жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Аяулы анашым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы , Тобыл қаласы «Гүлдер» бөбекжай бақшасы, тәрбиеші Досмухамбетова Кумысай Мухамедгалеевна
Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Репертур: 1) Әндер: «Тамшылар», «Нұрлы көктем»; «Ананың тілегі»
2) Билер: «Қорғаушы періштелер», «аспазшылар», «бабушки-старушки» әзіл биі, «Гүл көктем»
3) Ойындар: «картоп аршу» (әкелермен); «Анамызды қолынан танимыз» аналармен; «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру».
Керекті құралдар: картоп пышақ (әкелермен ойынға); үш йогурт, үш кішкентай қасық, майлықтар(әжелермен ойынға).
Ортаға періштелер кіріп, би биленеді. Ана туралы диалог оқылады.
Би: «қорғаушы періштелер»-Дарина, Аиша, Валерия
Жүргізуші: иа, ана деген үш әріпте үлкен мағына жатыр. Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді,
орындарына отырады.
Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)
Балалар ең асыл жан кім?\Ана\
Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\
Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\
Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \
Би билеп, ән айтады
Тойларында балалар.
Бағалаймыз енбегін
Аман болсын аналар!
Ән «Тамшылар».
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.-дей отыра сөз кезегін балаларға берейік
1. Нұрдаулет Мен деп кірпік қақпаған
Менсіз тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың. Аман-сау жүр, ақ мамам Аиша Ана көркі – көгімнің,
Ана нұры – жерімнің.
Ана бағы баланың.
Мақтанышы
елімнің
Едіге
Мәпелейсің
мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра
өсіп дем алам.
Құшағында
қысылмай.
Дарина
Сенімінді
ақтайды,
Еркелеткен балашың.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы,анашым.
Мерекеңмен өзінді,
Құттықтайды балашың
Жүргізуші: кім келе жатыр екен, көктем келіп қалды ме екен?
Осы кезде ортаға қарақшы кіріп келеді. Қылышын сермеп:
Ха ха балалар, сендер көктемді күтіп отырсыңдар ма?
Балалар: иә!
Мен көктемді кемемде байлап тастап кеттім.Енді сендерде мереке болмайды!
Жүргізуші: Қарақшы аға неге олай жасадыңыз, енді не істейміз?
Қарақшы: Көңілдерің түсіп кетті ғой, жарайды ендеше менің көңілімді көтерсеңдер мен көктемді босатамын.
Жүргізуші: Ендеше балалар Қарақшының көңілін көтереміз бе?
Ендеше Қарақшы аға біздің аспазшы қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Би: «Аспазшылар».
Қарақшы: ММММ жақсы жақсы жаман емес жаман емес. Сендер ойын ойнай аласыңдар ма?
Балалар :иә
Ойын «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру»
Шарты: ойынға үш бала мен олардың әжелері қатысады; немелері өз әжелерін йогуртпен тамақтандырады. Жүргізуші балаларды мақтайды. Анамның анасы әжелерге арналған тақпақтарды қарсы алыңыздыр. Алихан Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
Алан
Ақ
жаулықты әжемді
Ай
жүзіне теңедім
Мейірімін
таусылмас
Күн
нұрына теңедім.
Нұрали
Менің әжем, бұл әже
Айтқан
сөзі дәл әжем
Аман
болса көреді
Қызығымды
әлі әже
Жүргізуші: Қандай тәртіпті немерелер! Әжелерін қалай күтеді...
Жүргізуші: Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті апа, аналар!
Райымбек
Аспандағы
айымсың
Бақытыма
балаған
Құтты
болсын мерекең
Айналайын
жан анам.
Улан
Аялаған
анашым,
Мәпелеген
анашым.
Менің
саған тілегім
Қартаймашы
анашым
Сұлтан Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым
Риза
Әр
сөзімді жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған.
Анашым
деп мақтанам
Айналайын
ақ анам
Алишер
Аналарды
сүйеміз
Ақылын
ойға түземіз
Әжені
де ардақтап
Әдеппен
бас иеміз.
Наргиз
Анамды
мен жақсы көрем,
Айтқан
тілін алып жүрем.
Қасымда
анам жүргенде
Шаттанып
ойнап күлем
Жүргізуші: Қалай қарақшы аға енді босатасыз ба?
Қарақшы: Түсіндім балалар, сендердің әжелеріңе деген мейірімдеріңді көрдім. Мен барып көктемді босатып, сендерге мереке сыйлайын!
Жүргізуші : рахмет, біз сені ұмытпаймыз, сау бол!
Қоштасып қарақшы шығып кетеді.
Сүйікті әжелерімізге арнап ұлдарымыз әзіл биін билеп берейік!
Би: «бабушки-старушки».
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп!
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балалары айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\
Сәлеметсіңдер ме балаларым, сендерге рахмет мені босатқандарың үшін!
Жүргізуші:Көктем
,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп
күттік ! Біздің балалардың көктемнің
алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың
тамашала !
Тақпақтар
Рамазан
Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Анашым жүрегім,
Өмірлік тірегім.
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім
Тамир
Құтты болсын ақ
анам
Сегізінші
науырызың!
Қасымда
бол әрқашан
Жансын
жарық жұлдызың
Ясмин
Мен
анамды сүйемін,
Сөзің
ойға түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды
оған иемін.
Самир
Теңдесі жоқ
данасың
Арқа
сүйер панасың
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман
болшы анашым
Ескендір
Ақ қабақты
анашым
Күн
сәулелі анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым
Жүргізуші: көктем біздің балалар сізге арнап ән айтып берекші,.
Ән: «Нұрлы көктем».
Көктем қандай керемет ән айтасыңдар, өнерлі балалар екенсіңдер! Балалар ал сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Енді аналарымызбен бір ойын ойнайық-5 ана
Ойын «Қолынан танимыз»
Жүргізуші:Ойыншыларға ду қол шапалақ! Рахмет сіздерге.
Линара
Мәпелеп
мені өсірген
Ризамын
мен өзіңе.
Ана
деген керемет,
Сыйлап
өтем өмірде.
Раяна
Анам
болса қасымда
Басқа
бақыт не керек.
Анашымның
жүрегі,
Мейірімді
ғой керемет
Мариям Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең
Ернар
Ақ анашым, аппағым,
Өзің
жайлы тақпағым,
Өзің
жайлы әнім де,
Арнадым
саған бәрін де.
Ұлпан
Ана
біздің күніміз
Ананың
біз гүліміз
Балаларды
қуантып
Ұзақ
өмір сүріңіз.
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би «Гүл Көктем»
Жүргізуші: Қандай тамаша би!Рахмет.
Көктем мен сендердің өнердеріңе тәнті болдым! Менің кететін уақытым болды. Мен сендерге өз нұрымды сыйлаймын! Менің құлыншақтарым сау болыңдар!
Балалармен қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Бүгін мереке, аналар әрине сән салонға барып, дүкендердерді аралап жүреді. Ал, әкелеріміз осы кезде балаларына тамақ істеп береді екен.Тіпті картоптыда өздері аршиды. Иә, балалар? Оны біз қазір ойын ойнап тексереміз.
Ойын «Картопты аршу»
Шарты: ойынға екі әке шығады. Көздерін байлап,қолдарына картоппен пышақ береміз.
Жүргізуші: Біздің әкелеріміз картопты таза қылып аршыды! Осы ойында достық жеңді!
Рахмет сіздерге
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ән «Ананың тілегі» Попурри
Жүргізуші: Бұл Аналарға арнайы жасалған сыйлық.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген