400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ауаның құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерім пайдалану үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы

Сабақтың мақсаты:

  1. Ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағынын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе арқылы көз жеткізу.

  2. Тәжібибе жасау арқылы оқушы танымын кеңейту, өз ойын

ерткін жеткізуге мүмкіндіктерін дамыту.

  1. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, қоршаған ортаны

қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тәжірибе құралдары, бағалау парақшасы,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

Тіршілікте не дейсің ғой қымбат?

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

  1. Өткенді қайталау

  • Оқушылар мен сендерге сұрақ қойып доп лақытырамын, қағып алған оқушы сол сұраққа жауап беру керек.

Сұрақтар

  1. Ең үлкен көл? (Каспий)

  2. Пайдаланған су шайындысы неге айналады? (Ластанған суға)

  3. Минералды су дегеніміз не? ( Суда дәм және иіс пайда болып, температурасы өзгеріп, жаңа қасиеттерге ие болады. Олар жер астынан шығады)

  4. Терек бір жылда қанша литрға жуық суды буға айналдырады?(2000 л)

  5. Шипалы су ел арасында қалай аталады? (Арасан)

  6. Қандай арасандарды білесің? ( Алмаарасан, Қапалаарасан)

  7. Ішуге болатын минералды судың 1 л қанша грамм еріген тұз болады? (2- 20г)

  8. Қазақстан көлдерін ата. (Жайық, Ертіс, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай т.б)

  9. Көксарай су реттегіш қоймасы қашан құрылды? (2010ж)

  10. Не үшін іске асырды? (Сырдария өзені бассейінің суын реттеуші)

  11. Ең терең көл (Байкал)

  12. Балқан көлі қандай, сипатта. (Бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды)

  13. Бұлт ненің ағысымен қозғалысқа түседі? (Ауаның ағысымен)

  14. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр? (3/2 бөлігін)

  15. Ағынсыз көлдің суы қандай болады (Тұзды болады)

  1. Жаңа сабақ

«Көрінбейтін сиқыршы»

  • Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім- ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің бірақ маңайыңда екенін сезесің. Ол есікті тарс жабады. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қорғап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Барма жоқ па оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің ол не?

  • Ауа.

  • Жаңағы допты мен сендерге лақтырғанда нені байқадыңдар?

  • Ауада доп ұшты, серпілді.

Оқушыларды топқа бөлу

  • «Жер», «Су», «Топырақ», «Күн» суреттерін таңдаңдар. Бұлар бізді қоршап тұрған. Адам өміріндегі тіршілік көздері болып табылады. Сендер суреттерге байланысты топтарға бөлініп отырыңдар.

Т оптық ережені айту

  • 1- топ «Оттегі»

  • 2- топ «Азот»

  • 3- топ «Көмірқышқыл газ»

  • 4- топ «Аргон»

  • Ауа көзге көрінбейді. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа- физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамында кіретін газдардың ішіндегі оттегі, көшірқышқыл газ, азот және аргон болады.

  • Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды- ауамен жабылған. Жел- ауаның қозғалысы. Атмосфера деп- біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды. Біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде тұрамыз.

  • Ауа қабығы бірнеше қабаттардан тұрады.

Жер беті жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіліп, жауын- шашын жауады.

Екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз.

Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады.

Әр қабатта ауа шарлары, ұшақтар, жасанды жер серіктері, ғарыш кемелері арқылы мұқият зерттелген.

Күндіз атмосфераның төменгі қабатындағы ауа күн сәулесінен тікелей жылынбайды. Алдымен Жер беті жылынады, жылу содан барып ауаға тарайды. Аспан денелерінен Жерге қарай көптеген темір, тас бөлшектер ұшып жатады.

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықты оқиды.

Топтық жұмыс

Ережесін қайта айтып өту керек.

1- топ «Оттегі»- Ауаның маңызы (қасиеті, жалпы ауа туралы)

2- топ «Азот»- Ауаның ластануы (неліктен?себебі)

3- топ «Көмірқышқыл газ»- Ауаны ластанудан қорғау (жолдары, жол бермеу)

4- топ «Аргон»- Шығармашылық жұмыс (өлең, мақал, нақыл сөз, ессе, өлең)

Топтар бірін- бірі бас бармақ арқылы бағалап отырады.

Тәжірибе

  1. Тәжірибе

Екі шырақты жағу 1- еуінің бетін ашық қалтыру, екіншісінің бетін жабу.

Сендер қайсысы бұрын сөнетінін байқаңдар. Қай шырақ біріншщі сөнді?

Қалай ойлайсың неліктен?

Қандай қорытынды жасауға болады?

  1. Тәжірибе

Мына доптың ішінде не бар?

Ол қалай үрленіп тұр? (ауа толтырылған)

Ол қайдан келді?

Допты екі бүйіріме қысып едім не байқадық? (ішке қарай кірді)

Неліктен? Ішіндегі ауаға не болды? (қысылды)

Ал жібергенде? (орнына келді)

Еденге ұрғанда не байқадың? (қайтадан жоғары көтерілді), яғни серпіледі екен.

  1. Тәжірибе

Аузыңды жэауып, танауыңды қыс.

Саған не жетіспеді? Не байқадың?

  1. Тәжірибе

  1. Қорынтындылау

Сонымен ауаға тән қасиеттерді атайық

  1. Бағалау

Әр топ басшы өз тобындағы оқуышалрды бағалайды.

Оқушы ат- жөні

Үй тапсырмасы

Постер жасау

Постер қорғау

Тәжірбие жасау

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі