400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы ана- ару бүлдіршін! Аналар мен арулар байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл сценарий тәрбие жөніндегі орынбасарларына,сынып жетекшілерге, тәлімгерлерге қажет 1-4 сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы ана, ару бүлдіршін»

Аналар мен арулар сайысы
Толық күнгі шағын орталық пен Қысқа күнгі шағын орталық топтары
Қатысушылар: 
1. Искакова Аружан анасы Алиямен бірге
2.
Жұмабек Айшуақ анасы Индирамен бірге
3. Койшыбаева Адемай анасы Шолпанмен бірге
4. Елубай Аделя анасы Заринамен бірге
Сайыс мақсаты: 
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыр
у.
1-жүргізуші:

Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
2-жүргізуші:

Армысыңдар әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді
«шағын» топ балаларың
«Әже» әнімен Садуақасова Аяулымды қарсы алыңыздар!!!
1-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», -деп, аналарға деген құрметін білдіреді.
Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, Әулиекөл бастауыш мектебінің апайлары сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылақ бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты сайысымызды тамашалаңыздар! 
Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Есекеева Алмагүл Шәріпқызы
Мектеп жанындағы интернат меңгерушісі: Қалиева Зәуреш Қабдыбекқызы
Мектеп психологы: Калиаскарова Индира Миясаровна

2-Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған,
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайысын бастайық.


Жаны-сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр мен ару,
Көрік болған көгімде ару қыздар
Қол соғып, қошеметпен қарсаламыз.

1-жүргізуші:

Аналар мен әсем ару бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерге сайыс ережесімен таныстырып өтейін.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. 

І кезең: «Таныстыру» (анасымен бірге 3 минут)
ІІ кезең: «Өз өнерін көрсету» (анасымен бірге шектеу жоқ, ән, би, т.б. 3 минут)

ІІІ кезең: «Сұрақ-жауап» (аналарға салт-дәстүрге байланысты 2-сұрақ 2 минут)

IV кезең: «Шебер қолдар» сайысы. (кесте, тағам түрлері, т.б 2минут)

V кезең: «Дефиле» (Сән үлгісін көктем мезгілімен байланыстыруға болады)
Бағалау, марапаттау, қорытындылау. Номинация бойынша марапаттар беріледі. Осы сайысқа қатысқандарыңыз үшін алдын-ала көп-көп рахмет! 

Ал енді Аналарымыз келіп, номерлерді алайық реттік номерді біліп алайық.
Аналары сандықшадан номерлерді алып, сайысты бастайық!!!

І кезең: «Таныстыру» кезеңіне жол берейік. 

1-жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп,

Таныстырып  өздерін өтер деймін.

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін — кезек аруларда


1-жүргізуші:

Мен жаспын деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.


ІІ кезең: «Өз өнерін көрсету» (анасымен бірге шектеу жоқ, ән, би, т.б. 3 минут)

3-4 сынып оқушыларының аналарға арналған жыр жолдарына кезек берсек...


2-жүргізуші:

ІІІ кезең: «Сұрақ-жауап» (аналарға салт-дәстүрге байланысты 2-сұрақ 2 минут

1. Енші – қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесті енші дейді.

2.Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.

3. Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.

4. "Байғазы деген қандай дәстүр? «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
5. "
Шілдехана" деген қандай дәстүр? 
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

6.  Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады

7. Тұсаукесер" деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

8. Қазан жарыс. Әйел толғатып жатқанда оның жақын абысындары қазанға тамақ салады да: «Қара қатын бұрын босана ма, әлде қара қазан бұрын пісе ме?» - деп «жарысады». Бұл – ертеден келе жатқан ырым.


1-жүргізуші:

IV кезең: «Шебер қолдар» сайысы. (кесте, тағам түрлері, т.б 2минут)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық. 
Салимов Еркебұлан «Ана»

2-жүргізуші:

Сымбатына сән киім  жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай  келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың.

V кезең: «Дефиле» (Сән үлгісін көктем мезгілімен байланыстыруға болады)


Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Бүгінгі міне сайыстың 
Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз. 
Әділ қазы алқасы шешім қабылдағанша Башикова Альбина мен Болатова Заринаның орындауында «Мен қазақтың қызымын»әнін қабыл алыңыздар

1-Жүргізуші:      

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

    

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет

Мадақтау. 
Сайыс осымен өз мәресіне жетті келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет.
Мереке құтты болсын! Құттықтау сөз кезегі өздеріңізде. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1050
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі