400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдергее
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Әлібек: Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың,

тербете бер Құба талдан иілген бесігімді…



Руслан: Бұзық болсам кешірген

Мейірімді анашым

Күлімдеген көздерінен

Нұр жаудырған анашым

Асау: Ауырмасын басыңыз

Ағармасын шашыңыз

Шөбере сүйіп әлі де

Жүзге жетсін жасыңыз





Жалғас: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары


Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, Ардақты да аналар


Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай Ән: Орындайтын: Магниязова Алина


Жүргізуші: Тарихымыз да Домалақ Ана, Айша Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүкті де құрмет тұтып, әрқашан басымызды иеміз



Мадина: Аналарды ардақтаған халқымыз

Ертендерге жалғанады салтымыз

Аналардың , арулардың қызығы

Құтты болсын 8- ші наурызыңыз

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Аружан


Аналарды ардақтаған бабалар


Аруларды құрмет тұтқан даналар


Құтты болсын мерекесі көктемнің


Сіздер барда жүректерде жылу бар



Көктемдегі күндей болып жайнаңдар


Құтты болсын мерекеңіз арулар


Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Рауан


Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші


Ана алдында борышты ғой бар адам.


Томирис


Сүйікімдім деп жүретін,


Қадіріңді білетін.


Өссем ұл боп жан ана,


Орындалар тілегің.


Сөзің шырақ секілді,


Сүйем соған жетуді.


Қанат қағып самғауға,


Балаң бекем бекінді.


Бегимбетова баян


Ана десем – шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні


Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі

Ана деп бас иеді күллі халық.


Ақбөбек


Ақ қабақты анашым,


Күн сәулелі анашым.


Әлпештеген баласын,


Айналайын анашым


Бәрімізге анасың


Біз үшін күн боп жанасың.


Құтты болсын мейрамың


Құттықтаймын анашым.

Алина


Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,


Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.


Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,


Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.


Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым


Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.


Өміріме нәрін берді ақ сүтің


Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.


Бисенбаева Баян:


Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,


Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.


Ана – деген бәйтерегі өмірдің,


Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.


Ана десем, ұшқын атып жанары,


Өмірімнің бастау алар жаңа әні.


Ана деген тіршілікте пана боп,


Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


Жанарыс



Ана деген – бастауы ұлылықтың

Ана деген - рәмізі сұлулықтың

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын,



Наурызбек: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.

Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек.
Жүргізуші: «»»Ендеше қыздарымыздың флешмоб биін қарсалыңыздар.


Айда: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.



Диана: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!



Асал: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз


Байтұрсын: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды

Шәкірттер шын жүрек тен тебіреніп

Өнерін аналарға бағыштайды

Бегимбетов Аян

Кішкентай ғана тентегің

Бір шумақ әнін арнайды

Еркетайың ертен -ақ

Үмітіңді ақтайды.

Жансая: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.


Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып - «Қара жорға » биі қарсы алыңыздар.




Айгерім: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.


Алтынбек: Ақ сүт беріп аялаған анашым

Бар жақсыны аямаған анашым

Еңбек етіп тәрбиелеп өсірген

Жүргізуші:
ән: Орындайтын Конратбай Томирис
Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!


Нұржанбек Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.


Нурикамал: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі