Аялы
да қымбатты аналар мен арулар және
ұстаздар .Сіздерді 8 наурыз мерекелеріңізбен
құттықтаймыз.Құттықтай отырып 4 е сынып
оқушылары өздеріңізге арналған «Аяулы
аналар » атты
шаған концертімізді бастаймыз.
Мақсаты.
Аналарымызды
,ұстаздарды қоғамдағы рөлінің айтарлықтай
зор екендігін дәлелдеп ,оларға қуаныш
сыйлау.Оқушылардың оларға деген ізгі
ниеттерін көрсету.
Көрнекілігі.
Ұлағатты
сөздер, суреттер , шар,үнтаспа т.б.
Барысы.
Қонақтарды
концертке шақыру, оларды қарсы алу,
тілек білдіру,өнер көрсету,құттықтау,қорытынды
сөз.
Асылбек
Еңсеповтың «Детство»
күйі қосылып тұрады.Өлең аяқталаған
соң оқушылар сахнаға ай секілді дөңгеленіп
тұрады да екі жүргізуші келіп тұрады.
1-жүргізіші.
Армысыздар,
аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей
құлпырған қыздар. Барлығымыз асыға
күткен көктемнің алғашқы күндерімен
бірге 8 –Наурыз Халықаралық әйелдер
күні де келіп жетті.Бұл- бір қолымен
бесікті ,екінші қолымен әлемді тербеткен
аналар мен нәзік қыздар қауымының төл
мерекесі.
Сенен
өскен балалар ,
Батырлар
мен даналар
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
жан аналар .
(Сол
кезде оқушылар сахнадан шығып кетеді.)
2-жүргізуші.
Қош
келдіңіздер құрметті аналар мен мектеп
ұстаздары, сынып қыздары.Бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын.Сіздерге
сарқылмас денсаулық ,ұзақ ғұмыр
тілейміз.Әрдайым жүздеріңізден күлкі
кетпей жанымызда аман жүре беріңіздер.
Ана
десем шешек атып жанары,
Өмірімнің
бастау алар ажары.
Ана
деген тіршілікке пана боп ,
Әрбір
үйде жұлдыз болып жанады – дей отырып
келесі кезекте Мұқағали Мақатаевтің
«Ана» өлеңін Кайырбекова Ажардың
орындауында қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші.
Барша
ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан
ана сізбен берекеміз
Ақтасақ
ақ сүтіңді,асыл анам
Сонда
біз кісілікке теңесеміз –деп ақындар
жырлағандай келесі кезекті әнге береміз.
Аяулым мен Арайдың орындауында «Аяулы
анам»
әні.
2-жүргізуші.Енді
кезекті балаларыңыздың өздеріңізге
арнаған жыр-тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Ерасыл.
Анасыздар
,әр үйге панасыздар ,
Бала
десе от болып жанасыздар.
Сәтті
басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз
күлкісін сусын қып қанасыздар
Айша.
Анасыздар – Ақ Еділ ,Жайықсыздар –
Жүзе
алмайды өтінде қайықсыздар .
Маздататын,жүректе
от лаулататын,
Әр
үйдің Күні десе , лайықсыздар.
Бауыржан.
Өр
десек те сіздерді – лайықсыздар.
Төр
десек те сіздерді - лайықсыздар.
Ер
десек те сіздерді – лайықсыздар.
Зор
десек те сіздерді –лайықсыздар.
Аружан.
Анасыздар
,кең байтақ даласыздар.
Жаны
жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке
жоқ көңілінде , қылауы жоқ
Үлбіреген
жауқазын баласыздар.
Согдиана
. Сіздер
–Күнсіз ,аспанда жарқыраған,
Сіздер
–
өзен,тау суы сарқыраған
Сіздер
– ана ,сіздер –жар ,сіздер қыздар.
Сіздер
–жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.
Абдулла.
Біз
сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге
де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала
ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп
қастарыңнан кете алмаймыз.
1-жүргізуші.
Үкілі
камшат ,бүрмелі көйлек
Тұрғандай
өзі қимылсыз билеп
Иықтан
шашың төгіліп жерге
Күмісті
шашбау ,жарасып белге –дей отырып келесі
кезекті мың бұралған биші қыздарға
беерміз .
«Үнді
»
биі орындайтын
қыздар би тобы.
2-жүргізуші.
–Қанай
,сен білесің бе? «Әйелдер адамды билігімен
баулиды.Өмірдің іргетасы солардың
қолымен қаланады деген екен» орыс
жазушысы Пирагов .
1-жүргізуші.
Орыс
жазушысы Максим Горкин «Адамдар –әрқашан
өз аналарының перзенттері.Ана болмаса
ақын да, батыр да болмайды » деген екен.
2-жүргізуші.Ия,
дұрыс айтасың .Ал,Мұхаммед пайғамбар
айтқан екен .»Жәннәт –аналардың аяғының
астында» деп . Ислам діні әйелдерді
ерекше құрметтейді.Егер бір үйде қыз
бала дүниеге келсе ,береке ,молшылық
,бейбітшілік болады, ата –анасына қуаныш
әкеледі дейді .Олай болса ортаға қазір
сұлу қыздар сосын аяулы ана болатын
сосын ақ әжеге айналатын қыздарды
шақырайық.Назерке мен Жансаяның
орындауында «Мама»
әні.
1-жүргізуші.
Біздің
сыныптағы ұлдар өз аналарын қатты жақсы
көреді және құрметтейді.Осы аналарымыздың
және қыздардың ұйқысы тыныш болуы әрине
ел қорғайтын жігіттердің міндеті
.Себебі ер –азаматтар елімізді қорғайды
.Біздің сыныптағы ұлдар болашақ сарбаздар
екенін бүгінгі әнімен дәлелдемекші.Алдарыңызға
сынып ұлдарының орындауында «Туған ел»
әні.Қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші.
Бишілер
бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге
өнерімен келген бүгін .
Таң
қалдырып ,кәнекей би билеші ,
Қол
соғып демеу берсе көрермендер –деп
кезекті биге береміз .Ағылшын вальсі.
1-жүргізуші.
Біздің
сыныпта қыздардың барлығы – әнші.Оған
дәлел қазір де бір топ қыздардың әнін
тамашалайсыңдар.Согдиана,
Жансая,Аружан,Қарақат,Аишалардың
орындауында «Анашым»
әні .Қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші.Неше
данышпандарды, ақындарды, қаһармандарды,
аты әлем шарлаған мәшһүр адамдарды
тауып беретін аналар. Халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлыда ,ұлы ақын Абай
Құнанбаевты да, күш атасы Қажымұқан
Мұңайтпасовты да ,1925 жылы Париж қаласында
өзінің әнімен әлемді ауызына қаратқан
Әміре Қашаубаевтарда сол нәзік аналардан
шыққан. Ендеше сол аналар алдында бас
иеміз.
1-жүргізуші.
Концертті
және тағы да аналар құрметіне арнап ән
жолдамақшымыз.Шәмші Қалдыаяқовтың
әнінен жазылған «Ана
туралы жыр»
әнін сынып балалар хормен айтады.
2-жүргізуші.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгіл
де біраз жерге таяп қалды.
Қош
болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен
концертіміз аяқталды.
1-жүргізуші.
Тағы
да ардақты аналарымызды бүгінгі төл
мерекесімен құтты
-қтаймыз
.Аналарымызды сыйлап жүрейік.Келесі
кездескенше аман сау
болыңыздар.
8 наурыз құтты болсын.