Материалдар / "Аяулы күз, алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Аяулы күз, алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша мекемелеріне алтын күз мерекесін өткізуге тиімді де қолайлы ертеңгілік деп ойлаймын. Алтын күз мерекесінде балалаға жыл мезгілдерін ажырата білуге көмектеседі деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
300
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аяулы, алтын күз


Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл- күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.

Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

1. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, әріптестер! Бүгін ортаңғы «Тұлпар» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Аяулы, алтын күз» мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кездескен соң күзбенен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

2. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер! «Аяулы, алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық

Бармысыздар, халайық,

Күзгі тойды жүп жазбай

Бірге қарсы алайық.

Тұлпар тобын қошеметпен қарсы алайық!!!! (балалар 3 рет айналады).

Бүгінгі мерекемізге орай баға беру үшін әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік:

«Балауса» балабақшасының меңгерушісі Мұқышева Динара Еркенқызы

«Балауса» балабақшасының әдіскер Махамбетова Назгүл Мағауқызы

1 Жүргізуші: Аяулы Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Құтты болсын халайық,

Күй төгілсін, күй төгілсін

Шырқап әнге салайық.

Музыка жетекшісі Әсел Амурқызының орындауында «Мерекелі» әнін қарсы алайық.

2 Тәрбиеші: Балалардың орындауында «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар!

1 Жүргізуші: Келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз. Ортаға: Амираны, Томиристі, Айшаны шақырамыз.


Амира: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.



Томирис: Керемет, тамаша

Қандай әсем күз.


Айша: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.


2 Жүргізуші: Жиналған мына халыққа,

Жыр маржанын шашайық,

Ән салып, жас кәріміз,

Би билейміз бәріміз.

Ортаға біз Иссана, Айша, Аянат, Амира, Алиша, Томиристі «Жау, жау, жаңбыр» биімен қарсы аламыз.

1 Жүргізуші: Ал, ендеше тұрмайық, ойнымызды бастайық. «Қолшатыр» ойына 7 баланы шақырамыз.

1 Жүргізуші: Біздің топтың ұлдарының орындауында «Кап, кап» биі.

2 Жүргізуші: Ал, енді тақпақтарымызға кезек берейік. Ортаға Аянатты, Иссананы, Р. Арсенді, Ықыласты шақырамыз.

Аянат: Жеміс жинау салтымыз,

Жиып теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.


Иссана: Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт,

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырды.


Р. Арсен: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті,

Сонда да біз

Қызық көк күзде.


Ықылас: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.


1 Жүргізуші: Кел балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер,

Бізде қызық ойын бар,

Ойынға әбден тойыңдар,

Ойынға да кезек берсек.

Ойынның аты «Жеміс-жидек пен көкөністерді айыра білу». Балалар бау да өсетін жемістер мен бақша да өсетін көкөністерді екі себетке салады.

2 Жүргізуші: Кезек тағы да тақпақтарға беріледі. Ортаға Алишаны және Әмірді шақырамыз.

Алиша: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.


Әмір: Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы кең далам.

Дариядай шалқып жүр.


1 Тәрбиеші: Музыка жетекшісі Әсел Амурқызының орындауында «Аппақ гүлдер» әнін қарсы алайық.

2 Жүргізуші: Аналарымыздың қыздармен бірге дайындаған қол өнерінен шыққан сәнді үлгісі киімдерін қарсы алайық. Ортаға: Иссана, Айша, Амира, Р. Арсен, Томирис, Әмір, Дайыр, Алиша, Аянатты шақырамыз.



1 Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Аяулы, алтын күз!» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып!!!!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!