400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы Ана - Қадірлі Ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана…….. Ол кім? Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен әлемдегі ең қайратты, жігерлі, ең төзімді, әрі ең нәп-нәзік жандардың бірі. Барлық адам баласында Ана деген жан бар. Өмірде Аналар да әртүрлі болады. Бірақ Ана өз сәбиін аялап, қорғап, пана болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрқашанда періштесі болып жүреді. Ананың балаға деген махаббатын тілмен айтып жеткізе алмаймыз. Қазақ халқының ақын жазушыларының «Ана» тақырыбына тоқталмағыны жоқтың қасы... Менің бүгінгі тоқталып өткім келген мектеп қабырғаларында жүрген, соның ішінде Алматы қаласы, Алатау ауданы №»151ЖББМ аналары жайында болмақ...... Неге дейсіздер ғой. Өйткені ол адам баласының бар нәзік сәбилерін барлық жанымен, жүрегімен сүйе біле түсіне алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы Ана- Қадірлі Ұстаз»

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№ 151 жалпы білім беретін мектеп

Ағылшын тілі мұғалімі Джампейсова Назира Сансызбаевна

Ана…….. Ол кім? Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен әлемдегі ең қайратты, жігерлі, ең төзімді, әрі ең нәп-нәзік жандардың бірі. Барлық адам баласында Ана деген жан бар. Өмірде Аналар да әртүрлі болады. Бірақ Ана өз сәбиін аялап, қорғап, пана болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрқашанда періштесі болып жүреді.

Ананың балаға деген махаббатын тілмен айтып жеткізе алмаймыз. Қазақ халқының ақын жазушыларының «Ана» тақырыбына тоқталмағыны жоқтың қасы... Менің бүгінгі тоқталып өткім келген мектеп қабырғаларында жүрген, соның ішінде Алматы қаласы, Алатау ауданы №»151ЖББМ аналары жайында болмақ...... Неге дейсіздер ғой. Өйткені ол адам баласының бар нәзік сәбилерін барлық жанымен, жүрегімен сүйе біле түсіне алады. Мектеп қабырғасы сонау 1971 жылы қаланды десек, содан бері еңбек етіп келе жатқан үздіксіз ардагер аналарымыздың еңбегі орасан зор. Оның ішінде Медетбекова Забида Омарқызы, Ахметова Гүлсара Мухаметқалиқызы, Зульярова Тамара Рахмединқызы, Тажибаева Назгүл Ержігітқызы, Ананьева Алла Анатольевна, Нюкова Кулшара Затайқызы, Десятых Надежда Андреевна, Аширова Рахима Абайдуллақызы, Махатова Қаламқас Абдуақасқызы деген аналарымыз бар. Бұл аталған ардагер Аналарымыз өз еңбек жолдарын жас маман кезінен мектептің тыныс – тіршілігіне толық еніп, өз ұстаздық жолдарында мектептің оқу орынбасарлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп директорлары қызметін де атқарған. Біздің жас ұрпақ «Үлкенге өнеге, кішіге ізет» көрсеткен халықпыз ғой, бүгінгі тыныс тіршілігі қауырт заманда тек өз отбасының ғана қамын ойламай мектептің тыныс тіршілігіне әлі де араласып, өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға білім нәрін сусындатып келеді. Мектептегі қандай іс шараларға болмасын бәріне бірдей қатысып , жүлделі орындарға ие болып жүреді.

Осы аталған аналарымыздан ақыл кеңес сұрамаған жаc маман болмаған шығар. Менде осы аталған мұғалімдерімізден көп жақсы қасиеттерді үйрендім. Олар қанша шаршап жүрсе де, жұмыстан шаршап кетіп бара жатса да, ақыл сұраған жас мамандарды ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған. Тәлімгер ретінде тыңдап оларды мақтап, мадақтап — «менің биылғы жас маманым керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір, ізденімпаз» — деп қана айтып жүреді. Мамандықтағы қиындықтарға мойымайтын болашаққа білім нәрімен сусындатып еңбек етіп жүрген , жас мамандарды қолдауға арналған «Жас маман» дайындау оқу тәрбие бөлігінде де, осы аталған ардагер ұстаздар үлкен роль атқарады. Әрине қателесетін күніміз де болды. Онсыз жас маман ештеңе үйрене алмайды ғой, қиындығы мен қызығы көп уақытты «Алло, біз талантты жас маманды іздейміз» атты жарыс өткізіп , жыл бойы дайындап шыңдалған мұғалімді сахна төріне тәлімгерлермен бірге шығарып тамашалайды. Мектебіміздің басшысы Молдабаева Гульшат Жақсылыққызы еңбек еткелі бері, мектепте көптеген өзгерістер орын алды, мектебімізге жаңа жапсырма мектеп жалғанып, мектептің ішкі тыныс тіршілігі де жақсы жаққа өзгере бастады. Айтарлықтай көп өзгерістің ішінде адал еңбегіңе қарай елену де әдетке айлана бастады. Біртіндеп мектеп мұғалімдерінің өз өзіне деген сенімі ұлғайып, еңселерін көтере бастады. Жас мамандарды баулуда мектеп басшысы және ардагер ұстаздардың алар орны орасан зор. Көктеммен таласып келетін алғашқы мереке Халықаралық Әйелдер күні. Осы көктемдей құлпырған табиғатпен таласып келетін әдемі мереке Аналар күні.Өз баласынан өзгенің баласын жақсы көрген, сол оқушының үйден мектепке келгенінен бастап, соның қызығы мен қиындығына алғаш куә болатын асыл Аналар қауымы. Мен өз әріптестеріммен қатар осы салада еңбек етіп жатқан бүкіл Қазақстан ұстаздарын оның ішінде Аналар қауымын 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтаймын.

Мерекеңіз құтты болсын, ұлағатты ұстазым,
Көктемгі күн, жыр шашуды арнаймын,
Денсаулығыңыз мықты болсын ұстазым,
Қуанышты қуанышпенен жалғайтын.

Әрбір күнін Жаратқан, шаттығына бөлесін,
Қуанышпен қарсы алып, өмірдің әр көктемін

Кенеліңіз бақытқа, шәкірттерді жетелеп

Бұл өмірдің қиындығы көрмей тек.

Мерекеңіз қуанышқа ұласып,
Гүлдей жайнап, құлпырыңыз ұстазым!
дей келе отбасыларыңызға амандық, татулық, бақыт пен қуаныш, еңбектеріңізге творчествалық табыс, үлгілі ізденімпаз оқушы және толағай шаттық пен қуаныш тілеймін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі