Аяулы анашым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Аяулы анашым!

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге үйрету.  Мерекелік көңіл-күйін сыйлау, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Ертеңгілік барысы:

Музыка әуенімен ұлдар шығады, жарты шеңбер жасап тұрады:

Бексұлтан: ұлдар бүгін қыздардың мерекесі ғой , бәрі дайын ба? ешкім кешіккен жоқ па? Әне, қыздар да келе жатыр екен, қарсы алайық! (Музыка әуені естіліп, қыздар залға кіреді)

Бекдәулет: қыздар кірген кезде: Қараңдаршы, біздің қыздар қандай әдемі болып кетіпті! Ұлдар қыздарға басын иіп, гүл шоқтарын береді.

Әлішер:

Армысың әжелерім , аналарым,

Мейірбан әппақ көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың!

Бексұлтан:

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан небір туған даналар,

Ана деген -тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті аналар!

Тәрбиеші: Ия, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған «АНА» есімі әрқашанда биік, әрі қымбат.

Ана десем  сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
 Бар адамға берсе ананың мейірімін,
 Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Арман:

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен.

Қ.Кәусар:

Ана деген - өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген - ардақты ат, сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Хор: Мама.

Т.Кәусар:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәр берді сенің ақ сүтің,

Кең құшағың аясыңдай гүл бақтың.

Тәрбиеші:

Тұлымшағы желбіреп

Би билеік кештерде

Ақ көйлегі желбіреп

Биші болар өскенде.

«Керемет жігіттер» биі ортада ер балалар .

Музыка әуенімен Сайқымазақ кіріп келеді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар? Мұнда не болып жатыр? Қандай әдемі болып кеткенсіңдер?

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе сайқымазақ? Балалар , аналар мерекесін тойлап жатыр, ,балалар амандасайық. Балалар сайқымазақпен амандасады.

Сайқымазақ: қандай тамаша , мен де анамды жақсы көремін, мен де тойласам бола ма?

Тәрбиеші: Әрине болады. Білесің бе сайқымазақ, ана деген - ең керемет жан, түн ұйқысын төрт бөліп , баласы үшін жанын беруге даяр болып тұрады. Ж.Кәусар аналарға, әжелерге арнап «Мен қазақтың қызымын!» атты ән шырқап берсін.

Жүргізуші:

Асқар тау,биігіміз сенсің- әже

Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік бізбен бірге күлсең- әже –деп келесі құтықтау ардақды біздің әжелерімізге арналады

Мәди:

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным –деп құшады.

Жан жуытпай жанына

Еркелеткен жан әжем.

Карина:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын ,

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын

Бекзат:

Арналады сізге бүгін әніміз,

Ардақтайтын , мақтанатын кезіміз,

Тәрбиелі ұл- қыздарды өсірген,

Асыл әжем ұзақ өмір сүріңіз.

Сезім:

Алтын әжем жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған,

Жұмыстан үйге шаршап келсе дағы,

Бал сөзі БОТАМ деген сая маған.

Н.Кәусар:

Менің әжем сабырлы,

Табар әркез ақылды

Менің әжем бауырмал,

Жинайды алыс жақынды.

Байсал:

Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып 
Мәпелеген ақ мамамды 
Жүрсем деймін шаттандырып

Іңкәрсезім:

Жаным дейсің мені

Жаратушым әжем.

Жалғыз өзің тегі

Жанашырым білсең

Айналайын әжем.

Айгерім:

Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін әжелер,

Шырқап әнге саламыз.

Хор: Сағындым, әже, сағындым.

Балалар сайқымазақпен ойын ойнасақ қайтеді? Олай болса қыздарымыз ұстап келген шармен «Тапсырманы орында» деген ойын ойнайық. Ойын шартын түсіндіру.

Жүргізуші:

Ана деген -жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

Ана деген-өмірдегі қамқорың,

Ана деген- сүйенерің, жан құрбың.

Біздің балаларымыз орысша да, ағылшын тілінде да тақпақтар біледі.

Шаттық:

Я бабулю поздравляю
С женским праздником весны!
Я бабулю обожаю,
Людям бабушки нужны!

Ж.Кәусар:

Кто вас, дети, больше любит,

Кто вас нежно так голубит

И заботится о вас,

Не смыкая ночью глаз?

«Мама дорогая».

Колыбель кто вам качает,

Кто вам песни напевает,

Кто вам сказки говорит

И игрушки вам дарит?

«Мама золотая».

Если, дети, вы ленивы,

Непослушны, шаловливы,

Что бывает иногда, —

Кто же слёзы льет тогда?

«Всё она, родная».

Шабыт биі: қыздардың орындауында: Т.Кәусар, Әмина, Айдана, Карина,

Ж,Кәусар, Айгерім, Сезім, Шаттық.

Асылай:

Ақыл айтқан шаршамай,

Анамыздың тойы бұл

Өзі қамқор баршаға,

Көзі мейір, бойы нұр.

Айша:

Анашымның ақ сөзін,

Орындаймын екі етпей,

Анашым ғой өсірген,

Мәпелеген , жетектей.

Сайқымазақ: балалар, қандай өнерлісіңдер, бірақ менің кетуім керек , мені тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр . Оларға мен сендердің қандай өнерлі екендеріңді айтып барамын, сау болыңдар!

Балалар сайқымазақпен қоштасады.

Әли:

Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз. 
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз. 
Айару: 
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз. 

Жүргізуші:

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай - саладан ағады,

Бүршік жарып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Бөбектерім айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктем мезгілінде.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі. Олай болса, Көктем мезгіліне арнап «Гүл көбелек» әнін орындап берейік.

Жүргізуші:

Келсе көктем сырнайлы,

Бұлақ күліп тыңдайды.

Шуақ төгіп күміс күн,

Бұлбұл бақта жырлайды.

Қыздарымыздың орындауында «Гүлдер» биі. Асылай, Қ.Кәусар, Н.Кәусар, Айша, Айару, Іңкәрсезім.

Айдана :

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп анам жүріңіз.

Бекдәулет:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады

Құлыным деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Менің анам қалай уақыт табады?

Әмина:

Ананың да тілегі

Баланың да тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Шадияр:

Бүгінгі көктем күнінде

Барлық бала қуанар.

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

Жүргізуші:

Хор: «Ай, дидарлы анашым»

Анамызға сыйлықты,

Дүкеннен сатып алмаймыз

Бар өнерімізді аямай,

Өз қолымызбен жасаймыз. Олай болса, аналарымызға жасаған сыйлығымызды табыстауға рұқсат етіңіздер.

Менгерушіміз Динара Кәдірханқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

Осымен бүлдіршіндеріміздің «Аяулы анашым» атты ертеңгілігі аяқталды. РАХМЕТ!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2018
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі