400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аяулы күз, алтын күз -2018"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«Қайнар» колледжінің директоры

________проф.Х.О.Қарасаева

«____»____________2018ж.

















«Аяулы күз, алтын күз - 2018»

мерекелік шара





Өтетін орны: «Жастар үйі» акт залы

Өтетін уақыты: 16 қараша сағат 11:00

Орындаған: Жалпы-кәсіби пәндер бөлімінің меңгерушісі - Сейткожаева Г.Н





















Ақтау 2018

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз - 2018»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2018» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханзадасын және күз ханшайымын анықтау. Студенттердің тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, студенттердің сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.

«Аяулы күз, Алтын күз – 2018»

1 Жүргізуші:

Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Азамат
Бұл қай кезде болады?

2 жүргізуші:
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Аслан
Күзде ғана болады.


1 Жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар, студенттер! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір білім ордаларында осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз – 2018» мерекесімен құттықтаймын.


2 Жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік


1 Жүргізуші:
Сайыс бес бөліммен тұрады:
1.
«Кел танысайық» атты өздерін таныстыру кезеңі.
2.
«Күзгі вальс»
3.
«Күздің сыйы» атты кезеңде Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жасаған жұмыстарын көрсетіп, қорғау.

4. «Өнерің өрге жүзсін» кезеңінде ханзадалар мен ханшайымдардың өнерлерін тамашалайтын боламыз.

5. «Жарасып тұр сәніміз» атты кезеңде ханзадалар мен ханшайымдарымыз тақырапқа сай сән үлгілерін көрсетеді.


2 Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.


Әділ қазылар:

  1. ....................................................................................................................

  2. ....................................................................................................................

  3. ....................................................................................................................

  4. ....................................................................................................................


1 Жүргізуші:

«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Кел танысайық» сайысы! Ортада 1 – ші жұп:


2 Жүргізуші:

Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер:


1 Жүргізуші:

Өнерлінің жүзі жарқын,
Шығара білсе жарыққа дей келе,- колледжіміздің 2 курс студенті Омарова Айгерімнің орындауында би ..........


2 Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 – тур: «Күзгі вальс»


1 Жүргізуші:

Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың биін тамашалап болсақ, жұптарымыздың білімдері мен үй тапсырмасын сынап көрейік. «Күзгі сыйы» атты келесі кезеңде жұптарымыз Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жасаған жұмыстарын қорғайды.


2 Жүргізуші:

№1. билет
1. Қыркүйек айының ескі аталуы қалай? (мизам)
2. Күзеу тозған оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң – тозаңы
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы. Кімнің өлеңі? (Абай)
3. «Өнер-ағып жатқан бұлақ..........» мақалдың жалғасын тап (Білім-жанып жатқан шырақ)


1 Жүргізуші:
№ 2. Билет
1. Қазан айының ескі аталуы? (ақырап)
2. «Арасынан қыл өтпейтін» деген сөздің мағынасы (тату, дос)

3. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз? (Адыраспан, дермене, қараша.)

2 Жүргізуші:

№3. билет
1. Қараша айының ескі атау? (қауыс)
2. Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған. Деген өлең жолдары қай ақындікі? (Ы.Алтынсарин)
3. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
(Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде)


1 Жүргізуші:
№4 билет
1. Тамыз айының ескі атауы (сүмбіле)
2. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.- өлең жолдарын жазған ақынымызды атаңыз? (Мұқағали)
3. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)


2 Жүргізуші:

№5. Билет

  1. Қазақша жыл атауларын ата.(тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз )

  2. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
    Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.

  3. Сұр бұлт түсі суық қаптайды сапан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Өлең- шумақ жолдар қай ақындікі? (А.Құнанбаев )

1 Жүргізуші:

№6. Билет

  1. Қазақстанның туының авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

  2. Қабанбайдың шын есімі кім? (Ерасыл)

  3. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан көрші мемлекет?(Ресей)

2 Жүргізуші:

Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар
Үннің тәтті оралған мәні оятар
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап
Жа болашақ көңілді жақсы уатар - деп Ортаға колледжіміздің 3 курс студенті Әлімбай Азаматты «--------» әнімен ортаға шақырамыз қарсы алыңыздар

1 Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші ханзада мен ханшайым,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

2 Жүргізуші:

Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. «Жарасып тұр сәніміз» атты кезеңді ханзада мен ханшайымдарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар.


1 жүргізуші: Ән..................................


2 жүргізуші: Сонымен, Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген. арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ………


1 жүргізуші: Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.


2 жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.


1 жүргізуші:
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Аяулы күз, алтын күз - 2018» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз - 2018» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды. Фанфар ойналады.

2 жүргізуші:
Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәріңде аман болыңдар. Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.


  1. жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі