Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аяулы менің анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аяулы менің анашым

Тақырыбы: Аяулы менің анашым
Түрі: ауызша журнал
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілерді таныстыру.
1-
жүргізуші: Аяулым
2-
жүргізуші: Дидар

Жоспары: Журналдың бетшелеріне шолу
1-
бет: Кіріспе
2-
бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)
3-
бет: «Болашақ шақ-бақытты шақ» (әңгімелесу)
4-
бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
5-
бет: Сөзжұмбақ
6-
бет. Суреттер

ІІ. Негізгі бөлім
1-
жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.

1-бет: Кіріспе сөз
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,
мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып, дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8 - наурыз күнін ұсынады. (К. Цеткиннің туған күні де 8 - наурыз). Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8 - наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар. Ол 8-наурыз мерекесі.
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Хормен: Анашым әнін орындау
1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)
Қазбек : «Анаға сыйлаймыз»
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз. А. Бақтыгереева

Ақерке : «Апама»
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын. М. Хакімжанова

Сымбат : «Анамызға мың алғыс»
Аялаған , баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс!

«Адал бол, - деп балдырған»,
Әділдікке баулыған,
Жүрегін де баулыған,
Тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс!

1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,
Әпкелер мен бауырлар, балалардың.
Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,
Бұл күндер көксеген даналардың.

Ән: Ақ мамам




3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу)
Әңгіме: «Анамның қолдары»
Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді.
Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді:
«Анамның қолдары. ...
Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»
Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па?
Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді.
Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді.
Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен:
- Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді.

Ән: «Анашым» орындайтын. Диана
2-жүргізуші: Білмесең надан боласың,
Жау қолында қаласың,
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылың жетіп толасың!

4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
Санжар: Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
Саят: Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Асылан: Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Дарын: Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
Бекболсын: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».

Жанерке
: Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
Ақниет. Н: О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
А
льфия: В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».

1-жүргізуші: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
5-бет: Сөзжұмбақ
- Бүгінгі мереке иелері аналарымызға арнап сөзжұмбақ құрастырылып келген болатын, сол сөзжұмбақты шешу.
2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
6-бет. Суреттер
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тамашалау.
ІІІ. Қорытындылау
1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.
Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Би: Үнді биі.

Ән: «Апатайым анашым» орындайтын Сандыбекова Г.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2019
691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12