«Арман»
шағын орталығы тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні:
11.02.19ж.
Тәрбиеші: Ахметжанова
АМ
Білім беру саласы:
«Таным»
Пән:
Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып:
«Техника және біз»
Тақырыбы:
«Әуе
шарында кім тұрады?»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Өсімдіктердің өсуіне ауаның қажеттілігі
туралы балаларға шешім шығаруға әкелу.
Эксперимент
жүргізу кезіндегі балалардың қауіпсіздік
ережесін сақтауынна дағдыландыру.
Оқыту:
Ауа
туралы алғашқы білім беру. Оның
қасиеттерімен таныстыру.
Педагогикалық
технологиялар:ойын
технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: шар,
целофан қалта, түтікше , пластик стакандар,
лента, су, салфетка, банка, желпуіш,
леген, ермек саз, сабын көпіршіктер.
Билингвалдық компонент
(ортаңғы тобы):
ауа-воздух.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Сәлеметсіздерме,балалар!
Менің атым Негеш. Мен сендерді өзімнің
зертханама шақырамын.
2.
Негізі бөлімі:
– Сендер
зертхана дегенді білесіңдерме?
– Қандай
ақылдысыңдар.Әрине зертхана- тәжірибе,
эксперимент жасайтын арнайы орын.
– Сендер
тәжірибе жасауды ұнатасыңдар ма?
Онда сендермен тәжірибе
жасамас бұрын қауіпсіздік шараларын
еске түсірейік.
Үлкеннің рұқсатынсыз
-орныңнан тұрып жүруге;
-құрал-жабдықтарды ұстауға;
-ауыз, мұрын, құлаққа танымайтын
затты апаруға болмайды.
-Жұмбақ жасырамын жауабын
табыңдар. Осы бөлмеде не өте көп, бірақ
оны біз көрмей тұрмыз?
-Қалай ауаны көріп,сезе
аламыз?
-Балалар ауаны көріп білу
үшін, бірнеше қызықты тәжірибелер жасап
көрейік.
1-ойын-эксперимент «Ауаны іздейік»
Біздің айналамызда ауа бар. Ол бізге
көрінбей тұр, оны қалай
табамыз. Ол үшін бәрің терең дем алып,
демді қайта шығарыңдар.
-Не жұтып, нені шығардыңдар?
-Ал оны көрдіңдер ме?
-Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Тыныс
алу, тыныс шығару жолдары арқылы ауа
өкпеге барады, өкпедегі жіңішке түтікшелер
арқылы қанға барады,өкпедегі жіңішке
түтікшелер арқылы қанға өтеді де, ал
ондағы зиянды, керек емес ауаны сыртқа
шығарады.
2-ойын-эксперимент «Ауаны көру үшін,оны
ұстап ал»
Ауа бөлмеде көрінбейді. «Ауаны көру
үшін,оны ұстап ал» тәжірибесін
жасайық.
Целофан қалтаны балаларға таратып,
ішіне ауа толтырып аузын бекітуін айту.
Ауа толған қалта жастыққа ұқсайды. Енді
қалта аузын шешіп, ауаны жіберейік
кішкене, бос болып қалды. Осылай 2-3 рет
жасаймыз.
-Қалта қандай көлемде? Қалтада не
бар?
-Біз не туралы білдік? Ауаның түсі
бар ма екен?
№ 1-тәжірибе «Желпеуіш»
Өздерің дайындаған желпеуішпен желпіп
көріңдер? Беттеріңе самал леп соғады.
Бұл не?
«Мен мұндамын.Мен сенің айналандамын»
дейді. Ауа қозғалып беттеріңе жұмсақ
леп беріп жатыр.
Не үшін желпеуіш керек екенін, қазір
оның орнына желдеткіш,
кондиционер қолданылатын айту.
№2-тәжірибе. «Толқындар»
Әр балаға су толтырылған леген беріледі.
Ішінде қағаздан дайындалған қайық бар.
Қолындағы желпеуіштерімен қайықты
желпиді.. Желпеуіш қозғалған сайын,
ауаны қуып жатқандай сезінеді.
3. Қорытынды:
-Міне,балалар,бүгін сендер
топта отырып, онсыз өмір, тіршілік
болмайтын ауаның қыр-сырымен таныстыңдар.
Мынау суреттегі ауе шары ауа арқылы
жоғарыға көтеріледі, жел оны алға қарай
ұшуға көмектеседі. Әуе шары - ол көлік.
Ауа-түссіз, судан жеңіл,
иіссіз, қозғалатынын сипап сезіп, көз
жеткіздіңдер.
Балалар өз ойларын баяндайды.