400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ауаның құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспардың тарауы: 7.2.В Мектеп: №12 орта мектеп


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Зулпухарова З .Б


Сынып: 7 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ауа. Ауаның құрамы.

№6 зертханалық жұмыс «Балауыз шамының жануы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 Ауаның құрамын білу

7.3.1.2 Заттардың жану кезінде құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу

7.3.1.3 Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • ауаның құрамын білу;

  • ауаның құрамындағы газдардың мөлшерін білу;

  • атмосферадағы зиянды газдарды ажырата білу.

Көп оқушылар:

  • ауаны ластанудан қорғау жолдарын білу.

Кейбірі:

  • жану құбылысында оттектің жұмсалатындығын көрсету.

Бағалау критерийі

  • Ауаның құрамын айтады;

  • Жану құбылысын түсінеді;

  • Ауаны ластанудан қорғауды сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: атмосфера, азот, оттек, көмірқышқыл газы, инертті газдар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Ауаның құрамын ...........анықтады.

Көлемі бойынша ауада ............ газдар кездеседі.

............ ауа атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады.

Құндылықтарға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Жауапкершілік;

  • Қарым – қатынас жасау.

Пәнаралық байланыс

География, биология, физика, экология

Алдыңғы білім

7.2 А

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі

Ой қозғау

  1. Оттектің тірі организмдер үшін маңызы қандай?

  2. Табиғатта оттек қалай түзіледі?

  3. Оттектің табиғаттағы айналымы қандай?

  4. Атмосфералық ауаны ластаушы заттарға нелер жатады?

  5. Жер бетінде орман азайса не болады?

Суреттер: Не болды? Суреттен түйген ойларыңыз.

Оқушыларға сурет көрсетіледі. Оқушылар суретте не болып жатқанын және оның себебін түсіндірулері қажет.










Үлестірме қағаз



Сурет №1

Сабақтың ортасы






























































































































1-тапсырма

Жұппен жұмыс

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Ауаның сапалық құрамын кестеге толтырыңыз:

Құрамдық бөлігі

Газдардың мөлшері % есебімен

Ауа құрамындағы зиянды газдар















Кері байланыс: Бас бармақ жоғары/төмен

Оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса бас бармағын жоғары көтереді;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе, бас бармағын ортада ұстайды;

  • егер түсінбесе, сенімсіз болса, бас бармағын төмен түсіреді.

Дескриптор Білім алушы

  • ауаның құрамын кестеге толтырады;

  • ауаның құрамын мөлшері бойынша кестеге толтырады.


2-тапсырма

Топпен жұмыс

«Сократ шеңбері» әдісі

Оқушылар топқа бөлінеді:

І – «Азот» тобы

ІІ – «Оттек» тобы

Графикті қолдана отырып сұрақтарға жауап беріңіз:

Қазіргі кездегі атмосфераның құрамы


Ерте кездегі атмосфераның құрамы


  1. Қазіргі кездегі атмосфераның құрамы мен ерте кездегі атмосфераның құрамы арасындағы үш түрлі айырмашылықты көрсетіңіз:

_________________________________

_________________________________

  1. Неліктен, су буының мөлшері көбейіп кетті? Өз ойыңызды түсіндіріңіз

_________________________________

_________________________________

  1. Неліктен, көмірқіышқыл газының мөлшері көбейіп кетті? Өз ойыңызды жазыңыз

_________________________________

_________________________________

  1. Неліктен, оттек газының мөлшері азайып кетті? Өз ойыңызды түсіндіріңіз

_________________________________

_________________________________

Кері байланыс: Бағдаршам әдісі

Оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса жасыл түсті;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе сары түсті;

  • түсінбесе, сенімді болмаса қызыл түсті көрсетеді.

Дескриптор Білім алушы

  • Графикті қолдана отырып айырмашылықтарды көрсетеді;

  • Су буы мөлшерінің көбейуін түсінтіреді;

  • Көмірқышқыл газының көбейуін түсінтіреді;

  • Оттек газының азайып кетуін түсінтіреді.


3-тапсырма

Жеке жұмыс

«Өзіндік жұмыс» әдісі

№6 Зертханалық тәжірибе «Балауыз шамының жануы»

Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қойыңыз.

  1. Оның біреуін стақанмен жабу.

  2. Май шамның екіншісін банкімен жабу.

  3. Үшіншісін ашық қалдыру.

Қай май шам сөнер екен ? Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанды? Бақылаған құбылысты түсінтіріп, қорытынды жазыңыз.

Қорытынды

________________________________________

________________________________________


Кері байланыс: Білім ағашы

Оқушылар тапсырмадан түсінгендерін

парақшаға жазып білім ағашына іледі.

Дескриптор Білім алушы

  • Лабораториялық тәжірибе негізінде, физикалық құбылысты түсіндіреді;

  • Лабораториялық тәжірибе негізінде химиялық құбылысты түсіндіреді;

  • Жану өнімдерін айтады.






Кесте №1

Сурет №2























График №1

















































Балауыз шам, шыны ыдыс, шырпы.

















Сабақтың соңы


5 мин

Рефлексия пирамидасы:

Shape2 Shape1




еске сақтау

керек

маңызды

екі нәрсе


сіз көбірек білгіңіз

келетін екі нәрсе


сіз бұрыннан білетін үш нәрсе


сіз үйренген төрт нәрсе




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ауаның сапалық құрамын анықтайды

1

ауаның құрамын кестеге толтырады;

1

ауаның құрамын мөлшері бойынша кестеге толтырады;

1

ауаның құрамындағы зиянды газдарды көрсетеді;

1

Атмосфералық ауаның ластануы жөнінде қорытынды жасайды

2

Графикті қолдана отырып айырмашылықтарды көрсетеді;

1

Су буы мөлшерінің көбейуін түсінтіреді;

1

Көмірқышқыл газының көбейуін түсінтіреді;

1

Оттек газының азайып кетуін түсінтіреді.

1

Балауыз шамының жану шарттарын анықтап, өнімдерін көрсетеді

3

Лабораториялық тәжірибе жасап, физикалық құбылысты түсіндіреді;

1

Лабораториялық тәжірибе негізінде химиялық құбылысты түсіндіреді;

1

Жану өнімдерін айтады.

1

Барлығы

10



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі