400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне орай тәрбие сағаты өткізілді. Аналар жайлы түсінік берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Аяулы анашым. Мақсаты: -Ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру; Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
-Өз өнерлерін ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу; -Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Барысы:Шаттық шеңберіне тұрып, аналарына тілек айтады.
Кіріспе.

Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей.
Иісін жұрап анқытқан,
Бұл кім?
Бәрі:   – Ана.
Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді.
Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!Кім осы сұраққа жауап қайтара алады? Көктемнің алғашқы күндерімен келіп жеткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды құтықтаймыз. Осы жерде отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке, бірлік тілей отырып, мейрамдарыңыз құтты болсын демекпіз! Енді сыныбымыздың дайындаған сынып сағатына шақырамын.
Шахмұхаммет: Бүгін – наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз-Адамның
Анаға айтар лебізі.
Айзада: Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Камшат: Балапаным дейді әжем,
Балақаным дейді әже
Ұзақ күнге бүкшендеп,
Біздің қамды жейді әжем
Жансая: Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» Ән: «Ай дидарлы Анашым» 2 а сынып оқушылары
Мұғалім: -    Болар күнде алаң,
-    Жанашыр кім саған?
-    Анам.
-    Болсаң егер жаман,
-    Кейитін кім саған?
-    Анам.
-    Таң қалғандай ғалам,
-    Кім ең сұлу адам?
-    Анам.
-    Боташым дер саған,
-    Кім сүйікті адам?
-    Анам.
Бірге:  Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау…
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек – ау!
Ойын: «Атын ата». Оқушылар көздерін жауып тұрып, аналарының біреуі ғана «балам» деп айтуы керек. Оқушылар оның анасы екенін айтуы керек. Құттықтау сөз:Темірбекұлы Шахмұхаммет Қорытынды:
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
-    Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуын қалайды. Біз аналарды сыйлаймыз, құрметтейміз.
Мерекелеріңіз құтты
болсын! Осымен сынып сағатымызды аяқтай келе, адам баласы үшін ең қастерлі сөз Ана деп білеміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.03.2023
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі