400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аяулы анашым»

Мақсаты:

Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру, ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойына ананы сыйлауға, құрметтеуге, өнеге тұту сияқты қасиеттерді қалыптастыра отырып, үлкенге ізетті болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, карточкалар.


Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер,

Мектеп үшін қашанда керексіздер.

Ата-аналар ардақты абзал жандар,

Ұстаздармен қашанда біргесіздер.

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар.

Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қыздар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер - қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілей отырып, 1 сынып оқушылары дайындаған «Аяулы анашым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


І. “Жұмбақ” шешу.

ІІ. “Бүлдіршіндеріміздің әжелеріңе, аналарыңа арнаған тақпақтары”.

ІІІ. Хор “Құттықтаймын ана туған күніңмен”.

ІV. “Аялы алақан” ойыны.

V. “Бала жүрегі”.

VІ. Ата – ана тілегі.

VІІ . Қорытынды.


І. “Жұмбақ” шешу.

Бала, бала , бала деп

Түнде шошып оянған .

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

Ана, Ана, Ана.

ІІ. “Бүлдіршіндеріміздің әжелеріңе, аналарыңа арнаған тақпақтары”.

Асыл аналарымызға арнаған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.


* Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

* Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі.

Маған айтып береді.

* Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын!

* Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ әжемді,

Жүрсем деймін шаттандырып.



ІІІ. Хор “Құттықтаймын ана туған күніңмен”.


Нұрын төккен маған

Шуғымсың –сен!

Айналайын анам,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым- сен!

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен!

Аялаған мені,

Ән қанатымен!

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман

Қандай көңілді.

Мен тілеймін саған .

Ұзақ өмірді!



ІV. “Аялы алақан” ойыны.

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.

Шарты: Ортаға үш ананы шақырамыз. Көздерін байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.


V. “Бала жүрегі”.

  • Балалар, сендерге көктем көп гүлдерді сыйлыққа алып келіпті.

  • Қазір біз «Гүл теру » ойынын ойнаймыз.

  • Енді балалар әжелерімізге, ата-аналарымызға арнап, еңбекке баулу сабағында жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.


VІ. Ата – ана тілегі.

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның, – деп ата-аналарымызға сөз кезегін берейік.



VІІ . Қорытынды.

Балалар анамызды құрметтейік,

Көңілін ешқашанда кірлетпейік.

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып,

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.


Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!


Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын.

Бар тілекті арнайтын балаңызға,

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі