Аяулы анашым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Аяулы анашым
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті аналар!


Жүргізуші:Қымбатты да ардақты аналар мен әжелер жәнеде көктемдей құлпыраған қыздар!,ұстаздар

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын

8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған 

«Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Ортаға «Көгершін»тобының кішкентай бүлдіршіндерін шақырамыз.

«Гүлдер»биімен шығады.

Ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөз кезегін меңгерушіміз Нұржамал Серікбайқызына береміз.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше аналарға арнап жыр шумақтарымызды айтамыз.

Медет:  Сенен өскен балалар,
 Батырлар мен даналар,
 Құттықтаймын мерекеңмен,

Құрметті Аналар!

Асылжан: Қызықтап әр сөзімді

Жүрегінде сақтаған,

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам

Абдінұр: Бізге қарап елжіреп,

Сүйіп беттен ақ мамам,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіремін шаттанам.

Аруназ: Аналарды сүйеміз
 Ақылын ойға түземіз
 Әжені де ардақтап
 Әдеппен бас иеміз.



Жанерке: Көктем келді шуақты,
 Балаларды қуантты.
 Алақай-ау, алақай!
 Құстар сайрап, гүл атты!

Көркемай: Көктем келді жадырап
 Күн нұрымен таласып,
 Жайнай берші жарқырап
 Жаны жайсаң аналар!

Ибрахим:  Апатайым анашым
 Ақылы мол данасың
 Қамқоршысы баланың
 Гүлі сенсің әр үйдің.

Жүргізуші:

Мың бұралған ақ қайындай

Бишілер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Би «Өзбекше» орындайтын қыздар.Назым,Айбибі,Аделина,Мөлдір,Айзере.

Ән: «Анашым» орындайтын:Көркемай,Аруназ,Абдінұр.

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыныздар!

Мұса: Ақ анашым, аппағым,
 Өзің жайлы тақпағым
 Өзің жайлы әнім де,
 Арнадым саған бәрін де

Мөлдір:Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Назым:Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен,кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Айзере: Анаң болса қасында
 Басқа бақыт не керек
 Аналардың жүрегі
 Мейірімді ғой керемет

Айналайын анашым,
 Әлпештеген баласын. 
 Еміп өскен бөбекпіз,
 Анамыздың мамасын.

А.Айсұлтан: Мен анамды сүйемін,
 Құшағына енемін.
 Мәпелеген анамды, 
 Қуантсам деп келемін

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұл-қыздарымыздың биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Испан биі»Орындайтын Каусар,Махаббат,Жанерке,Көркемай,Дана.

Мансұр,Нұрдаулет,Бақдаулет,Ибрахим,Алихан.


Ән. «Қуыршағым» орындайтын.Назым,Аяулым.


Ән: «Анашым қартаймашы»орындайтын Асылжан,Жанерке


Ойын: «Гүл сыйлау» балалар


Би «Тамшы биі» Махаббат,Аруназ,Аяулым,Дана,Асылым.

Ендігі кезекті тақпаққа берсек.

Айбибі. Әр сөзімді жаттаған,
 Жүрегімде сақтаған.
 
Анашым деп мақтанам, 
 Айналайын ақ аннам

Мансұр: Алпештеген аялаған.

Ақ сүт берген апатайым.

Салем жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен құттықтайымын!

Аделина:  Бүгінгі көктем күнінде,
 Барлық адам қуанар, 
 Аналарды мейраммен
 Құттықтайды балалар.

Абдірахман: Мені жақсы көреді
 Күндей күліп келеді
 Көп ертегі біледі 
 Маған айтып береді 

Алихан: Анамды мен жақсы көрем,
 Айтқан тілін алып жүрем.
 Қасымда анам жүргенде,
 Шаттанып ойнап- күлем

Али.Ақ мамамды әрқашан

Сағынамын,сыйлаймын.

Мейрам сайын мен оған

Түрлі сыйлық сыйлаймын.


Би «Орысша» орындайтын:

Мөлдір,Назым,Аяулым,Аруназ,Айбибі.Абдінұр,Медет,А.Айсұлтан.Мұса,

Б,Айсұлтан.





Жүргізуші.Анам кетсе жұмысқа

Анашымды сағынам

Құлағына сыбырлап,

Анама арнап ән салам-деп әнге кезек берсек. «Аяулы анашым»

Аделина,Айбибі,Али,Нұрдаулет.


Жүр.Аналарды сүйеміз
 Ақылын ойға түземіз
 Әжені де ардақтап
 Әдеппен бас иеміз-деп «
Әжетайым»әнін қабыл алыңыздар.

Медет,Бақдаулет,Мансұр,Абдырахман.


Ойын ата-аналармен «Кір жинау»


Жыр-шумақ:Нұрдаулет:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Аяулым:Анам,анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Каусар:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Бақдаулет:Әр сөзімді жаттаған,
 Жүрегімде сақтаған.
 
Анашым деп мақтанам, 
 Айналайын ақ анам


Ендігі кезекті биге берсек «Грузин биі»орындайтын Айзере,Асылжан,Аделина,Абдрахман,Каусар,Али,Жанерке,Абдінұр,Көркем,

Мансұр


Тақпақ:Махаббат

Сенен өскен балалар,
 Батырлар мен даналар,
 Құттықтаймын мерекеңмен,

Құрметті Аналар!


Дана: Наурыздың сегізі,
 Сұлулықтың негізі.
 Әдемі сөз баланың,
 Анаға айтар лебізі.


Б.Айсұлтан: Ана біздің күніміз
 Ананың біз гүліміз
 Балаларды қуантып
 Ұзақ өмір сүріңіз.


Ән «Ерке қыз» Дана,Айзере.


Ән «Нұрын төккен маған» Каусар,Ибрахим,Алихан,А,Айсұлтан.

Би «Жігіттер биі »шармен барлық жігіттер.


Ән «Әжемнің шайы» Мөлдір,Махаббат, Мұса,Б,Айсұлтан.


Би «Қыз бала гүл»қазақша би барлық ұл-қыздар



Біздің бүлдіршіндердің орындауында «Анашым» әні хор


Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар әнші жәнеде биші.

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

























 
 
 


 
































 



 
 























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі