Материалдар / Аяулы анашым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мейрамына арналған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аяулы анашым!» атты

8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру; ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. .Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер айтады. Ана еңбегін қадірлей біледі.

Кейіпкерлер:

Жүргізуші

Көктем

Қызыл телпек

Қасқыр


Ертеңгіліктің барысы:

Жүргізуші:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!


Музыкамен кіреді.


Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.


Ендеше бүлдіршіндеріміздің «Құттықтаймыз ана» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

- Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көптен күткен көктем келіпті


(Әуенмен Көктем кіреді)

Сәлеметсіздерме балалар


Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жаба келдім.


Жүргізуші:Балалар бізге кім келді?


Жүргізуші:

- Салеметсіз бе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Ару көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет. Балалар сені көптен күтті.


Біздің қыздар сізбен бірге би билегісі келіп тұр


«Көктем биі»


Көктемге арналған өлең жолдарын айтып берейік


Медина:

Көктем деген қыстағы,

Әніміз ғой айтатын.

Көктем деген құстар ғой,

Туған жерге қайтатын.


Амина:

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты.


Дина:

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.


Алихан:

Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзiн тындаймын
Анашымды сыйлаймын

Нұрәділ:

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.



Ән: «Көктемде»



Әуенмен Қызыл телпек кіреді)


Қызыл телпек:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Жүргізуші:

- Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?


Қызыл телпек:

- Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатып адасып кеттім. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.


Жүргізуші:

- Қызыл телпек сен уайымдама, бізбен бірге көңіліңді көтеріп мерекеміздің қонағы бол.


(Әуенмен Қасқыр келеді)


Қасқыр:

- Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?


Қызыл телпек:

- Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек.


Қасқыр:

- Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!


Жүргізуші:

Онда өнерімізді көрсетейік бүлдіршіндеріміздің өлең жолдарын қабыл алыңыздар


Расул:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.


Сафия:

Анам кетсе жұмысқа
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап
Анама арнап ән салам.


Раяна:

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.



Іңкәр:

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.


Дана:

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.


Алина:

Мама, милая, родная
И бабуля дорогая,
Поздравляю от души
Вас я с праздником весны!



Мадина:

Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан


Алинур:

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.



Сұлтан:

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.



Жүргізуші:

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін.

Сол гүлдерді өсіріп,

Аялаумен келемін.

Олай болса гүлдер биін қабыл алыңыздар

 

«Гүлдер биі орындалады»


Қасқыр:

- Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер! Мен енді сендермен дос боламын. Балаларды ренжітпеймін.Менде сендермен бір ойын ойнағым кеп тұр


Ойын «Анамызға қалай көмектесеміз?»



Жүргізуші:

- Балалар, бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі.

Қызыл телпек әжесін құттықтауға барады екен. Бізде әжеміз туралы , тақпақтарымызды айтып мерекемен құттықтайық!



Арлан:

Әжеайым, әжетай,

Сізді жақсы көреміз.

Сізге өлең – тақпақты,

Жатқа айтып береміз.



Сезім:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.


Айзере:

Әжем менің, ақ әжем,

Аппақ әжем, пәк әжем.

Басқалардай емессің,

Сүйкімдісің ақ әжем!


Мүсілім:

Шай қайнытып берейін

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін

Балдай тәтті бал әжем!


Димаш:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне.


Махамбет:

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

Бексұлтан:

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Апашым деп мақтанам,
айналайын ақ апам!

Айсұлтан:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті әже, аналар!




Жүргізуші:

-Аяулы арулар ,аналар балаларыңыздың жүрегінен шыққан ыстық лебіздерін қабыл алыңыздар


«Би» жүрекпен


Жүргізуші:

- Аяулы аналар,әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді ана сіздер,дендеріңіз сау болсын,сіздерді меккеге апаратын осы балалар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!