Материалдар / «Аяулы анашым»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Аяулы анашым»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге қажет дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
425
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«БҚО Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
Ақсай қаласының № 7 мектепке дейінгі
балалар ұйымы МКҚК»

«Бекітілді» __________
№7 МДҰ директоры Ж.Ж.Юнусова

Тақырыбы: « Аяулы Анашым »

Тәрбиешілер: Құспанова Ж З
Төресаева Ұ Б
Саз жетекшісі: Гурова И И

Наурыз айы 2016 о ж

Тақырыбы: « Аяулы Анашым »
Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық
қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Конфет-Ханшайым», Гүлдер
Айтылатын әндер:
1. «Әжем менің айдай»
2. «Құттықтаймын мама»
3. «Біз өмірдің гүліміз»
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра,
сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер, әпке-сіңілілер және әріптестер сіздерді әйел жанымен
байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем
мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны
қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген
махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында
адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару –
көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға,
әжелерімізге арналған «Әлихан» тобының бүлдіршіндерінің «Аяулы Анашым» атты ертеңгілігіне
қош келдіңіздер!
Ана – деген адамзаттың данасы
Ана – деген сәбилердің панасы
Ана – деген жарық жұлдыз шырағың
Ана – деген қайнар ыстық бұлағың
Ана – деген өмірдегі қамқорың
Ана – деген сүйенерің жан құрбым
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Құттықтаймын, мама.»
1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын,мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Мерекеңізбен!
2. Аялаған мені
Салтанатыңмен!
Құттықтаймын сені
Ән қанатымен.
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да
жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Мадина
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Т.Айгерім

Ерназар
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Мерекеңмен құттықтаймыз
Құрметті Аналар!

Айкен
Бәрімізге анасыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймыз анашым!

Айым
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Ғ.Айгерім
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Полька»биін
Би: «Полька» (Балалар топпен бір қыз, бір бала болып билейді)
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар
салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні
кірмейді. (әсем әуенмен залға «Конфет –Ханшайым» кіреді)
Конфет ханшайым: ( ізбенен кіреді, іздердегі жазылған аналарымызға арналған игі тілектерді
оқып келеді), (аналарымыз аман болсын, дендері сау болсын, бақытты болсын, ауырмасын ешқашан
, т.б)
-Конфет-Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Конфет-Ханшайыммын». Мен қайда
келгенімді енді түсінгендеймін. өйткені жолда аналарымызға арналған жылы тілектерді оқи келдім,
демек балабақшадағы аналарымыздың мерекесі екен. Олай болса аналар мерекесі құтты болсын.
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мында
ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып

орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды
үлестіремін.
Конфет ханшайым: - Балалар мен сендерге өзіммен бірге қимылды ойын алып келдім , қане олай
болса ортада шеңбермен тұрамыз ойын ойнаймыз.
Қимылды ойын: «Топ Топ, Хлоп Хлоп»
Тәрбиеші: - Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік,
тапсырмаларды орындайық. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала
орындайды)
1- конфеттегі тапсырма:
Ән: «Анашым» Бисенгали Инабаттың орындауында.
1. Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй – тәй қуантып
Тұсауымды кестірген
Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын
2. Көз алдымда дәурен балалық
Тілімді алмай есірген
Балалықпен қоса шалалық
Әркез мені кешірген
Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анащым қартаймашы жалынамын
2- конфеттегі тапсырма:
Тәрбиеші : - Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің
қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі тапсырма сіздерге арналады құрметті әжелер.
Әжелерімізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Нурия
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін
Әлішер
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.
Карина
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Дильназ
Менің әжем – гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана – тілі әжем!
Өмер
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Әжемізден тарайды.

3– конфеттегі тапсырма:
Тәрбиеші: - балаларымыздың ендеше әжелеріне арналған көңілді әнін ортада хормен тыңдауға
шақырамыз.
Хор: Ән: «Әжем менің айдай»
1. Ақ кимешек киген,
Ақ бетімнен сүйген.
Қайырмасы:
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай
2. Бізді жақсы көрегн,
Ертегі айтып береген
Қайырмасы:
3. Бақшаға бір барған,
Шықсам күтіп алған.
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап
келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Анар
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Айсұлтан
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам

Кәусар
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Жасмин
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.

Инабат
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

Муслима
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

4- конфеттегі тапсырма:
Тәрбиеші: Ойын: «Гүл құрастырамыз» ( екі топқа бөлінеді) Ойын жарыс түрінде өтеді.
-

Ендеша балалар қараңдаршы қандай әдемі гүлдерді құрастырдық, олай болса осы
құрастырған гүлдеріміз шын гүлге айналғанын қалайсыңдар ма? Ендеше барлығымыз
орнымызға отырып көзімізді демалтып, жұмамыз жаттығу жасаймыз.

Көркем сөз:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер.
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп,
Қанаттарың желбіреп.

Таңмен бірге оянып,
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға.
Гүлдер, гүлдер не түрлі
Құлпырды да жетілді,
Лүпіл қағып жүрегім,
Үзіп алдым біреуін,
Сыйлайын деп анама!
(осы кезде гүлдер шығады) міне балалар сіздер көзімізге жаттығу жасаған сәтте біздің гүлдеріміз
шынайы гүлге айналды, олай болса осы гүлдеріміздің орынуында би ұсынамыз.
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Әнде шырқап , би билеп.
Қарсы алайық қол соғып- дей отырып ортамызға биші қыздарымызды қарсы алайық..
Би: «Гүлдер»
Тәрбиеші: - ал енді балаларымыздың аналарымызға арналған жылы лебіздерін тыңдайық.
Алуа
Өмірдің қызығы,
Әли
Өзіңсіз өтпейді.
Жүзімізге қараңыз
Мен үшін анама,
Бал күлкілі баламыз
Ешкім де жетпейді
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!
Зейнеп
Жанымызды жайнатқан
Адина
Өзіңіз ғой аналар
Баланың да тірегі
Зор денсаулық, мол бақыт
Дананыңда тілегі
Тілейміз біз балалар.
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Амир
Қуанамыз сыйлаймыз
Айлин
Қуаныштың мың гүлін
Ана біздің күніміз
Аналарды құттықтап
Ананың біз гүліміз
Жырдан шашу арнаймыз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап
шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен
сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген
көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен
қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Конфет-Ханшайым
балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші: - сау болыңыз Конфет ханшайым. Ендеше кезекті тамаша әнге ұсынайық.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
1. Зеңгір көктем
Нұрын төккен,
Ортақ бізідң күніміз,

Жайдары өскен,
Жайнап өскен,
Біз өмірдің гүліміз
2. Бал достыққа,
Жандостыққа
Шақырады әніміз
Тыныштықта,
Нұр құшақта,
Бақыттымыз бәріміз.
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет
келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.
Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай
болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аяулы Анашым» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!