400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз".

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесі туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


« 07» наурыз 2019ж



«Айшуақ» бөбекжай балабақшасында 8 наурыз аналар мерекесіне «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» тақырыбына арналған ертеңгіліктің іс-шара жоспары



Қ/с

Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі

Жауапты

1

«Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» тақырыбындағы ертеңгіліктің іс- шара жоспарын жасап бекіту


04.03.2019



А.Дәуренбекова

А. Доспанова

2

Тәрбиеленушілерді дайындау, киімдерін қадағалау

07.03.2019

А.Дәуренбекова А.Доспанова.

3

Іс-шараға қатысатын тәрбиеленушілерді дайындау және музыкалық бағдарламамен қамтамасыз ету

07.03.2019

Ә. Әріпжанова

Ж. Қаражанова

А. Дәуренбекова

А.Доспанова

4

Ертеңгілік өтетін орынды безендіру

01.03.2019

Барлық топ тәрбиешілері

5

Ертеңгіліктің өз дәрежесінде өткізілуіне бақылау басшылық жасау

07.03.2019

А. Тәжиева

6

Ертеңгілік өтетін орынға тазалық жұмыстарын жүргізу

07.03.2019

Шаруашылық меңгерушісі көмекші тәрбиешілер

7

Техникалық жабдықтармен (видео, фотоаппаратпен қамтамасыз ету)

07.03.2019

М. Бурамбекова






















«Айшуақ» бөбекжай балабақшасы


«Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» 







Ересек «Қызғалдақ» тобы

Тәрбиешілер:А.Дәуренбекова

А. Доспанова

2019 жыл


Тәрбиеші: Айнұр: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол- ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да –Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де- Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.


Тәрбиеші Айгерім:Ана деген – асыл жандар болаттай, Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай,- деп ақын жарлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.Ана-перзент тәрбиешісі.Ана-қызметкер,Ана-ғалым,Ана-зейнеткер.


Тәрбиеші Айнұр: «Алып анадан туады» дейді халқымыз Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Тәрбиеші Айгерім:Елін,жерін сүйетін,ей адамдар!Алдымен ананы аялаңдар!Ана-алып бәйтерек.Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!Құрметтесек ана қауымын құрметтейік.Жылына бір келетін мерекеде еңбектерін бағалап,сый-құрмет көрсету біз үшін құаныш.Жүздеріңізден шаттық пен қуаныштың нұры кетпесін!

Балалар шығады Ән «Анашым»

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін беріп ақ сүтің.

Кең шуағың аясындай гүл бақтың.

Құрметті Аналар, әжелер, қыздар сіздерді – Сегізінші Наурыз мерекелеріңізбен құттықтай отырып «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілерінің аналарына арналған құттықтауларын қабыл алыңыздар

Мейірхан: Қайырлы күн ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі сегізінші Наурыз аналар мейрамымен құттықтаймыз. Әрқашан көңілдеріңіз жайдары , дендеріңіз сау болсын!


Мадияр:Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!

От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8 марта.

Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!


А.Диас: Ай лайн май мазе,

Ай лайн май фазе

Ай лайн май бразе

Хоу пав зем ол




Жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті абзал аналар – дей келе құттықтау сөз

«Айшуақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Есмұратова Гүлшат апайымызға береміз. (Мадияр гүл сыйлайды)


Жүргізуші:

Қожан Мадиярдың «мама мама » әні



Жүргізуші: балаларқар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда көптен күткен көктем де келіп жетті, олай болса мерекемізге алғашқы шығатын гүліміз бәйшешекті шақырайық!


Бәйшешек кіреді: Жарылқасын шұғыланы ертіп кіреді

Дала гүлге бөленді,

Қуанышқа кенелді

Құстар сайрай жөнелді,

Шұғыламды төккенмін

Саламатсыңдар ма балалар, құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, барлығыңызды сегізінші наурыз мерекесімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық тілеймін!

Мен сіздерге Көктем әнімді бірге ала келдім(Шұғыла Әнін айтады.)

Жүргізуші: Бәйшешек біз сенің келгеніңе қуаныштымыз, бізбен бірге мерекені тойла.



Жүргізуші:

Аяулысың,аяулымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары – дегендей балапандардың «Гүлдер» биін қарсалыңыздар


Т. Айзере

Ана – деген бәйтерегі өмірдің

Ана – деген қуанышы көңілдің.

Ана – деген әрбір үйдің жылуы,

Ана – деген бар өмірдің сұлуы.


А.Айзере

Ана деген – мөлдір бастаусауаты,

Ана деген- бұл өмірдің қуаты

Ана деген- алтын күннің сәулесі,

Ақ таңың боп шашылатын шуағы



Арай:


Мен өмірге келгенде

Ақ сүт берген анашым

Әсем әнмен тербеткен

Сәбиінің санасын


Шұғыла


Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбилер жарқылдап

Ана – деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


Н.Айзере

Ана деген- өмірдегі қамқорың,

Ана деген- сұйенерің жан құрбың

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.


Жүргізуші: « Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді» - дамекші, келесі көріністе ана туралы бар шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған Темірдің сол аналардың алдында бас иіп кішіригені айтылмақшы. Балаларымыздың сахналық көрінісін тамашалаңыздар.


Көрініс:

Алыстан әйелдің дауысы естіледі.

Әйел: Жіберіңдер мені, үш ғалымның билеушісіне жібер,тарт қолыңды, апарыңдар ханға!


Ақсақ темір: Мына зарлы дауыс кімдікі екен,біліңдер тез!

Шабарман:Үсті-басы шаң,алба-жұлба бір әйел ханға жіберіңдер! деп қасарып тұр.Ақсақ темір:Алып келіңдер. Ана: Баязитті өлтірген сен бе?


Ақсақ темір: Ия,мен оны да женгенмін ,басқанына да жеңемін.Әлі жеңуден қайтқаным жоқ.Сен не айтпақшысың әйел?


Ана: Тыңда!Сен-талай іс істесең де құр адамсың.Ал мен-анамын!Сен әлемге қызмет қыласың,мен өмірге қызмет қыламын.Сен менің алдымда жазалысың.Міне,мен саған « Сол жазаңды жу» деп келіп отырмын.Сен әділ болуға міндеттісің,мен анамын!


Ақсақ темір: Отырда сөйле, мен тыңдайын!

Ана:Менің әкем де, ерім де бақытты еді. Оларды бақытты қылатын мен едім. Менің жалғыз ұлым бар еді. Жер бетіндегі ең сұлу сол еді.


Ақсақ темір: Менің Жәңгірім сықылды

Ана: Менің ұлым алтыға келгенде қарақшылар келіп, менің ерңмді өлтіріп, ұлымды алып кетті. Міне, 4 жыл болды, жер жүзін шарлап, ұлымды іздеп жүрмін.Мен білемін, ұлым қазір сенің қолыңда. Сен менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, өзіме тапсыр!

Ақсақ темір:Әйел, сонау жат жерден өзендерді, тауларды, ормандарды Өтіп қалай келдің? Саған аңдар қалай тимеді? Қолыңда қаруыңда жоқ.


Ана :Жолда бәрі болды, қабан, аю, жер тарпыған бұқалар ұшырасты.Барысты көрдім, көздері сенің көіңдей екен, бірақ аңдардың жүрегі бар ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім.Олар менің ана екеніме сенді. Аяғандары емеспе, күрсініп теріс кете барды.


Ақсақ темір: Солай, әйел, аңдар адамдардан күштірек сүйіп, жауларымен алысады.


Ана: әркімнің де анасы бар ғой.Сені де бір әйел тапқан шығар.

Ақсақ темір: Солай, әйел, күнсіз гул гүлдемейді, махаббатсыз бақыт болмайды, әйелсіз махаббат болмайды. Анасыз ақын да, ер де болмайды.


Ана:Ендеше бер баламды өзіме! Неге десең, мен анамын, сүйемін ұлымды.

Ақсақ Темір:Мен тәңірдің құлы Темір тиісті сөзімді айтамын. Мен өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер күңіреніп келеді. Осы қолыммен отыз жыл бойына ажалдың иінін қиратып келемін, оның мәнісі- ұлым Жәңгірдің кегін алмақшымын. Анам туралы ойламаппын да. Менің алдымда отырған әйел маған сөйледі, бұйырды. Мен әйел қайратын ұқтым. Қазір үшжүз ада аттанып, маған қараған жердің бәрін кезіп, мына әйелдің ұлын тапсын. Кімде – Кім баланы тапса. Ол бақытқа бөленелі солай ма, ана?

Ана:Солай, хан, дұрыс айтасың.

Темір:Қане, атқа мінелік, бізде ізделік.


Жүргізуші: Осы айтылғанның бәрі шындық, аналар ажалдан күштірек, өмірге данышпандарды, ақындарды,ерлерді әкелетін – аналар. Барлық жақсылықты себетін- аналар. Иә, аналар ажалданда күшті.Міне, көрдіңіздер ме? Тәңір құлы Темірді жібіткен де ана екен.


Жүргізуші:

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз

Қалмұхаммет Нұрсаяның «Тәтті- тәтті» әнін қарсалыңыздар.


Би: «Қызғалдақ» тобының жігіттерінің биін тамашалаңыздар

( соңында хор жалғасып айтады)

Хор «Ана біздің күніміз»




Т.Кәусар

Ана – деген адамзаттың данасы,

Ана – деген сәбилердің панасы,

Ана – деген қайнар ыстық бұлағы,

Ана – деген өмірдегі қамқоры



Д.Кәусар

Ана деген- қызыл гүлі өмірдің

Ана деген- мерекесі өмірдің

Ана деген- мейірімнің мекені

Алдарыңа ақ гүлің боп егілдің


Абылай

Ана деген-дүниенің тірегі,

Ана деген- сан ұрпақтың жүрегі

Ана деген- қол жетпейтін көктегі

Азаматтың ақ арманы, тілегі

Мадияр:

Ана деген- көбелектей гүлдегі

Ана деген- аққу сынды көлдегі

Ана деген- күш қуаттың қорғаның

Ақ отаудың алтындағы діңгегі.

Айкүнім:

Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз.

Жүргізуші:

Десекте те уақытпен жарыспайды.

Қиялға қиялменен қарышпайды.

Балалар шын жүректен тебіреніп,

Жырларын әжелерге бағыштайды – дей келе Абилда Диас мен Нұржан Айзеренің «Әже»әнімен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші: М. Мақатаев «Ана»

Балаларымызды қарсы алыңыздар



Ұлар

Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар

Шырқап тақпақ айтамыз



Мейірхан

Аялаймыз аналарды ардайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің аналардың қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін


Б. Нұрсая

Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегің елжіреп

Құшағыңа аласың


Арман:

Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жан әні.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


Сезім

Бәрімізге анасың,

Күнім болып жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.


Жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық – дей келе Қыдырбек Айкүнімнің орындауында «Анашым » әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

Теңіздей тербелтіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде – деп «Қызғалдақ» тобының «Вальс» биімен ортаға шақырамыз.


Нұрасыл

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын жадыраған

Қуанышты мерекең




Айсұлу

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан анам

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа

Н. Кәусар

Ана біздің гүліміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз


А. Диас

Менің әжем ақ әжем

Ұлмен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айта берер тағы әжем

Қ. Нұрсая

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай


Жүргізуші:

Ана туралы әзіл көрініс қарсалыңыздар


Жүргізуші:

Аналарды сүйеміз

Әдеппен бас иеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз – дей келе Ілесбай Айғанымның«Әже » әні қарсалыңыздар



С. Диас

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен.

Айғаным

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі




Айқын

Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер ол – Ана

Дария

Ең қымбатты өмірде.

Ана екенін біліңіз

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз

Дияр

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Жүргізуші:

Оспан Диярдың «Анашым Әкешім» әнін қарсалыңыздар



Жүргізуші:

Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүр жасап

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжелеріміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Өйткені , бізді өмірге алып келген , бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе ? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

(Биге шығады)



Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен күнімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып бүгінгі «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты ертеңгілігімізді аяқтайық. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Қожан Мадиардың «Анашым Әкешім» әнін қарсалыңыздарбаршаңызға мың алғыс!»








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі