400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аяз атаның қолғабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Аяз-атаның қолғабы.

Музыка әуенімен залға балалар кіреді. Шырша алдында шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші:

Жасыл шырша төгілген алдымызда,

Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.

Аман болсын отбасымыз деп алайын,

Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.

Ортада таңдандырып талайды,

Шыршамыз жасарып жайнайды.

Құбылып, құлпырып айнала,

Сиқырлы сәулелер тарайды.

  • Балалар қараңдаршы қандай әсем шырша! Ойыншықтар қандай әдемі! Айтыңдаршы балалар біз қандай мерекені тойлауға келдік?



Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Дұрыс балалар! Біз бүгін жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. Жаңа жыл мекересі құтты болсын! Ендеше біздің балалардың жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтары бар екен, кәне тыңдап көрейік!



Іңкәр: Жаңа жыл,Жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.



Нұртас: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.



Сабина: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.



Кәусар: Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.



Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.



Гүлдей: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле-төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.



Нұршат: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

1-жасқа енді.



Аяна: Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ атамыз.



Ажар: Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.



Айдана: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.



Махаббат: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған,

Келді сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.



Гүлсезім: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды,

Қонақтардың бәрінде.



Расима: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.



Мұхаммеджан: Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін,



Төрімізге ол шыққан.



Әділет: Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын,

Біз тілейміз жаңа жылдың пәктігін.



Александра: Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау, қарлы шың.



Ән: « Жаңа жыл келді»

(Шырша астында үш қолғап жатады.)



Жүргізуші: (қоянның қолғабын алып) Балалар қараңдаршы шырша астында қолғап бар екен. Кімдікі екен сендер білмейсіңдер ме?



Балалар: Жоқ білмейміз!

(Музыкамен залға қоян жылап кіреді)



Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Қоянмын! Шырша жанында билеп, мен қолғабымды жоғалтып алдым! Сендер көрген жоқсыңдар ма?



Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Қоян! Қарашы мүмкін мынау сенің қолғабың шығар! Кәне, киіп көрші! ( Қоянға кигізеді)



Қоян: Ия, бұл менің қолғабым! Рахмет! Балалар айтыңдаршы сендерде қандай мереке болып жатыр?



Жүргізуші: Біз балалармен жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.



Қоян: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Ал мен көңілді Қоянмын, мен билеуді ұнатамын, кішкентай достарымды билеуге шақырамын.



Би: «Сұр-көжек»



Жүргізуші: Рахмет саған Қоян сен біздің балалардың көңілдерін көтердің, енді біздің балалардың тамаша әнін тыңда.



Ән: «Шырша»



Қоян: Балалар менің кететін уақытым болды, мерекені жақсы өткізіңдер, сау болыңдар.



Жүргізуші: (Аюдың қолғабын алып)

Балалар бізде тағы бір қолғап қалды, кімдікі екен?





(Музыкамен залға аю мұңды болып кіреді)



Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Кеше осы шырша алдында ойнап жүріп қолғабымды жоғалтып алдым! Сендер көрген жоқсыңдар ма?



Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Аю! Қарашы мынау сенің қолғабың емес пе, кәне киіп көрші. (Аюға кигізеді)



Аю: Ия, бұл менің қолғабым! Рахмет сендерге! Балалар сендер қандай мерекені тойлап жатсыңдар?



Жүргізуші: Біз балалармен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз, кел сенде біздің балалармен бірге тойла.



Аю: Балалар, мен ойнағанды жақсы көремін, менімен ойнайсыңдар ма?



Жүргізуші: Әрине ойнаймыз! Ал қандай ойын:



Ойын: «Кім шапшаң»



Аю: Ал, балалар, келіңдер шыршаны айналып, әдемі би билейік!



Би: «Сылдырмақ»

(Балаларды орнына отырғызу)



Аю: Ой, жарайсыңдар, шетінен өнерлі екенсіңдер. Балалар мені басқа да достарым күтіп қалды, Жаңа жылдарың құтты болсын, сау болыңдар!

(Музыкамен залға Аяз ата мен Ақшақар келеді)



Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай достарым! Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жақсы бала болып өсіңдер!



Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл сендерге қуаныш әкелсін. Ата қараңызшы қандай әдемі шырша! Ал балалар шыршамыз неге көңілсіз, кәне келіңдер шырша шамдарын жағайық, ортаға келіп шеңберге тұрыңдар.



Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат. (3рет) Шырша жанады.



Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»



Жүргізуші: (Аяз Атаның қолғабын ұстап тұрады)

Ата сіз ештеңені жоғалтқан жоқсыз ба?- деп қолғабын көрсетеді.



Аяз Ата: Балалар бұл менің қолғабым ғой! Кәне әперіп жіберіңдерші!



Жүргізуші: Аяз Ата қолғабыңызды өзіңіз ұстап алыңыз.



Ойын: «Аяз Атаның қолғабы»



Аяз Ата: Балалар мен шаршап қалдым!



Жүргізуші: Олай болса сіз отырыңыз балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар:



Аделя: Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз Ата оралып.



Дулыға: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз Атаны.

Дамина: Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз Атадан,

Сыйлықтар алдық.



Асылтас: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз Ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.



Адия: Тақпақтарды жаттадық,

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз Ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.



Айханым: Шаттық жыр, шаттық жыр,

Дидарында шаттық нұр.

Аяз Ата ортада,

Арқасында қапшық тұр.



Ұлбала: Аяз Ата келеді,

Бізге сәлем береді.

Сақалының ұзыны-ай,

Кесіп алсам шіркін-ай.



Сұлтанби: Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.



Жауса, жаусын ақша қар,

Гүлдене бер бақшалар.



Бейбарыс: Билейміз де, ойнаймыз.

Балғын ұл-қыздар.

Жаңа жылда жайнаймыз,

Жарқын жұлдыздар.



Ұлан: Жылда осылай келеді,

Көп қуаныш береді.

Шашу етіп біздерге,

Ақ күмісін төгеді.



Назым: Көрікті, бөрікті,

Аяз Ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.



(Қыздарды биге шығарып жіберу)



Ақшақар: Аяз Ата қараңызшы, қаншама ұлпақарлар бар, олар бізге өнерлерін көрсеткісі келіп отыр, тамашалап көріңіз, кәне келе қойыңдар, ұлпақарларды алып шығады.



Би: « Ұлпақарлар биі»



Аяз Ата: Ой, балалар рахмпет сендерге, шетінен биші, әнші екенсіңдер, мен біраз демалдым, мен сендермен ойын ойнағым келеді.



Жүргізуші: «Ия» деп жауап береді.

Ендеше шеңберге тұрайық, келіңдер.



Ойын: «Тығылмақ»



Аяз Ата: Ойынның мақсатын түсіндіреді. Мен сендерге көздеріңді жұм дегенде көздерінді жұмасыңдар. Аш дегенде ашасыңдар. Ақшақар апай 1,2 баланы жауып тастайды, кім жоқ қараңдар, балалар кім жоқ екенін айтады, соңында сыйлықтарды жауып тастайды)



Жүргізуші: Балалардың барлығы бар сияқты, ал енді не бар екенін қарайық?



Аяз Ата: Бұл менің сыйлықтарым, мен сендерге әкелдім, бәріңе жетеді.

(көрсетеді, бірақ таратпайды.)



Аяз Ата, Ақшақар: қоштасып шығып кетеді.

(Соңында Аяз Ата мен Ақшақар топқа бірге кетеді)







№26 ''Қарлығаш'' бөбекжайы







Аяз атаның қолғабы





Тәрбиеші: Отарбаева Ақмарал

Абдуллақызы













Ақтау- 2016- 2017

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі