400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аяулы анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың аналарына деген сый құрметін арттырып, анаға деген ықылас махаббатын білдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты; «Аяулы анашым».

Әсем безендірілген бөлмеге музыка ырғағымен оқушылар кіреді.

Ұстаз:-Ана деген өмірдегі ұлы есім

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін

Ана деген ардақты ат,сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесін

-Иә,бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік,әрі қымбат.Ендеше біз сіздерге «Ақ мамам»әнін шырқайық.

«Ақ мамам»әні орындалады.

Айдана.Х. Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Бибіфатима.Ж. Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

«Құлыншағым,күнім»-дейтін

Рахметтола.А. Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем,күн әжем

Ана үшін,мен үшін

Аман-есен жүр әжем

Бәрі;Бәрі жақсы ананың,Бәрі де оның керек-ау, Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек-ау.

«ВАЛЬС»биі. Санжар-Гүлназ,Али-Жұлдызай,Рамазан-Айдана,Рахметтола-Беназир.

Беназир.Қ. Айналайын анашым

Көкте нұр боп жанасың

Ет жұрегің елжіреп

Құшағыңа аласың

Санжар.Қ.Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді ақтармын.

Рамазан.О. Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Сахналық көрініс. «Әжесі мен Бағлан»Кәбдікәрім Ыдырысов.

-Көрністі көрсететін ;Жұлдызай-әжесі,Гүлназ-немересі.

-Жүрегім кім менің? -Мен.

-Тірегім кім менің? -Мен.

-Сәнім кім менің? -Мен

-Ботақаным,бағлан қозым.

Не деген тәтті баласың өзің.

-Ой,қарғам менің!

-Жоқ,әже,қарғаң мен емес!

Жо...жоқ қарға болмаймын

Керегі жоқ ондайдың

Қарға қарқ-қарқ етеді

Алысқа ұшып кетеді,қасыңда боп әрдайым.

Мен ешқайда бармаймын.

«Анашым» әні.

Санжар.Қ. Менің әжем,жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем.

Али.Қ. Ананың біз гүліміз

Ана біздің күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Айғаным.А. Ойнаймыз,күлеміз

Жарқырап жүреміз

Ананы сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

-Қыздар мен ұлдардың билерін қарсы аламыз.Ұлдар «Ұландар» биін,ал қыздар «Қамажай» биін билейді.

Ұлдар:Санжар,Рамазан,Рахметтола,Али.жас ұландар.

Қыздар:Гүлназ,Айдана,Беназир,Жұлдызай,Бибіфатима,Айғаным.

Жұлдызай.А.Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Балалар аналарға гүл сыйлайды.

Сая: Әлпештеген,аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Тақпақ айтып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Гүлназ: Алтын анам ол менің

Мені жақсы көреді

Үйретеді өлеңін

Ертегі айтып береді.

-Ал енді әже жайлы айта ғой, Гүлназ.

-Шай қайнатып келейін

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін

Балдай тәтті,бал әжем.

-Болар күнде алаң,жанашыр кім саған? -АНАМ

-Болсаң егер жаман,кейитін кім саған? -АНАМ

-Таң қалғандай ғалам,кім ең сұлу адам? -АНАМ

-Боташым дер саған,кім сүйікті адам? -АНАМ

-Ал енді,аналарға арнап алма ағашына тапсырмалары бар алмалар

ілдік. Әр ана өз қалауы бойынша шығып алманы алып сол алмадағы тапсырманы орындайды.Әр қайсыңызға сыйлығымыз

бар.

1-ші алма: «Бұл менің әнім» Үш ана шығып әр қайсысы өз өлеңін айтады,қайсы өз өлеңін аяғына дейін айтса сол жеңеді.

2-ші алма: «Әр қадамың жақсы сөз» ананың баласына деген жылы

сөздері не ғұрлым көп болса,сол ана жеңеді.

3-ші алма: «Баланы киіндір»Көзі байлаулы ана баласын киіндіреді.

Киімін,баланы ауыстырып қоюға болады.

4-ші алма: «Кім жылдам?»Анасы мен баласы ортаға шығып шашылған сіріңке шілерін жинайды.

5-ші алма: «Мен баламды танимын» Көзі байлаулы болса да өз баласын көп бала ішінен табу.

-Аяулы аналар,апалар,Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Көктемнің шуақты күндеріндей,сан-алуан гүлдеріндей құлпырып

жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден

қуаныш арылмасын! Осымен өздеріңізге арналған мерекеміз

аяқталды,уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі