«Аяулы анашым» 8-наурыз ертеңгілік 2жас кіші топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аяулы анашым» 8-наурыз ертеңгілік 2жас кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз ертеңгілігі балаларға мереке туралы түсініктерін қалыптастыру. бөбектерге қызықты өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік қалыптастыру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету.


Кейіпкерлер: Көктем аруы, Мики маус


Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Ортаға I-кіші «Балапан» тобын қарсы алыңыздар.

Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.


Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке?

Балалар: Аналар мейрамы.

Жүргізуші: Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар: Аяулы анамыз!

Жүргізуші: Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші:

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.


Ән: « Ана »


Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын ол көктем. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.


Музыкалық әуенмен залға көктем кіреді.

Көктем:

Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі.

Орман, торғай, бақтарда,

Өйткені мен көктеммін.

Құстар сайрай жөнеледі,

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!


Жүргізуші: Көктем,қош келдің,төрлет! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарын тамашала! Ендеше сен біздің балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын тамашала.

Балалардың тақпақтары:


Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір гүлдер биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Жүргізуші: Көктем ару, сен біздің қыздармен билегің келе ме?

Реклама

Көктем: Әрине

Би: «Гүлдер» биі.

Көктем балаларға арнап мерекелік ойын ойнатады.

Ойын: «Гүл теру»

Көктем: Балалар менің басқа да жұмыстарым бар. Менің кетуім керек.

Жүргізуші: Рахмет саған көктем. Сау бол!

Көктем: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Мики маустар кіріп келеді.


Мики маус

Жан — жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Біз мики маустармыз

Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Мики маус: Сәлеметсіңдерме, достар! Сәлеметсіздерме, қымбатты ата-аналар!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, сайқымазақ!

Мики маус:Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хeлоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап амандасады).

Жүргізуші: мики маус сен бізге алыстан келген екенсің. Ендеше сен біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Мики маусЖарайды.

Жүргізуші: Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалардың тақпақтары:

Жүргізуші: Мики маус сіз бізге қандай сыйлық әкелдің

Мики маус: мен сендермен бір көңілді би билегім келіп тұр

Би: « Көңілді би »

Мики маус: Мен балалардың өнеріне риза болып отырмын, тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Біздің балалар енді тағыда мерекеге арнап ән айтқысы келіп тұр.

Ән: «топ-топ балақан » әні

Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыз көріскенше,

Осымен мерекеміз аяқталды.

Бүгінгі мерекеге балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер (балалар гүлдерімен ортаға шығады)

















  1. Жүргізуші

  2. Балаларды залға шакырады

  3. Ән «Ана»

  4. Жүргізуші көктем шақырады

  5. Көктем келеді

Көктем:

Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі.

Орман, торғай, бақтарда,

Өйткені мен көктеммін.

Құстар сайрай жөнеледі,

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!


  1. Жүргізуші

  2. Тақпақтар

  3. Би «Гүлдер » көктеммен

  4. Ойын

Көктем : Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр ойынның аты «Гүл теру» ойынның мақсаты: сендер жерде жатқан гүлдерді теріп бір бірлеп маған әкеліп бересіңдер. Мен оларды басқа мерекеге апарып аналарға сыйлаймын. 2 рет қайталау

  1. Көктем қоштасады.

Балалар мен сендермен қоштасқым келіп тұр. Маған сендердің өнерлерің ұнады Мені басқа балабақшадағы балаларда күтіп отыр. . олардың да өнерлерін тамашалайын. Қош сауболыңдар.

  1. Жүргізуші

  2. Микимаустарды шақырады

Музыкамен микимаустар кіреді

Мики маус:

  1. Жан — жағыма қарасам,
    Қонақтар өте көп екен.
    Ұлдар да көп, қыздар да көп
    Апайларда мұнда көп
    Біздер мики маустармыз.
    Ақылыма көркім сай.
    Ұнаймын жұрттың бәріне
    Үлкенге де, кішіге.
    Келіп қалдым мен бүгін,
    Құттықтауға сіздерді.
    сәлеметсіңдерме достар, қымбатты қонақтар. Мен сендерді тонау америкадан құттықтауға келдік. Хелоу,хелоу,хелоу

  2. Жүргізуші

  3. Тақпақтар

  4. Жүргізуші микимаус сіздер біздерге қандай сыйлық әкелдіңдер?

Мики маус: Мен сендерге «Көңілді би» әкелдім

Би балалармен

  1. Жүргізуші ән «Топ топ балақан»

  2. Қоштасу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2024
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі