«Аяулы анашым!» атты 8-
наурыз аналар мерекесіне арналған
ертеңгілік.
(3 бала сахнаға қолдарында
гүлдеріменмен шығады)
Сұлтан :Аналарды
сүйеміз!
Сөзін ойға
түйеміз.
Әрқашан біз
ардақтап,
Әжеге бас
иеміз!
Сенен өскен
балалар-
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен
Кұрметті апа,
аналар!
Адина:
Қымбатты да ардақты, аяулы
аналар мен құлпыраған қыздар!
Гүл көктем, ару көктем, күн
көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы
айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар,
қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз!
Муслима:
Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің
гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де
сіздерсіздер! «Айналайын» тобының сіздерге арналған «Аяулы анашым»
атты мерекесін қабыл алыңыздар.
Адина: Сұлтан, Муслима олай болса
бүгінгі аналар мерекесіне араған өнерімізді көрсетуге достарымызды
да шақырайық.
(Ортаға барлық балалар
бимен кіреді)
Ән «Айдидарлы
анашым
Жүргізуші:
Бала, бала, бала
деп,
Түнде шошып
оянған
Түн үйқысын төрт
бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін,
сіздерге арналған мерекемізді
бастаймыз.
Балалар қалай ойлайсындар
бүгін қандай мереке?
Балалар ең асыл жан
кім?\Ана\
Қызығыңда,бұзығында көтеретін
кім?\Ана\
Үнемі жанында періштедей
қорғаштап,демеу беретін кім?\Ана\
Сонымен бүгін қандай мейрам?
\Аналар\
Осындай үлкен мейрамында
аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә
\
Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға
толады.
Ағаш басы бүршік
атып,
Гүл бәйшешек
басады.
Балаларым айтындаршы бұл қай кезде
болады?\Көктем
мезгілінде\
Ендеше балалар осы көктем мерекесіне құлпырған
Көктем ханшайымын ортаға шақырсақ.
Көктем келеді. \балалар мен
амандасады.\
Көктем: Дала гүлге
бөленеді.
Қуанышқа
кенеледі.
Орман, торғай,
бақтарда
Өйткені мен
көктеммін
Құстар сайрай
жөнеледі.
Шұғыламды
төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен
құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық
тілеймін.
Жүргізуші:Көктем ,қош
келдіңіз ,төрлетіңіз Көктем! Біз сізді көп күттік ! Біздің
балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарын
тамашаласаңыз !
Көктем: Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар
мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның
есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші:
Әрине біздің
балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап
береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет
балалар сендерге.
Бірақ мен
сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін.
Міне ол. Қазір барлығымыз бұл кітапты бірге оқитын
боламыз.
Жүргізуші:
Ал енді кітапты
ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап
ашылады)
Балалар осы
сыйқырлы кітаптың әр бетін ашқан сайын, біздің мерекеміздің
тақырыбы ашылады екен.
Ал кітаптың бірінші бетінде тақпақтар берілген
екен.
Жүргізуші:
Ақ анашым,
әппағым.
Өзің жайлы
тақпағым.
Арналады
сіздерге.
Бар баланың
тақпағы.
Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам, АДИНА
Айналайын ақ анам
Алпештеген
аялаған.
Ақ сүт берген
апатайым.
Салем жазып бүгін саған. АМИНА
С
Мейрамыңмен
құттықтайымын!
Анаң болса
қасында
Басқа бақыт не керек АЙЛИН
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Мен анамды
сүйемін,
Құшағына енемін. АЙЫМ
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар. АЛДИЯР
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді НУРАЛИ
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз ДАМЕЛИ
Мереке күні
бір-бірлеп,
Аналарғаисыйлаймыз.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар.Енді сыйқырлы кітаптың
екінші бетінде.....
Мерекеге арналады
бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл
күйлер
Алдарыңызға қазір көктем өзіңізге және аналарға
арнап балалар өнерлерін көрсетпек. Екінші бетінде
Гүлдер биі
Би Гүлдер
Көктем:Балалар сыйқырлы кітаптың
үшінші бетінде не жазылғанын мен біліп тұрмын. Ал сендердің
білгілерің келеме? Үшінші бетінде ойын деп жазылған екен. Олай
болса менімен бір көңілді ойын ойнасаңдар қалай
болады.
Ойын:
Жүргізуші:Жарайсыңдар
балалар. Келесі бетінде ұлдарымыздың Джентльмен биі деп жазылған
екен ,тамашаласақ.
Көктем:Балалар мен
сендерден бір ән тыңдағым келеді. Аналарыңа және қонақтарымызға бір
ән шырұап берсек иа балалар.
Ән: Мейрамыңмен
ана
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Ал енді
балалар келесі кітабымыздың бетінеде үлдарымыз бен аналарымен бір
өнерін көрсетсе деп тұр екен. Қанекей құрметті аналар қандай
өнерлеріңіз бар ортаға шығып тарту
етсеңіздер.
Би: Аналар мен
ұлдар
Жүргізуші: Балалар сендердің
бүгінгі мерекеге арнаған тағы да бір тосын сыйларың бар еді ғой
соны көрсетсек.
Аспаптар
ансанбльін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы. Балалар сыйқырлы
кітабымыздың соңғы бетіне де жеттік. Мұнда Көктем ханшайымымен
сұрақтары деп жазылыпты.
Көктем: Балалар олай болса менің сұрақтарыма
жауап беруге дайынсыңдарма?
Балалар
көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем
мезгілі неше айдан тұрады?
Көктем
мезгілінің айларын атап беріңдерші?
Көктем
мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?
Көктем: Өте жақсы балалар мен
сендермен бүгін сондай жақсы көңіл –күйде болдым.Сыйқырлы кітапты
да соңына дейін оқыдық.Рақмет сендерге балаларым. Олай болса мен
қайтайын. Басқада аралап ойын сауқ құратын жерлеріме барып көңіл
көтерейін.Сау болыңдар баолалар.
Жүргізуші: толсын гүлге,
желекке
Отбасында болсын
ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен
сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін
мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге
арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп
рахмет.