Материалдар / Аяулы алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аяулы алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге сыныптан тыс шар өткізгенде пайдасы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Аяулы алтын күз»

Күні: 12.10.2016ж

Мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой –өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Көптен күткен алтыннан нұр шашылған «Аяулы алтын күз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Жиылған қауым армысыздар бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары күз

Бірге болып қуанышта бәріңіз

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

1-жүргізуші: Қайтып барад мекеніне жыл құсы

Әнге ұласып жырға ұласып даламыз

Алтын күздің той думанын бастаймыз.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар біздің бұл сайысқа жиналып отыру мақсатымыз бүгінгі «Аяулы алтын күз» байқауының жүйріктерін анықтау.

1-жүргізуші: Олай болса, сайыс болғасын оң қорытындысы болу керек, сондықтан әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. ________________________________________________

  2. ________________________________________________

  3. ________________________________________________

2-жүргізуші:Әр тапсырмадан кейін ұпай саны беріліп отырады. Ұпай 5 балдық жүйемен беріледі. Онда қатысушылардың жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері қоса есептеледі.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте кеш бағдарламаларын таныстырып өтейік.

  1. Таныстыру 5 мин (яғни әр топ өздерін таныстыру)

  2. «Өнерлінің өрісі кең» 7 мин (өнер көрсету сайысы)

  3. «Білімді мыңды жығар» 6 мин (сұрақ-жауап)

  4. Күз тартуы 5 мин (жеміс-жидектерден немесе көкөністерден әзірлеу)

  5. Күзгі сән үлгісі 5 мин (сән көрсету)

2-жүргізуші: Ескерте кететін жайт уақыттан тыс шығып кетуге болмайды.

1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда анзар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Сайысымызды бастайық!

Ендеше ортаға 5-6-сынып оқушыларын шақырайық.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен.

«Күзгі бал» сайыс кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

1-жүргізуші: Көп сөйлеп жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болсада қашпайық біз

Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер

Қанеки, топтар сайысын бастайық біз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік.5-класс оқушыларын ортаға шақырамыз.

6-класс оқушыларының таныстыруына кезек берейік.

Әділқазылар таныстыру шартының бағасын көтерсеңіздер.

2-жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз

Бүгінгі күз кешінде

Өнер көрсетейік бәріміз.

1-жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,

Өнеріңді көрсетші оқушылар, қанекей,

Топтарға сөз берелік біз жекелеп,- дей келе «Өнерлінің өрісі кең» сайысын бастаймыз. Әр топ өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.

5-класс оқушылары шақырылады сахнаға.

6-класс оқушылары.

Әділ баға беретін әділқазылар алқасы «Өнерлінің өрісі кең» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді.

Білім оймен арамыз.

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

1-жүргізуші: Ал, топтар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әліде талай сын бар,

Тапсырма ал, жапырақтан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар.Келесі бөліміміз: «Білімді мыңды жығар»

Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады. Әр топтан бәр – бір оқушыдан шығып жерде шашылып жатқан жапырақтардың бірін таңдайды.Әр жапырақтың ішінде сұрақтар жазылады.Топпен немесе өзі жауап беруге болады.Дұрыс жауап 5 балмен бағаланады.

  1. Білім күні қашан тойланады?

  2. Тіл мерекесі қыркүйек айының қай күні?

  3. Абайдың күз туралы өлеңінен үзінді айтып беріңіз.

  4. Күзді неге “Алтын күз” деп атаймыз?

  5. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндерсең жылатады. /Пияз/

  1. Ұзын мұртты сарылар

Қойнында наны бар.( Бидай)

  1. Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Еңбегің қатты болса

Жегенің тәтті болады.

  1. Ұстаздар күні күздің қай айында тойланады?

  2. Күзде келетін құстарды атаңыз?

Әділқазылар алқасы сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі

Байлығы өте – мөте берекелі

Мәз – мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені, - деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

1-жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз «Күз тартуы» деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден дайындаған салат немесе қолөнерлерін таныстырып өтеді. Олай болса қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

Әділқазылардан осы сайыстын бағасын сұраймыз.

2-жүргізуші: Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда,- деп келесі кезекте «Күзгі сән үлгісіне» береміз.

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолыңнан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасалған киім үлгісін көрсетеді және қысқаша мәлімет берулері кеек.

5-класс оқушыларын сән үлгісімен ортаға шақырамыз.

6-класс

2-жүргізуші: Құрметті көрермендер «Арайлы алтын күз» атты сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. (Жеңімпаз топты марапаттау. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз).

1-жүргізуші:Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын

Жеңбедім, жеңілмедім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

2-жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге.

Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып 6-5 сыныптар арасында өткен «Арайлы алтын күз» атты сайысымызды аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!