400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Аяулы анашым! атты ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге ертеңгілік өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Балалар залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді бір рет айналып тоқтайды,содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар бір-бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін өздері отырады.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\



Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап би билейміз.

Би « Ұлдар,қыздар биі»



сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай жарқын күлкісі Адия



Әлпештеген аялаған.

Ақ сүт берген анашым

Мерекеңмен құттықтайымын! Төрехан



Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады Санжар



Еркелеймін шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші келші ақ мамам Айша





Бақытты бол анашым

Орындалсын арманын

Үмітіңді аналық

Атқарар ұл қызың Әли



Анам менің қымбатты

Анам менің сымбатты

Бізге деген ісімен

Таң ағарып күн батты Бағила

Ойын .кім жылдам ?балалар аналарымен бірге жіпке кім тез орамалдар жаяды сол женіске жетеді,

Ән .анашым анажаным

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\



Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !


Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер



Алдарыңызға қазір ұлдар қыздар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Ұлдар,қыздар биі»

Көрініс ; «Үш қыз» татар халық ертегісі

Үш қыз.

(татар халық ертегісі)

Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп, оларды елден кем қылмапты. Үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты. Уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты.

Көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын Сары тиінді шақырып, өтініш жасайды.

-         Тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!

Сары тиін қыздарын іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:

-         Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.

-         Әттеген-ай! Мен барар едім, бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.

-         Анаңнан саған шаралар қымбат болғаны ма?-деп Сары тиін ашуланады. Олай болса, әрқашанда шараларыңнан айырылмай жүр!

Тиін осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.

Сиқыршы Сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.

-         Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.

-         Қап! Мен қазір-ақ барар едім. Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап береді.

Ашуланған Сары тиін.

-         Саған анаңнан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.

Сиқырлы Сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына келеді.





-         Анаң қатты ауырып жатыр, тез жет!- деп Сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.

-         Сенің жүрегің қандай жұмсақ! Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол! Жасаған жақсылығың ұмытылмасын! Адамдар сені әрқашан құрметтеп, жақсы көрсін!-деп Сары тиін қызға алғысын білдіреді.

Сөйтіп әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор бал араға айналдырады. Содан бері бал араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.

Өлең айтып беремін

Нан алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін Әли

Ақ сүтіңнен жаралған

Ақ сүтіңнен нәр алған

Анаға бас иеміз Төрехан

Үң қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен Айша

Анамды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз Санжар

Би «көңілді би»

Көктем:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?



Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?



Ойын кім жылдам? Балалар шашылған гүлдерді жинап,бір гүл шоғын құрастыру керек.

Көктем:Балалар мінің уақытым келіп қалды. Бырақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!

Ән «анашым анажаным»

Ойын .кім жылдам ?балалар аналарымен бірге жіпке кім тез орамалдар жаяды сол женіске жетеді,

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әрі ақылды екенін

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.



Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.







КММ жанындағы«Балбөбек» шағын орталығы











Shape1























Тәрбиеші: Кайыржанова С.К







2020-2021 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі