400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауасыз тіршілік жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.5.1.А/Т/тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау: проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау; 7.2.6.1. О/оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу; 7.4.1.1.ӘТН/грамматикалық норма: жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу. -ауа туралы, ауаның құрамы туралы мәліметтермен танысады; -проблемалық сұрақтарға жауап береді, жауабын салыстырады; -оқылым стратегияларын қолдана алады; -мәтінде кездесетін жалғаулар мен шылаулардың ерекшеліктерін ескереді: - үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-бөлім.Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика.

8-сабақтың тақырыбы: Ауасыз тіршілік жоқ

Күні: 19.09.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзабаева Идаят Бектасовна

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:

Пәні:

Қазақ тілі


Оқу мақсаттары

7.1.5.1.А/Т/тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау: проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау;

7.2.6.1. О/оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу;

7.4.1.1.ӘТН/грамматикалық норма: жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаты

-ауа туралы, ауаның құрамы туралы мәліметтермен танысады;

-проблемалық сұрақтарға жауап береді, жауабын салыстырады;

-оқылым стратегияларын қолдана алады;

-мәтінде кездесетін жалғаулар мен шылаулардың ерекшеліктерін ескереді:

- үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Күтілетін нәтиже

Ауа және тіршілік жайлы ақпарат береді, табиғат құбылыстары мен оның негізгі элементтерін ажыратуға дағдыланады, жалғау және оның түрлерін меңгереді

Бағалау критерийлері

-проблемалық сұрақтарға жауап береді,өз жауабын салыстырады;

-оқылым стратегияларын қолданады;

-мәтіннен шылаулар мен жалғауларды табады,

-үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай мәтін құрастырады.

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық

байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы оқу

Ауа райы және климаттық өзгерістер туралы, септік жалғаулары туралы білетіндері сұралады.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

ҚБ

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

15-05

Сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырып,

қызығушылықты ояту.

«Көрінбейтін сиқыршы» деген ертегі тыңдап көрейік!

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)

«Бұл сұрақ болса, жауап қайсы» әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сұрақ қоя отырып, сұрақтың жауабы ауа екенін таптырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын шығарып таныстару.

Мақсаты: жұмбақ шешкізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың тақырыбы: «Ауасыз тіршілік жоқ». Осы тақырыпты меңгеру үшін қандай мақсат қояр едіңдер? Сабақ мақсатын шығару.

«От шашу» әдісі арқылы бағалау

«Көрінбейтін сиқыршы» ертегісі

2 мин




















15-10

Ойтүрткі: Ұжымдық жұмыс

Бағалау критерийі:

  • Сұрақтарға жауап бере отырып, ауаның қасиеттерін топтастырып жазады.

Ауа – иіссіз, түссіз, көрінбейді, серпіледі, сығылады, салқындағанда қысылады, қыздырғанда ұлғаяды, жануды қолдайды, жылуды жай өткізеді.

  • Ауаның иісі қандай? /Иіссіз/

  • Түсі ше? /Түссіз/

  • Доп неге сығылады, неге серпіледі? /Ауа сығылады, серпіледі/

  • Терезеге не үшін шыны екі қабаттан салынады? /Жылуды нашар өткізеді/

  • Неге жануарлардың жүндері түлеп, жаңа жүн шығады? /қасқыр/, /жылуды жай өткізеді/

  • Неліктен қыста қар астында қалған өсімдіктер үсімейді? /қардың арасында ауа болады/

  • Отты неге үрлейміз? / Жануды қолдайды/

  • Ауасыз тіршілік ете аламыз ба?

/Ауасыз тіршілік жоқ/


«Мен бағаласам» тәсілі арқылы оқушылар бірін-бірі сұраққа жауап беру арқылы бағалайды.


Флипшарт, маркерлер


Сабақ ортасы


10 мин

























15-20

Бағалау критерийі: тыңдалған мәтіннен проблемалық сұрақтарға деректер келтіре отырып, сызбалар арқылы өз ойларын дәлелдейді, қосымша деректер арқылы ауаның бүгінгі таңдағы проблемаларын айтып, рөлдік ойын ойнайды.

Топтық жұмыс.

Тыңдалым алды: Ойтүрткі жасау. Ауа неден тұрады? Ауадағы тіршілік көздері қандай? Таза ауа дегеніміз не?

Тыңдалым кезеңі: Аудио арқылы ауа туралы мәтін тыңдату.

Тыңдалымнан соңғы кезең: 3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі. 1-топ мәтінде айтылған атмосферадағы элементтердің пайызын диаграммаға салып, ойларын дәлелдейді.

2-топ «Ауадағы тіршілік көздері» деген тақырыпқа кластер жасап, ойларын дәлелдейді.

3-топ «Мен ауамын» деген тақырыпта рөлдік ойын көрсетеді.

Дескриптор:

-аудио арқылы мәтінді тыңдайды,

1-топ: -ауадағы элементтердің пайызын табады,

-диаграмма сызады, ойларын дәлелдейді,

2-топ: - ауадағы тіршілік көздерін табады,

кластер жасайды, ойларын дәлелдейді.

3-топ: - ауа болып ойланып, рөлдік ойын ойнап береді.

«Ұтымды топ» әдісі арқылы топтық бағалау.

Қай топтың жұмысы ұтымды болды?

Несімен ұтымды?

Тыңдалым мәтіні, аудио мәтін, флипшарт, маркерлер.

10 мин



















15-30

Тілдік бағдар:

Көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын кесте арқылы түсіндіру.

Бағалау критерийі: орфографиялық норма бойынша оқу, мағынасын түсіну, мәтіндегі сөздердің қандай жалғауда түрленіп тұрғанын анықтау, шылауларды табу, морфологиялық талдау жасау.

Жеке жұмыс:

Оқылым. «Ауасыз тіршілік жоқ» мәтінін оқу,комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Оқылымнан кейінгі кезең.

Жазылым. Мәтіндегі сөздердің қандай жалғауда түрленіп тұрғанын анықтау, шылауларды табу, морфологиялық талдау жасау.

Дескриптор:

-мәтінді оқиды,

-комментарий жасайды;

-сөздердің қандай жалғауда түрленіп тұрғанын анықтайды,

- шылауларды табу,

-морфологиялық талдау жасау.

Мадақтау әдісі арқылы бағалау

Слайд,

10 мин










15-40

Жұптық жұмыс:

Бағалау критерийі: Интербелсенді тақта арқылы сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру. «Дыбыстық сәйкестік» картасын толтыру. Орфографиялық нормаға сай жалғаулардың дыбыстық үндестікті сақтай жалғауы бойынша карта толтырады.

«Кім жылдам» ойынын ойнату. Интербелсенді тақта арқылы сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру. «Дыбыстық сәйкестік» картасын толтыру. Орфографиялық нормаға сай жалғаулардың дыбыстық үндестікті сақтай жалғауы бойынша карта толтырады.

«Үш минуттық үзіліс» әдісі

...туралы көп білдім

Мен бұған таң қалдым, себебі...

Мен ... ... сездім

Интербелсенді тақта, слайд, «дыбыстық сәйкестік» картасы

Сабақтың соңы

5 мин




15-45

Жеке жұмыс:«Бір минут» әдісі арқылы «Таза ауа-жанға дауа» тақырыбы бойынша бір сөзден өздерінің қорытынды ойларын айтады. Үйге ээсе жазу.

«Аралдар алаңы» әдісі арқылы өз-өзін бағалау.


«Аралдар алаңы» плакаты, кайықтар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
118 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
7439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі