2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Аяулы анашым"

"Аяулы анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Аяулы анашым!»

Жүргізуші: Құтты болсын анашым

Шуақ шашсын дара күн

Сенен асқан жан бар ма?

Мейірімге толы үн.

Құрметтіде қадірлі аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Балапандарыңыз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын! Құстар тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

(музыка әуенімен қолдарына сегіз санын ұстаған балалар кіріп, жаттығу жасайды)

Ән : «Аяулы анашым»

Балалар орындарына отырады

Жүргізуші: Балалар қарандаршы біздің ән залымыз мерекеге сай

безендірілген. Бүгін бізде қандай мереке?

Балалар: 8 наурыз – Аналар мерекесі!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін – көктемнің ең шуақты, ең ерекше күні. Бұл күн – бізге өмір сыйлаған аналарымызды құрметтейтін, оларға алғыс айтатын мереке. Олай болса, аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік

Балалардың тақпақтары

Мерекенмен анашым,

Құттықтаймын өзіңді

Аппақ жүзді анашым,

Тыңдаймын әр сөзіңді Адиля :


Жүзі жылы жан анам,

Сіздей болсын бар адам

Құтты болсын мерекең,

Мейірімді жан анам. Нұрым:


Асыл анам, жар анам

Әрқашанда жүрші аман

Құтты болсын мейрамың,

Гүл көктемнен тараған. И. Раяна:


Жарқын жүзді анашым

Құтты болсын мерекең

Мерекеңде өзіңді

Әнге қосып тербетем. Бақнұр


Еркелесем, күлімдейді

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан сипап мені

Құлыншағым күнім дейтін. Ихсана:

Қызықты сәт: Бір-біріне ренжіскен ата мен әже ортаға кіреді

Әже: Осы сенің табысты жұмыс істейтін күнің болады ма өзі?


Ата: Кемпір сен маған ұрыспа, бүгін сенің мейрамың ғой!

Әже: Менің мейрамым ылғи осылай өтеді! Құр сөзді қой да, көлге барып, балық аулап әкел, үйде тамақ жоқ.

Жургізуші: Балалар, біз сендермен ертегілер еліне еніп кеттік - ау деймін? Олай болса осы ертегіні ары қарай тамашалайықшы

Ата: Айтқаның болсын, кемпір.

(Ата көлге келеді, қармағын суға тастайды. Бір кезде қармағы қатты тартылады.)

Ата : Ой, не болып кетті? Бүгін кемпірімнің мерекесіне, бір алып балық түсіп қалды ма екен? Қармақты тартып шығарады.

(Су жарқырап, ішінен алтын балық шығады.)

Алтын балық: Ата, мені босатшы! Мен сенің бар тілегіңді орындаймын!

Ата: Әрине, мен сені жіберемін, сен өте әдемі балық екенсің. (ата балықты суға қайта жібереді де үйіне басы салбырап қайтады)

Әже: Не болды, тағы түк жоқ па?

Ата: Иә, бірақ бір балық ұстап едім, ол біз секілді сөйлеп, мені жіберші, бар тілегіңді орындаймын деді.

Әже: Сен не дедің?

Ата: Ештеңе керек емес деп жібере салдым.

Әже: Ақымақ шал, бар балығыңа айт, бүгін менің мерекем, алдыма келсін!

Ата: Жарайды, кемпір, айтқаның болсын(көлге барып балықты шақырады).

Алтын балық, алтын балық..

Алтын балық: Не болды, шал?

Ата: Алтын балық, мен өзіме ештеңе керек емес, бірақ үйдегі кемпірім риза болмай отыр. Кемпірімнің мерекесіне бір жақсылық жасай аласың ба?

Алтын балық:Әрине, шал, мен теңізшілерді осында шақырайын, мерекеге арнап бір билеп берсін.

Би: «Теңізшілер биі»

Әже: Міне, енді менің нағыз мейрамым болды!

Жүргізуші: Әже, біздің балалардың да мерекеге арнап жаттаған тақпақтары бар, соны тамашалаңыз.

Балалардың тақпақтары.

Ертегі айтып беретін, Әжетайым,асылым

Ойлап жүрер біздерді Уайымдап ол жасырын. Амира


Еркелетер біздерді

Айым, жаным, күнім деп

Мейірімді анашым

Жүрші аман күлімдеп. Асима

Әже: Ой, қандай керемет тақпақ, рахмет сендерге.Төрден орын алыңдар.Шал теңізшілердің мені қалай құттықтағанын сен көрдің бе? Шал: Кемпір мен де сені құттықтағым келіп тұр. Әже: Қойшы, ашуымды келтірмей тыныш отыршы. Алтын балық, менің таусылмас көп тілігімнің бірін орындашы.Көктемде жайқалып шыққан гүлдердің биін көргім келеді.

Алтын балық: Жарайды, дегенің болсын көктемнің жайқалған гүлдерін қарсы ал.

Би: «Сезім гүлдері»

Әже: Рахмет, қандай керемет,менің көңіл күйім көтеріліп отыр.Осындай мереке күнде болса екен. Менің ендігі тілегім, Ару көктемді көргім келеді.

Алтын балық:Жарайды дегеніңіз болсын!

Музыка әуенімен Ару көктем келеді.

Көктем: Армысыздар, құрметті аналар мен әжелер, сіңілілер мерекелеріңіз құтты болсын, сәбилеріңіз сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын!

Жүргізуші: Армысың, Ару көктем! Қош келдің, мерекеміз құтты болсын!Алыс жолдан шаршаған боларсың, отырып балалардың саған арнап жаттаған Көктем келді әнін тамашала.

Ән: «Көктем келді»

Әже: Алтын балық, менің ендігі тілегім,көктемде ұйқыдан оянған көбелектер мен гүлдерді көргім келеді Алтын балық: Жарайды дегеніңіз болсын! Көбелектерді қарсы алыңыз.

Би: «Гүлдер мен көбелектер»

Алтын балық: Әжей, көңіл-күйіңіз қалай?

Әже: Өте жақсы.

Шал: Кемпір, менің де сенімен жастық шағымызды еске алып, бір билегім келіп тұр.

Әже: Ой, қойшы шал,ұят емес пе! (деп қялып қалады)да, жарайды билесек билейік.

Жалпы би.

Әже: Ой шаршап кеттім ғой

Жүргізуші: Әже, енді біздің балалардың сізге арнап жаттаған әнін тамашалаңыз.

Ән: «Сағындым әже, сағындым»

Жүргізуші: Әже, біздің балалар өте ақылды, әрі епті.Сізге де үй тірлігіне көмектесе алады.

Ойын: «Әжемнің көмекшілері»

Әже: Ой, қандай керемет.Осындай мереке күнде болса ,ғой, шіркін.Бірі алдыңда ән айтып, бірі кіріңді жуып,бірі тамақ істеп жатыр.

Шал: Кемпірім, енді айтқаныңды бұлжытпай орындаймын, аналардың,әжелердің мерекесі жыл бойы таусылмасын.

Жүргізуші: Мереке құтты болсын! Бүлдіршіндеріңіз әрқашан сіздерді қуантып жүрсін. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.

Әже: Менің мына бүлдіршіндерге дайындаған тәтті наным да бар еді, соны сендерге сыйлайын. .

10 Сәуір 2025
47
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі