400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аудандық семинарда өткізілген ііс-әрекет:" Ұлттық мұра-қазынамыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар қазақ халқымыздың құндылықтарымен танысу арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, жалпы адами құндылықтарды, коммуникативтік танымдық дағдыларды, шығармашылық қабілеттерді, өз түсініктерін, ойларын, сезімін көркем тілде жеткізе білуге үйренді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлттық мұра қазынамыз!»

Мақсаты: Балаларды қазақ халқымыздың құндылықтарымен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, жалпы адами құндылықтарын, коммуникативтік танымдық, шығармашылық қабілеттерін, қиялдауын, өз түсініктерін, ойларын, сезімін көркем тілде жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиеші:

Сәлем бердік баршаңызға!

«Бүлдіршін» ауылына қош келдіңіздер!

Келіңіздер! Келіңіздер!

Төрімізге еніңіздер! (Биші қыздармен, ата-әжемен қонақтарды қарсы алу)

Қонақ келсе, құт келгені халайық!

Қонақтарға әсем биді арнайық!

«Қыздарымыз ұлттық киіз үй» биімен қонақтарды қарсы алады.

(Зере, Айым С, Шара, Асия) қолдарында кішкентай киіз үй.

(Ата-Раян Е, Әже-АяулымЗ) самаурыннан шай ішеді.

Тәрбиеші: Шашу, шашу, шашу!

Қадірлі қонақтар «Ұлттық дәмханаға» жайғасыңыздар!

«Ұлттық дәмхана»

Қазақтың ұлттық тағамдары: Ас атасы-нан! Сүт өнімдері – май, қаймақ, құрт, ірімшік.(Келген қонақтар ұлттық дәмханада отырады)

Picture 43 Picture 46


Тәрбиеші: Бүлдіршін ауылында «Ұлттық дәмхана» «Ұлттық шеберхана»

«Ұлттық сиқырлы асық алаңы» бар. Келген қонақтар«Ұлттық дәмхана» жайғасады.

«Ұлттық шеберхана» -2 шақыру билеті;

«Сиқырлы асық» алаңы -2 шақыру билеті таратылады.

Арнайы шақыру билетін алған қонақтарымыз шеберханаға, сиқырлы асық алаңына келіңіздер!

(Шақыру билетін алған қонақтар өз орталықтарына өтеді)

Тәрбиеші: Балалар өздерің қалаған орталыққа бара қойыңдар!

«Ұлттық шеберхана»

Тәрбиеші: «Ою-өрнек» сыр шертеді.

Қыздар ұлттық шеберханаға қош келдіңдер!

Қыздар шеберханада нелер бар екен?

Оюлар.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар! Оюлар.Сендер бұл оюлардың аттарын білесіңдер ме?

Picture 37

Балалар ұлттық ою-өрнегімізді қай жерде жиі кездестіреміз!

Балалар: Ұлттық киіз үйде;

Ұлтық ыдыстарда;

Ұлттық киімдерде;

Тұрмыстық заттарда;(Кілемде,жастықта,текеметте)


Олай болса балалар бізде бүгін түрлі –түсті дайын қиылған

ою-өрнектердің атын атап,дайын үлгімен текемет құрастырайық!

Құрастыра аламыз ба?


(Әмина,Аяулым,Әмина Қ,) дайын қиылған оюлардың атын атап,текеметті суреттейді)

(Асия,Зере) дайын «Құс қанаты» оюын дәстүрден тыс сурет салу өнері арқылы су бояқтың, қылқаламның көмегімен көк түске бояйды.

(Айым) адасқан оюларды түстеріне сәйкестендіреді.

2.«Сиқырлы асық» ойын алаңы

«Құмдағы сиқырлы текемет» (Құм терапиясына арналған стандартты тақтайша,,құм,дымқыл сүлгі ,асықтар)

Таза құм тақтасына асықтың тәйке жағымен бір-біріне қиғаштап жолақ ретінде қойып шығамыз.Содан соң текеметтің ішіне әсем гүлдеріміздің күлтешелерін де,асықтың тәйке жағымен орналастырамыз.Текемет сұлбасы дайын.Енді алақанымызға түрлі-түсті боялған құмды уыстап алып,асықтың үстіне ақырын себелеп шығамыз.Болған соң асықтарды Picture 19 Picture 28

ұқыптап құмнан аламыз.

Міне,біздің «Құм бетіндегі текеметіміз» дайын! (Шара)


«Асықты кілемше»ойыны. Бұл ойынның шарты кілемшенің төрт түрлі түсті бұрыштарына асықтарды түстеріне қарай топтастыру.Асықтарды киелі 7санымен сәйкестендіріп санау. (Қасым,Мағжан) Picture 16

«Асығым алшысынан түс» ойыны асықтардың ішінен сақа асығын таңдап алып,асықты шиіріп, алшысынан түсіріп ,ортадағы қазандықтан асық ұтып алып,қоржынын толтырады.Ойын соңында ұтып алған асықтарын санап,жеңімпазды анықтайды.(РаянЕ,Ерали,Бақдәулет,Мереке)

«Жүн сабау» сергіту.

«Келіншек» күйі ойналады.Әуенге қыз балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойы айналып,қазақша би билеп,ортадағы жүнді билеп отырып сабайды. Ер балалар түрлі-түске боялған топай асығын, екі-екіден алып, күй ырғағымен оркестрде ойнайды. Picture 31

«Ғажайып киіз үй» алаңында

«Ұлттық құндылықтар жиынтығы»жинақталған.

«Ұлттық тағамдар»

«Ұлттық киімдер»

«Ұлттық аспаптар»

«Киіз үй жабдықтары»

«Ою-өрнектер»

Балалар ұлттық құндылықтар туралы өз білгендерін ортаға айтады.Сұрақтарға толық жауап беріп,бүгінгі іс-әрекетті қорытындылайды,

Әже (Аяулым) балаларға бүгінгі білімдері үшін ыстық бауырсақ таратады,Ата (РаянЕ) ақ батасын береді.

Раян Е:Дастарханың бай болсын!

Қазан-ошағың май болсын!

Төрт-түлігің сай болсын!

Көңілің толып жай болсын!

Бергеннен Алла танбасын,

Көбейе берсін мал басың!

Өсе берсін жан басың!

Арманың көкке самғасын!

«Әумин!

Ұлттық мұра қазынамыз!

Тәліміңнен нәр аламыз! (Балалармен бірге)



































Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша

білім бөлімінің жанындағы Қажымұқан ауылының

«Қошақан» бөбекжайы

МКҚК




«Ұлттық мұра қазынамыз»

Коммуникативтік дағдыларды дамыту және шығармашылық дағдыларын,зерттеу с-әрекеттерін дамыту бойынша кіріктірілген

іс -әрекет





Picture 60



Тәрбиеші:Жумагамбетова Г.К.





2023-2024 оқу жылы



Picture 23 Picture 22

Picture 21

Picture 5



Picture 20 Picture 19 Picture 17 Picture 18 Picture 14 Picture 9 Picture 6 Picture 7 Picture 4 Picture 2

Picture 4



Picture 1











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі