Аяулы анашым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар күніне арналған мерекелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы анашым»


Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту; анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Репертур: 1) Әндер: «Көктем келді», «Аппақ әжем», «Ақ мамам»,

жеке ән «Мен қазатың қызымын» Айкөркем мен Асылым.

2) Билер: «Көктем вальсі», «Рокерлер биі» (ұлдар), «Гүлдер» биі (қыздар).

Зал іші әсем безендірілген. Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.

Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.

Қар еріп,су көбейіп сай салада ағады

Бүршік шашып жапырақ ашып

Жер,гүл шашақ тағады

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады, айтыңдаршы?

Көктем айларын атап беріңдерші?

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық дей отырып шырайлы көктем мерекесіне арнап жаттаған «Көктем келді» атты әнімізді шырқап берейік.


Ән: «Көктем келді»


Тақпақтар:

Әр сөзінді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті ақ әжем

Көңілді әуен естіліп залға Сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ:Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен мерекеге үлгердімбе? Мен бүгін аяулы қыздарымыз бен аналарымызды, ақ жаулықты әжелерімізді мейрамдарымен құттықтауға келдім, бірақ қараңдаршы мен сендерге гүлдің орнына түрлі-түсті шарлар ала келдім. Бұл шаршар жай шар емес, сиқырлы шарлар. Егер біреуін жарсаң тілегің орындалады.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Сайқымазақ! Қош келдің! ОО қандай ғажап шарлар.

Сайқымазақ:Балалақайлар сендер сан санай аласыңдарма?

Балалар: Йа!

Сайқымазақ: Олай болса, менің шарларымды санап беріңдерші. (1- ден 10 ға днейін санау) Кәнекей 1 деген сан қай түсті шарда тұр? Онда шарды жарайық.

1.Тапсырма: «Көктем вальсі».

Жүргізуші:

Тұлыншағым желпілдеп

Би билейік кештерде

Ақ көйлегім желпілдеп

Биші болам өскенде

Олай болса біздің биші ұлдарымыз бен қыздарымыздың «Көктем вальсі» биін тамашалаңыздар.

Би: «Көктем вальсі»

Сайқымазақ:Ой, қандай керемет би. Жарайсыңдар. Енді келесі 2 деген санды кім табады? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

2. Тапсырма: Ойын балалармен.

Ойын: «Гүл сыйлау» (Сайқымазақ ойнатады)

Сайқымазақ:Ой, жарайсыңдар. Енді келесі 3 деген санды кім табады? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

3. Тапсырма: Әжеге арналған тақпақтар

Жүргізуші: Балалар, енді бүгін әжелеріміздің де мейрамы, сол үшін ақ жаулықты әжелерімізге арналған өлең-шумақтарымызды айтып берейік.


Тақпақтар: Әже туралы.


1.Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.


2. Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.

3. Әже деген асыл жан
Құрмет көрген ғасырдан
Аялаймын әжемді
Аялаймын бар елді.

Сайқымазақ:Ой, жарайсыңдар. Енді келесі 4 деген санды кім табады? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

4. Тапсырма: Ән «Аппақ әжем»
Ән: «Аппақ әжем»

Сайқымазақ: Керемет балалар, сендерге қарап таң қалып тұрмын, осыншалықты аналар күніне дайындалыпсыңдар. Олай болса келесі түс қандай екен және ол қандай сан екенін көрейік.

5. Тапсырма: Өнер көрсету

Сайқымазақ: Балалар сендер өнерлеріңді көрсетіп атырсыңдар менде өнерімді көрестейін олай болса.

Сайқымазақ Өнер көрсетеді.

Сайқымазақ:Ой, жарайсыңдар. Енді келесі 6 деген санды кім табады? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

6. Тапсырма: Ән «Мен қазақтың қызымын»

Жүргізуші: Ортада Айкөркем мен Асылым «Мен қазақтың қызымын» атты әнімен, қабыл алыңыздар.

Ән: «Мен қазақтың қызымын» Айкөркем мен Асылым.

Рокерлер биін билейтін ұлдар шығып кетеді. Гитараларын алып сырта дайын тұрады биге.

Сайқымазақ: Ой, жарайсыңдар. Енді келесі 7 деген санды кім табады? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

7. Тапсырма: Би: «Рокерлер» биі.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ендігі кезекті біздің өнерлі жігіттерімізге берейік. Қыздарымыз бен аналарымызға арнап дайындаған би билеп берсін.

Би: «Рокерлер» (ұлдар).

Сайқымазақ:Ой, жарайсыңдар. Енді келесі 8 деген санды кім табады? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

8. Тапсырма: Ойын: «Жануарларды қимылмен көрсету».

Ойын: Аналармен.

Сайқымазақ: Ой, жарайсыңдар. Енді қандай сан? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

9. Тапсырма: Би «Гүлдер».

Жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекте біздің гүлдей құлпырған сұлу қыздарымыздың «Гүлдер» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Гүлдер».

Сайқымазақ: Ой, жарайсыңдар. Енді соңғы қандай сан? Қай түсте тұр екен? Шарды жарады.

10. Тапсырма: Ән: «Ақ мамам».

Жүргізуші:

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным тппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам дей келе келесі кезекте әсем ән өздеріңізге арналады.

Ән: «Ақ мамам»

Әннің соңында балалар сыйлықтарын аналарына береді.

Сайқымазақ: Ал, енді балалар, менің қайтатын уақытым келді. Бүгін сендермен бірге уақытымды қызық өткіздім. Анамды қуантуға асығайын. Сендерге көп рахмет, ата-анасын тыңдайтын ақылды бала болып өсе беріңдер. Сау болыңдар.

Сайқымазақ музыка әуенімен залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2020
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі