400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Аудан және оны өлшеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
математика ҚМЖ 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні


Мұғалім

Салимбаева Сауле Какитаевна

Сынып

3

Пәні

Математика

Сабақтың тақырыбы

Аудан және оны өлшеу.

Оқу мақсаты

3.1.3.1. Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу. Палетка

Сабақ ммақсаты

Барлық оқушылар: Ауданы болатын нысандарды анықтап, бірін-бірі беттестіріп ауданын салыстыру.

Көптеген оқушылар: Фигуралардың ауданын өлшеуге арналған өлшемдерді анықтау.

Кейбір оқушылар: Палетканы пайдалану арқылы заттардың ауданын салыстыру, дәлелдеу


Бағалау критерийлері

Геометриялық фигураларды беттестіру арқылы және көз мөлшері арқылы ауданын салыстырырады.

Палетканы пайдалану арқылы фигуралардың ауданын анықтайды, дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Салыстыру, беттестіру, палетка,помогатор (кейіпкердің көмекші сөмкесі)

Құндылықтарды дарыту

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығын негізге ала отырып ,топтық жұмыстар, жұптық жұмыстарды бірігіп орындау арқылы оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек ( фигураларды жабыстыру, бояу барысында пайдаланады).

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта (заттың ауданы туралы ақпаратты беру мақсатында), интернет желісі (iMektep.kz, youtube сайттарынан балаларға арналған түсіндірме бейнебаян көрсетіледі)

Бастапқы білім

Геометриялық фигуралары ,кеңістік фигуралары,аудан .

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

(5мин)
















1.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

« Бүгінгі күнге бәріне сәттілік тілеймін»

-Балалар бүгінгі күнді жақсы көңіл-күймен бастайық. Ол үшін орнымыздан тұрамыз, бәріміз қолдарымызды жоғары созып күннен қуат алайық. Енді бір-бірімізге қарап алақандарымызды біріктіріп, бүгінгі күнге бәріне сәттілік тілейік.(Қолдарын беттестіріп, әр саусақтарын біріктірген кезде бір сөзден айтады.)

-Балалар бүгінгі сабағымызға мультфильм әлемінен қонақтар келген екен.

-Сендер оларды таныдыңдарма? (интербелсенді тақтада анимация шығарылады, «Фиксики» мультфильмінен Нолик пен Симканың бейнесі шығады.

Олар бізге қызықты тапсырмалар әкеліпті,орындаймызба?

2.Топқа бөлу: әр түрлі фигураларды таңдау арқылы . Ендеше мына помогатордан бір фигура таңдап алыңдар.(Шаршы, үшбұрыш,дөңгелек). Оқушылар бір фигурадан таңдайды. Топ басшысын сайлайды.

3.Бастапқы білім:

Тақтада бейнеленген геометриялық фигураларды жіктеңдер.Әр топтан бір оқушыдан кезекпен шығып, сәйкестендіреді.

1( Төртбұрыштар)

2(Үшбұрыштар)

3(Дөңгелектер)
















Интербелсенді тақта,анимация





Көмекші сөмке(помогатор),геометриялық фигуралар қимасы














Интербелсенді тақтада шыққан геометриялық фигураларды тақта қаламын пайдаланып сәйкестендіреді.

Сабақтың ортасы

(8мин)









Топтық жұмыс


(5мин)























Жұптық жұмыс

(5мин)
































СЕРГІТУ СӘТІ:

(3мин)














Жеке жұмыс (8мин)










Кіріспе:


-Қолдарыңдағы фигуралардың алып жатқан орнын недеп атаймыз?(Аудан)

Аудан ұғымын түсіну үшін тақтаға назар аударайық. ( iMektep.kz-сайтының видеоролигін тамашалайды)

Ашық сұрақтар:

Қандай заттардың ауданнын анықтауға болады?

Аудан дегеніміз не? Оны қалай өлшеуге болады?

Саралау жұмысы:

1.Тақтада келесі тапсырманы таңдайды.

Берілген фигураларды беттестіру арқылы аудандарын салыстырыңдар. (кітап, дәптер,қаламсап,шаршы,үшбұрыштың ауданын партаның ауданы мен, бір-бірінің ауданымен көз мөлшерімен өлшеп,беттестіру арқылы салыстырады)

Д:

*Берілген фигуралардың атауын дұрыс атайды

*Беттестіру арқылы ауданын салыстырады.

*Көз мөлшері арқылы ауданын салыстырады


БАҒАЛАУ: Топ басшысының бағалау парағы арқылы

Аты-жөні

Атауын дұрыс айтты

Беттестіру арқылы дұрыс салыстырды

Көз мөлшері арқылы дұрыс салстырды






2. Әр жұпқа фигуралар беріледі. Оның ауданын өлшеуге тиімді өлшем бірлікті анықтап, оны түрлендір.

Мысалы: 2 дм=20cм,

2дм=200мм

Д:

*Берілген фигураның атауын анықтайды

*Өлшеуге тиімді өлшем бірлікті анықтайды

*Өлшем бірліктерді түрлендіреді.Әр жұпқа фигуралар беріледі. Оның ауданын өлшеуге тиімді өлшем бірлікті анықтап, оны түрлендір.

Бағалау:

Помогатор –бейнесі салынған қағаз қималарын беру арқылы әр жұп бірін-бірі бағалайды.

Өте жақсы: жасыл

Жақсы: сары

Орташа: көк

Фиксиктер биін билейді. Интербелсенді тақтада бейнебаянға қарап іс-қимылын қайталайды.

3. Келесі тапсырманы орындау үшін фиксиктерден көмек сұрайық. Палетка –дегеніміз не? Оны неден жасайды? Палеткамен заттардың ауданын қалай есептейміз?

Ол үшін тақтаға назар аударайық: Палетка туралы толық ақпарат беріледі. Есептеу формуласы таныстырылады.

Палетка- заттың ауданын табуға арналған , тең шаршыларға бөлінген мөлдір пластина.

Палеткалар таратылады.


Әр оқушыға геометриялық фигура бейнеленген парақшалар таратылады.

Тапсырма: Палетканы пайдаланып берілген фигураның ауданын тап.

Д:

*Берілген фигураны палеткамен беттестіру арқылы толық торкөздерді санайды

*Толық емес тор көздерді санайды

*Толық емес торкөздерді қосып 2-ге бөледі

*Толық және толық емес торкөздерді қосады

Бағалау: көршісімен алмасып бірін-бірі бағалайды. (Жауабы тақтада кқрсетіледі) Помогатор жабыстырады.



Интербелсенді тақта (iMektep.kz-сайтының видеоролигі)








Шаршы,үшбұрыш,кітап,дәптер,қаламсауыт

























Геометриялық фигуралар,помогатр суреті бейнеленген қағаз қималары
















Интербелсенді тақтада youtube-сайтынан фиксиктер биін қарап,қайталайды














Бейнебаян. Дайын палеткалар

Парақшалар















Помогатор суретшелері


Рефлексия

(3мин)

Берілген парақшаларды толтыр:

Аудан-

Аудан өлшем бірліктері-

Палетка –


парақшалар

Кері байланыс

(3мин)

«Помогаторлар» помогаторға жазып кейңпкерлерге жабыстырады.

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Помогаторлар суретшелері, тақта

Үй тапсырмасы

Әр балаға таратылған фигураның ауданын палетка арқылы тауып келу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі