сөз. Дина Ахметова "Шарлар".
- Қолға ұстап жүремін шар,
Қызыл, сары, көк шарым бар.
Мереке бітсе, қимаймын,
Қолға байлап, жинаймын.
"Қандай түсті шар жоқ?"
Image not found or type unknown
Image not found or type unknown
Image not found or type unknown
3
Image not found or type unknown
Image not found or type unknown
Балаларға төрт түрлі түсті шар бар сурет көрсетіледі.
- Балалар, шарлардың түстерін атайықшы. Жарайсыңдар!
- Енді мен тағы бір суреттерді көрсетемін, ал сендер, қандай түсті шар жоқ
екенін айтасыңдар. Бастаймыз.
Балалар кезекті суретке қарап, үш шар арасында қызыл не көк, не жасыл, не
сары шардың жоқтығын айтады. Мысалы, "Көк жоқ".
- Жарайсыңдар!
2.4. "Шарды үрлейік" қозғалмалы ойын рефлексиясы.

- Шарды үрлеп көрейік (шеңберге тұру, қол ұстасу),
Қол ұстасып, жүрейік.
Алдыдан артқа, артқа
Шегіндік, енді тоқта!
Үлкен болып, керілді... (тоқтау)
Пах! Шарымыз жарылды (қолды жіберу, шапалақтап барып отыру).
Пышшшшшшш... (отыру барысында дыбыстар шығару).
Балалар педагог соңынан қимылдарды қайталап жүреді. "Пах" және "пыш"
дегенді балаларға айтқызу қажет.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог балалардың бүгінгі тақырып бойынша материалдарды қаншалықты
игергендерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды:
- Балалар, мынау не? Шар.
- Шардың түсі қандай? Түсі көк.
- Шардың пішіні қандай? Шар домалақ.
4
- Шар ауыр ма? Шар жеңіл.
- Балалар, шардың ішінде не бар?
- Не бар екен? Көрейік (шарды жіберу, оның көлемі азаяды).
- Балалар, шар қандай болды? Кішкентай.
- Шардан не шықты? Ауа шықты.

- Шардың ішінде не бар? Ішінде ауа бар.
- Бәрекелді, балалар, оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар, рақмет, сау
болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауаның қасиеті*

шағым қалдыра аласыз