«Аяулы-
анашым!»
Жүргізүші: Армысыздар аяулы аналар,
Армысыздар мейірімді әжелер. Армысыздар қызғалдақтай құлпырған
қыздар! Барша қонақтар, сіздерді 8 –наурыз аналар мерекесімен
құттықтаймыз!
Ана- десем сезім билер тым
ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе адамның
мейрімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық!
Мейірімің балқытып жүрегімді,
Құлпырады қуансаң нұр өңіңді, Асыл анам, айтқым кеп тұрады ылғи,
Мен өзіңе ең ізгі тілегімді. –дей келе , көктемнің алғашқы
мерекесімен құттықтай отырып, ересек
«Қарлығаш » тобының
«Аяулы
анашым!» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер дейміз!
-Ендігі кезекте балалардың
сіздерге арналған тақпақтарын
тыңдаңыздар.
Тақпақтар:
(Жасмин, Нұрмұханбет, Нұрай,
Есімхан , Арсен, Нұрлыбек, Рахымжан, Альхам, Дархан, Бағдаулет,
Бегімсұлу, Күнсұлу, Аймен , Инаят, Айша)
Жасмин: Алтын адам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған. Бақшадан үйге келгенімде, Бал сөзі
«жаным» деген сая маған. Бал анам , асыл анам, Таңым анам, Мен
сенен қуат алам, жылу алам. Күн болып көңілімде күйге бөлеп,
Арнадың өмірдің бәрін маған. Рахымжан: Әр сөзіңді жаттаған, Жүрегімде
сақтаған. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ
мамам.
Альхам: Әлпештеген баласын, Ана бақыт,
ана күн. Әркім сүйіп өзінің, Мақтан етер
анасын. Дархан: Сендерден туғанбалалар,
Батырлар мен бабалар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті
аналар! Бағдаулет: Ақыл құйған санама, Күннен
артық расында. Күн алыста ал анам , Ылғи менің
қасымда. Есімхан: Әлпештеген аялаған , Ақ сүт
берген анашым, Салем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен
құттықтаймын. Нұрлыбек: Ана деген не деген, Ақ тілеуші
жан еді. Алғысын алып мен оның, Өсе бергім
келеді. Арсен: Анаң болса қасыңда , Басқа
бақыт не керек. Аналардың жүрегі, Мейрімді ғой
керемет. Нұрай: Жарқын жүзді жан анам, Сендей
болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес
баладан. Нұрмұханбет: Барша ана құтты болсын
мерекеміз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді асыл
анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Бегімсұлу: Мен әжемді сүйемін, Құшағына
енемін. Мәпелеген әжемді, Қуантсам деп
келемін. Айша: Жер бетінің ғұмыры, Күн
нұрымен арайлы. Біздің үйдің жылуы, Анамыздан
тарайды. Аймен: Көктем күні күркіреп, Жаңбыр
жауып сіркіреп. Бәйшешектер дүркіреп, Шыға келді қыр
түлеп. Күнсұлу: Жылылықтан жаралған, Құшағы
оның таң мекен. Менің айдай анамнан, Асқан сұлу бар ма
екен? Инаят: Еркелеймін шаттанам, Жарқын
күлкің бақ маған, Ақ бетіңнен сүйейін, Келші келші ақ мамам. Бал
бөбегін баптаған, Мамам үшін мақтанам. Ақ бетіңнен сүйейін , Келші
келші ақ мамам. Жүргізіші: Тақпақ айтып қуанып, Би
билесем бұралып. Қошеметтеп қол соққа. Қаламыз -ау
қуанып.
Би: «Өзбек
»биі
(Залға бәйшешек пен қызғалдақ
таласа кіреді) Бәйшешек: Көктемнің алғашқы айында
мені балалар қатты күтеді, қырдың гүлі бәйшешек мен
әдемімін. Қызғалдақ:Жоқ, балалар мені күтеді, мен
сұлумын, «қызғалдақтай сүйкімдімін»
Бәйшешек: Мен әдемімін
аппақпын. Қызғалдақ: Сен көп мақтанба мен
әдемімін. (Осы кезде Көктем кіреді)
Жүргізуші: - Сәлемет пе, ару көктем, Сені
асыға күтіп көптен. Жер анамыз бір босанды, Күнде нұрын төгіп
көктен. Көктем
: Мен көрікті көктеммін, Былтыр
келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтың , Түбіне тал еккенмін. Гүл
болып қырға егілем, Дән болып жерге себілем. Жаңбыр болып аспаннан,
Нұр болып жерге төгілем.
- Салеметсіңдер ма
балалар,құрметті аналар , мерекелерің құтты болсын! Ой, қандай
жақсы болды, менің алғашқы гүлдерім осында екен ғой, мен оларды
жоғалтып алдым ба десем. Жүргізуші:- Иа сіздің гүлдеріңіз бізде
қонақта, бірақ екеуі таласып жатыр.
Көктем
- Ой , олар неге
таласады?
Бәйшешек: Қырдың гүлі бәйшешек, Мен
боламын балалар. Алғаш көктем айында, Мен шығамын
жайқала. Қызғалдақ: Мен өзіңнен сұлумын,
Көріктімін арумын. Көктем гүлі сүйкімді, Қызғалдақпын
әдемі. Бәйшешек: Сенен бұрын өзімді, Көп күтеді
балалар. Асыр салып қуанып, Қарсы алады
шаттанып. Қызғалдақ
: Көп мақтанба бәйшешек, Мені
сағынды балалар, Айналаға қарашы, Маған қызыға
қарайды. Жүргізуші: – Жарайды, әсем гүлдер
айтыспаңдар, сендер екеуің де көктемнің гүлісіңдер, екеуіңде бізге
ұнайсыңдар. Біз бәріміз екеуіңді де асыға ,сағына күтеміз солай ғой
балалар? Көктем: -Иа, екеуің де көктемнің
гүлісіңдер! Екеуің болмасаңдар көктемнің сәні
болмайды. Жүргізуші
: - --Ал,ендеше қонақтар бәріміз
бірге балалардың өнерін тамашалайық .
Жүргізуші: Бүгінгі көктем күнінде, Барлық
адам қуанар. Аналарды мейраммен Құттықтайды
балалар. Ән: «Көктем
келді»
Жүргізүші: -Құрметті: Қонақтар, қазір
біздің қыздар арасында қыз сынын жүргізбекшіміз. Бұл
сайысымыз «Қыз- қылығымен
тәтті » деп аталады , ендеше,
сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер. Сайыс төрт бөлімнен
тұрады. 1. Тегін білу, таныстыру.
2. Ас адамның арқауы қыздардың жасаған тағамдары. 3. «Анасын көріп
қызын ал». (шаш үлгісі) 4. Қыздарға әсемдік жарасады,
мода.
1 – бөлім бойынша
таныстыру.
Инаят:- Қазақтың мен қызымын қара
көзді, Айтатын жүрегімен жалын сөзді. Алдында барша жүрттың тізе
бүгіп , Беремін баршаңызға сәлемімді. Әке-шешем мақтаған Атым менің
–Инаят. Тақпағым бар жаттаған, Осы күнге сақтаған. Жарыс десе
жайнаймын, Намысымды қайраймын. Айша: -Армысыздар қадірменді
қонақтар! Армысыздар , ақ жаулықты аналар. Бүгінгі кеш арулардың
сайысы, Сіздердікі тамашалау бағалау. Таныстырам өзім жайлы
қысқаша, Елім Арғын, білімімде айрықша. Ағылшынның ханзадасы
сияқты. Әкем қойған ,атым менің Айша.
-Бегімсұлу Армысыздар өнердің алтын кені,
Амандасу ежелден салтым еді. Міне тағы сол салтты жалғастырдық ,
Амансыз ба аяулы халқым менің. Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен оданда таң қылайын. Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын. –Аймен: Атым Аймен болады сұрасаңыз,
Тәуке екен кешегі бір атамыз. Әкем аты Дәурен асқар тауым, Пана
болып біздерге жүз жасаңыз. Анашым Альмира Берікқызы , Жүзінен
төгілетін күннің нұры. Атыңа кір келтірмей өтсем сенің, Мойнымнан
түсер ме екен перзент жүгі.
2-
бөлім
Жүргізүші: -Сайысымызды ары қарай
жалғастырамыз: Келесі кезекте Ару қыздарымыз қонақтарына қандай ас
әзірлей алады екен өз қолдарыннан жасалған салаттарына кезек
берейік. (қыздар салаттарын әкеп көрсетін қорғап
шығады)
3-бөлім Жүргізуші: -Ендігі ,кезекте «Анасын көріп
-, қызын ал» сайысы бұл жерде аналардың көмегімен қыздардың шашына
«шаш үлгісін жасау»
Жүргізүші:-- Аналарымыз қыздардың шашын
сәндесін. . Жүргізуші:
- Ендігі кезекте қыздарымыз мода
көрсетеді, оған дайын болғанша би
тамашалаңыздар Би: «Батырлар
биі»
4- бөлім
Жүргізуші: -Ендігі
кезекте «Қыздарға әсемдік жарасады»
мода көрсету.
Жүргізуші: - Енді ару қыздарымызды
ортаға шақырып өнерлерін бағалайық. Қыздарымыз өте керемет сыннан
өттіЕнді қыздарымызға өздеріне сай ерекше ат бергіміз келіп
отыр.
Жүргізуші: -Ендігі кезекте тақпақтарға
берейік. Тақпақтар: (Мадина, Нұрсәт, Жасұлан,
Айдана, Ахлима, Аяжан, Жеңісхан Осман , Ирада, Зуля, Альфия,
Милана, Эмирхан, Рамиль,Нұрасыл, )
Мадина: Пайдаланса уақытты, Біздің
қыздар бақытты. Арманға жетер балалар, Аман болсын
аналар. Нұрсәт: Бала, бала, бала деп, Түнде
шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік
таянған. Жасұлан: Сенен өскен балалар, Батырларм
мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен Құрметті , жан
аналар. Айдана: Ана көркі көгімнің, Ана нұры
жерімнің Ана бағы баланың. Мақтанышы елімнің.
Ахлима: Жердегі бар тағамнан, Ана сүті
нәрлі екен, Бұл жалғанда анамнан, Сүйікті жан бар ма
екен? Аяжан: Көктем келді құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп Біздің жаққа келеді, Былтыр кеткен қаз
үйрек Жеңісхан: Көктем қандай көңілді, Көктен
жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып Күннің көзі көрінді. Айша:
Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен
бас иеміз. Зуля: Мерекені қарсы алып, Мәз болды барша жұрт. Гүл
ұсынып анаға Бердім өзім ән салып. Хадиша: Ақ қабақты анашым, Күн
сәулелі анашым, Әлпештеген баласын, Айналайын
анашым.
Ән: ағылшынша (Милан
,Есімхан, Осман)
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз, Жадырасын
жанымыз. Аналарды құттықтап, Би билейміз
бәріміз. Би «Қазақ
биі»
Ән: «Анашым» (Жасмин мен
Мадина)
Жүргізуші: Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай ақ тілесін. Ана деген ардақты ат, сен оны , Ана
жайлы ән тыңдасаң білесің. Ән
«Анашым» (Аналарға гүл
беру)
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды, Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Тексерілді:
------------
Әдіскер: Әкімбек
А
«Еркежан »
балабақшасы
«Аяулы
анашым!»
Ересек «Қарлығаш»
тобы
Тәрбиеші: Дускеева Г
О
2017-жыл