400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аяулы Анашым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы” мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны






Мерекелік іс-шара

Тақырыбы: «Аяулым анашым!»



Тәрбиешілер:

Кондыбаева С.С












2024 - 2025 оқу жылы





«Аяулы анашым!» атты мерекелік іс-шара сцераний


Жүргізуші:

Ортаға жүргізуші шығады.

Армысыңдар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, әріптестер, сымбатты арулар! Ортаңғы «Жұлдыз» тобының өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.


Армысың ару қыздар, абзал ана

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшағын гүлге толсын!


Мерекелеріңіз құтты болсын.Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл-Ана. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!


Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар музыка әуенімен қолдарында шар ортаға шығады.

Шалқып, тасып әніміз,

Жүрегінде сақтаған.

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ән: хор «Ана»


Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.

Би: «Көңілді мысықтар»


Жүргізуші:

Ал,балалар енді ақ жаулықты аналарымызды құттықтайық.


Тақпақтар:

Дина:

Ана-біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз


Айзере:

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді



Інжу:

Әжем менің әйбәт

Ешкім оған жетпейді

Күні бойы бірге ойнап

Жанымнан бір кетпейді


Маржан:

Тәттілерін сақтайды

Немереме берем деп

Мен тілеймін әрқашан

Аман болсын әжем деп


Арлан:

Әжем ұйықтар алдында

Ертегі айтып береді

Еркелеп ойнап жатқанда

Ылғи ұйықтап қаламын


Айәділ:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз


Алихан:

Мені ертіп жетектеп

Осы күнге жеткізген

Бізді бағып өсірген

Аман болсын жан әжем


Сабина:

Үн қатамын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен


Айша:

Мен анамды жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүремін

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып-ойнап күлемін


Арсен:

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде


Жанерке:

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым


Али:

Ана пана

Ана дана

Өмірді әкелетін

Ана ғана


Шапағат:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз


Дарын:

Құлпырған гүлдей

Көктемгі күндей

Анашым мерекеңмен


Медина:

Анам кетсе жұмысқа

Анашымды сағынам

Құлағына сыбырлап

Анама арнап ән салам


Мирас:

Әжемді жақсы көремін

Өлең айтып беремін

Үлкен болып өскенде

Бәрін алып беремін


Заңғар:

Түн ұйқысын төрт бөліп

Әлпештеген анашым

Жақсы болсам асырып

Жаман болсам жасырып

Қамқор болған анашым


Ерсайын:

Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа барса ұмытпай

Кәмпит әкеп береді


Айзада:

Анам-өмір шырағы

Анам-өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады


Айбатыр:

Аялы алақан

Әлпештеп өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген


Би: «Аспазшы»


Ойын: «Гүл сыйлау»(ұлдардың қыздарға сылықтарын табыс етуі)


Жүргізуші:

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Құрметті аналар, бүгінгі мерекелеріңізге арнап балалар сіздерге сыйлықтар дайындады. Қабыл алыңыздар.


Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Рахмет! Сау болыңыздар.





Тексерген балабақша меңгерушісі: К.К.Карагулова
























Picture 3 Picture 4 Picture 5


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі