400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аяулы менің - анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Аяулы менің - анашым"

Тақырыбы: «Аяулы менің - анашым»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

1 Жүргізуші:Құрметті ақ жаулықты әжелер,асыл жанды аналар!Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!Бұл аналардың жылына бір рет келетін төл мерекесі,Дендеріңіз сау,еңбектеріңіз жемісті болсын!

2 жүргізуші:Адам үшін ең аяулы,ең қастерлі жан-Ана.Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын,жылы жүзі,ыстық құшағы мен мейірімін,махаббатын арнайды.

1 ж:Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді, рухтандырады.

1 ж:

Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!

2ж:Ендеше құрметті қонақтар бүгінгі «Аяулы менің - анашым» атты кешімізге қош келдіңіздер!


І Альбина

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық ,алтын бақ.





Ана деген- асыл жандар болаттай,

Ана десең- мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.





Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнап еді бар әлемге тыныштық.



Ана десем –бәйшешектей жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.





Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ерсұлтан

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-



Ана деген- асыл жандар болаттай,

Ана десең- мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.



Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнап еді бар әлемге тыныштық.





Ана десем –бәйшешектей жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.



Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.



Әрдайым ана сөзін тыңдайық

Аялайық,қайда жүрсек жырлайық.

Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан,

Аналарды құрметпенен сыйлайық.



Анамның жылы –жылы сөздері,

Көңілімнің өсуіне себепкер.

Анашымның мейірімді көздері,

Өмірімді әрқашан да гүл етер.

Саят

Анашымның қас қабағы түспесін,

Қайғыланып, жүзіне әжім салмасын.

Анасына еркелеген әр бала

Анасы үшін тек жақсылық жасасың!



Даниал

Асыл анам,анашым,айтар әнім,

Аймалаумен бейнеңді жай табамын

Аман жүрсем ақ сүтіңді,

Жыр гүліммен қайтарамын

Жалғас

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі,

Әдемі сөз адамның

Анаңа айтар лебізі

Ержан

Тау қопарып, тасты үгіп,

Тұрғыздың сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай аламын мен, ана.



Айлана

О,құдіретті анам!

Таянышым тірегім

Бар бақытты бір басына тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!



1. Дархан

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың,

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

Сен жалықпай жетектеп

Мен асыға жетермін

Муслим Айтқанынды екетпей

Мәпелейсің мені анам Ақ сүтіңді өтермін.

Қолындағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

  1. Рахим 4. Елдана

Ана- біздің күніміз, Ана деген- асыл ғой

дананың

Ана біздің гүліміз Ана деген- сағынышы ғой

баланың

Ұландарды қуантып, Бұл өмірге қуанышпен

нұр төккен

Ұзақ өмір сүріңіз Бас иеміз алдында ананың



Әмірхан Алишер

Қуанышқа бөленетін халықпыз Аналарды сүйеміз

Ана сыйлау дәстүріміз салтымыз Сөзін ойға түйеміз

Жыл құсындай әр көктемде келетін Әжені де ардақтап

Құтты болсын 8- наурыз мерекеміз Әдеппен бас иеміз.



5. 6.

Айтсан болды тіл алам Біз доспыз гүлдермен

Әйбат мамам, ай мамам Текке оны жұлмаймыз

Сені көрсем қуанам Той күні бір - бірден

Сен керексің қайда да Анаға сыйлаймыз.





Айдар

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.


Әбілмансұр

Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды



ІІ. Өлең «Анаға сыйлаймыз»

ІІІ. Би Вальс

Ойын «Гүл сыйлау»

ІY. Әже туралы өлеңдер

Аяулым

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.



Карим

Әжем менің ақәжем

Ақыл беріп үйреткен

Әжем менің пәк әжем

Мейірімді тербеткен





1 ж:Ана,Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді,Дүниеде ананың мейіріміне ,аялы алақанына не жетеді?

2ж:Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтец алмайсың»деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.



Асыл анам,анашым,айтар әнім,

Аймалаумен бейнеңді жай табамын

Аман жүрсем ақ сүтіңді,

Жыр гүліммен қайтарамын



Жалғас

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі,

Әдемі сөз адамның

Анаңа айтар лебізі







Ержан

Тау қопарып, тасты үгіп,

Тұрғыздың сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай аламын мен, ана.



Y. Өлең «Ақ мамам»

YІ .Сыйлықтар беріледі

Оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.

YІІ .Ойын «Кімнің баласы?»



2-жүргізуші

Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.

-Ұлдар қыздар мен аналарын құттықтап би билейді

ІХ.Қыздарға сыйлықтар таратылады

-Келесі кезекте мың бұралған 3 сынып биші қыздарын ортаға шақырамыз

Х. . Би «гүлдер»



1ж:Ана,Ана,Ана,!не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түпкірінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.Ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде?

2ж:Егер барлық адамдарда ананың мейіріміндей мейірім болса,жауыздық жер бетінен өшер еді.Жер бетінде тыныштық болса екен деп,балам жақсы азамат болып өссе екен деп аналарымыз тыным таппайды.

ХІ.Өлең «Құттықтаймын мама»

1ж:Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі "Аяулы менің - анашым" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет.

Мерекелеріңіз құтты болсын

Бастауыш сынып мұғалімі:Жазитова Г.Т.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі