1-жүргізуші:
Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған
қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен
бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды
қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан
аналар!
2-жүргізуші: Қош
келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары!
Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын
денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған
тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда
жүре беріңіздер.
Ана десем шешек
ашып жанары,
Өмірімнің бастау
алар ажары.
Ана деген
тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз
болып жанады,
- дей отырып,
алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп _____________
... береміз.
1-жүргізуші:
Шалқып, тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз,
Ана, сені
құттықтап,
Әндетеміз
бәріміз.
Алдарыңызға әнші
шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана туралы жыр
» және Ару
ана атты хорын қарсы
алыңыздар.
2-жүргізуші: Барша ана құтты болсын
мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен
берекеміз.
Ақтасақ ақ
сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз
кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін
ұсынады.:
Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен
қарыштайды.
Шәкірттер шын
жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға
бағыштайды,
Өлең
1-жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге
панасыздар,
Бала десе от болып
жанасыздар.
Сәтті басса
ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын
қып қанасыздар дей отырып келесі
кезекті 3к сынып оқушылары Молдакерім Жансая және Қожабекқызы
Қарақатты «Анашым анажаным әнімен қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп,
бойды алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше
сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай . .. оқушымыздың
орындауындағы _____________________ әнін қабыл
алыңыздар
1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат,
бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі,
қимылсыз билеп,
Иықтан шашып,
төгіліп жерге,
Күмісті шашбау,
жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті
мың бұралған бишілерге береміз.: 7г сынып қыздарының «көңіл күй»
Биін қарсы алыңыздар
1жүргізуші
Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының
астында» деп. Ислам діні
әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге
келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш
әкеледі дейді.
Ән:
2-жүргізуші:
«Отбасы-шағын
мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір
шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы,
қоғамның ертеңі болашақ балаларды
тәрбиелеуші.Ендеше кейбір
отбасылық өмірде кездесетін
оқиғаға байланысты көріністі қарсы
алыңыздар
1-жүргізуші
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не
ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз
сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын
басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен
ауыр.
2-жүргізуші
Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада»
демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын
сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге
болады.
Алайда ананың дегені , Алланың дегені
емеспе
Ән:
2-жүргізуші:
Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай
маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз
шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен
тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз
әлі де есімізде.
Ендеше қысқаша әзілдерге кезек
берейк
1-жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар тобы, Мерекеге өнерімен келген бүгін. Таң
қалдырып, қанекей би билеші, Қол соғып, демеу берсе көрермендер! –
д еп кезекті ... сыныптың байсалды да байыпты
бишілеріне береміз.
2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер. Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда, ендігі кезекте , қабыл
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ана-тіршіліктің
гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ
балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген
емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Ән
2-жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,
қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған
ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені
ол дүниедегі ең ардақты жан.
1-жүргізуші:
Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын
сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты,
абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге
алдымен анадан тарайды.
2-жүргізуші:
Осы айтылғандардың
бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір
тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар.
Бірге:
Ендеше сол аналар
алдында бас иелік!
2-
жүргізуші:
Мерекелік
кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға
береміз.
1- жүргізуші:
Мезгіл де біраз
жерге таяп қалды.
Бірге
Қош болып
тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды.